Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3.2 Сурет. Жиілікті фазалық автоматты реттеушісі бар тсқ құрылымдық сұлбасы

ФД шығысындағы басқарушы кернеу дискретті сипатқа ие болғандықтан, БГ жиілігінің үздіксіз реттелуін кернеуін интегратор арқылы – төменгі жиілік фильтры өткізіп іске асыруға болады. Ары қарай бұл сигнал тұрақты тоқ күшейткішімен күшейтіледі және БГ жиілігін ТЖБ түсетін жиілігіне реттеуді іске асырады.

3.2,б суретінің сұлбасында БГ тактылы жиілігі - басқару сұлбасы БС арқылыжиілік бөлгішінің ЖБ кірісіне түсетін импульс санының өзгеруінен өзгереді. Басқару ФД шығысындағы сигналмен іске асады, ол реверсивті санаушы негізінде жасалған, цифрлық интегратор арқылы өтеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Уақыттық топ құру жабдығының функционалдық түйіндері

2. Есте сақтау құрылғысының СҚ жұмыс істеу принципі

3. СҚ жады саны негі байланысты болады?

4. СҚ көлемін ұлғайтудың қажеттілігі неде?

5. Цифрлық желіл тракттың анықтамасы?

6. Цифрлық желілі тракттың ЦЖТ құрылымдық сұлбасы

7. Цифрлық желілі тракт қандай жабдықтардан тұрады?

8. Регенерациялық телім дегеніміз не?

9. Қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пункттардың тағайындалуы

10. Қызмет көрсетілетін регенерациялық пункттардың тағайындалуы

3.2 Циклдық синхрондаудың құрылуының жалпы принциптері

3.2.1 Циклдық синхрондау - тағайындалуы

Циклдық синхрондау жүйесі (ЦСЖ) ЦБЖ беруші және қабылдаушы станциялар арасында циклдық синхронизм жағдайын қалпына келтіру және ұстап қалуға арналған, бұл топтық АИМ сигналдардың жеке арналар бойынша дұрыс таралуын қамтамаысз етеді; беруші және қабылдаушы уақыттық топ құру жабдығының синхронды жұмысын қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылғандай, циклдық синхрондау циклдық синхросигнал (ЦСС) көмегімен іске асады, бұл синхросигнал сәйкес цифрлық ағындарға енгізіледі: Е1...Е4 немесе STM-N.

3.3 Сурет. Циклдық синхрондау арнасы

Жалпы түрде циклдық синхрондау арнасы келесі негізгі блоктардың кешенінен тұрады (сурет 3.3): синхросигнал құрушысы ССҚ, ол синхросигналдың белгілі бір құрылымын құрады; синхросигнал берушісі (СС Бер), ол синхросигналдың сәйкес цифрлық ағынның құрылымына енгізілуін қамтамасыз етеді; синхросигнал қабылдаушысы (СС Қаб), ол сәйкес ағынның цифрлық сигналынан синзхросигнал бөліп алады; циклдық синхрондауды басқарушы блок (ЦСББ), ол циклдық синхрондау процессін басқарады, дәлірек айтатын болсақ синхронизмды табу және ұстап қалу, жалған синхронизмнен қорғаныс.

Синхрондау әдісін таңдау – қиын техникалық мәселе, оның шешілуінен ЦСЖ қойылатын тез жұмыс істеу, сенімділік және үнемділік талаптарының орындалуы байланысты болады. Бұл жағдай синхрондау әдістерінің көп санының пайда болуына әкелд, бұл әдістер бір бірінен жұмыс істеу принциптерімен де, жабдық көлемімен де айрықшаланады.

Енді синхросигналдың негізгі айрықша белгілерін және оның топтық ИКМ сигналға ену әдістері қарастырылады. Әр циклдың басын анықтайтын, синхросигнал беруші станцияда құрылады және ақпараттық сигналмен бірге сәйкес ЦБЖ трактыларына беріледі. Синхросигналды қабылдаушы станцияда бөліп алу үшін оны ақпараттық сигналдан анықтау қажет.

Синхросигналдың бірінші айрықша белгісі оның периодтығы және сәйкес цифрлық ағындағы уақыттық спектрдегі тұрақты орны. Синхросигналдың бұл қасиеттері синхросигнал қабылдаушысын ССҚаб құруда қолданылады. Яғни топтық ИКМ ағын біріншілік сигналдардың кездейсоқ сипаттамасына байланысты периодты болмайды.

Синхросигнал символ немесе разряд санына байланысты (көп разрядты немесе бір разрядты); құрылымы бойынша (импульстардың немесе пробелдердің алмасу сипаты) және беру циклында символдарды тарату бойынша (шоғырланған немесе таратылған) болады. Жекелеген жағдайларда синхросигнал ретінде бірлі немесе алмасатын импульстерден (бірлер) және пробелдерден (нольдер) тұратын, периодты кезектілігі қолданылуы мүмкін.

Синхросигнал түрлерінің классификациясы 3.4 суретте көрсетілген.