- •1. Арналары уақытпен бөлінетін импульсты-кодалы модуляция негізіндегі цифрлық беру жүйелерінің құрылуы
- •1.1 Негізгі түсініктер және анықтамалар. Цифрлық беру жүйелерінің классификациясы. Ауб- икм цбж сигналдарының ацт және цат
- •1.1 Сурет. Үздіксіз сигналдың дискретизациясы
- •1.2 Сурет. Аим сигналдың спектрі
- •1.3 Сурет. Жеке аим тракттың функционалды сұлбасы
- •1.4 Сурет. Жеке аим тракттың жұмыс істеуінің уақыттық диаграммалары
- •1.5 Сурет Генераторлық жабдықтың жұмысының уақыттық диаграммасы
- •1.2 Кванттау. Квантталған сигналдарды кодалау
- •1.2.1 Кванттау
- •1.2.2 Квантталған сигналдарды кодалау
- •1.8 Сурет. Екілік кодалардың кестелері:
- •1.9 Сурет. Uаим санауларының uикм кодалық комбинацияға кодалану процессі
- •1.3 Топтық икм сигнал. Икм-ауб цифрлық беру жүйесінің соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы
- •1.10 Сурет. Топтық икм сигнал
- •1.11 Сурет. Импульс ұзақтығы тактылы импульстан кіші (а) және тактылы интервалға тең (б)
- •1.12 Сурет. Және болғанда икм сигналдың
- •1.13 Сурет. Икм - ауб цбж соңғы станциясының жалпы құрылымдық сұлбасы
- •1.4.1 Арналық амплитудалы-импульсты модуляторлар және селекторлар
- •1.14 Сурет. Электронды кілт - ааим-ас аналогы
- •1.4.2 Кванттау шкаласы желілі және кванттау шкаласы желісіз кодерлер және декодерлер
- •1.4.3 Цифрлық беру жүйелерінің генераторлық жабдығы
- •1.15 Сурет. Беруге арналған генераторлық жабдықтың құрылымдық сұлбасы
- •1.16 Сурет. Генераторлық жабдықтың жұмысының уақыттық диаграммалары
- •1.17 Сурет. Транзисторда жұмыс істейтін бг принципиалды сұлбасы
- •1.18 Сурет. Логикалық элементтер негізіндегі бг функционалдық сұлбасы
- •1.19 Сурет. Жиілікті фазалық автоматты реттеуші сұлбасы бар бг сұлбасы
- •1.4.4 Жиілік бөлгіштері
- •1.19 Сурет. Разряд бөлгіштерінің функционалды сұлбасы
- •2.1 Pdh цифрлық ағындарды біріктіру әдістері
- •2.1 Сурет. Цифрлық беру жүйелерінде цифрлық ағындарды символ бойынша
- •2.2 Сурет. Цифрлық беру жүйелерінде цифрлық ағындарды арна бойынша
- •2.1.2 Pdh цифрлық ағындарды біріктіру
- •2.3 Сурет. Пци әр түрлі стандарты үшін
- •2.1.3 Е1 біріншілік цифрлық ағынынның циклының құрылуы
- •2.4 Сурет. Е1 біріншілік цифрлық ағынның циклының және аса циклының құрылымы
- •2.1.4 Ds1 біріншілік цифрлық ағынның циклының құрылуы
- •2.5 Сурет. Ds1 біріншілік цифрлық ағынның циклының құрылымы
- •2.2 Цифрлық ағындарды біріктірудің асинхронды әдістері
- •2.6 Сурет. Асинхронды ағындарды біріктіру
- •2.7 Сурет. Асинхронды ағындарды біріктіру утж
- •2.3 Цифрлық ағындарды синхронды біріктіру әдістері. Stm – 1 цифрлық ағынын е1, е3, е4 компонентті ағындар негізінде құру
- •2.3.1 Цифрлық ағындарды синфазды-синхронды біріктіру және бөлу
- •2.8 Сурет. Цифрлық ағындарды синфазды – синхронды біріктірудегі уақыттық диаграммасы
- •2.9 Сурет. Цифрлық ағындарды синфазды – синхронды біріктіру
- •2.3.2 Цифрлық ағындарды синхронды біріктіру
- •2.10 Сурет. Синхронды цифрлық ағындарды бірктірудін
- •2.11 Сурет. Синхронды цифрлық ағындарды бірктірудін утж қабылдау
- •2.12 Сурет. Синхронды цифрлық иерархиядағы түрлену сұлбасы
- •2.4.1 Есте сақтау құрылғысы
- •2.13 Сурет. Есте сақтау құрылғысы
- •2.4.2 Уақыттық детектор
- •2.14 Сурет. Цифрлық уақыттық детектор
- •2.15 Сурет Цифрлық уақыттық детектордың жұмыс диагарммасы;
- •2.16 Сурет. Аналогты уақыттық детектор
- •2.17 Сурет. Аналогты уақыттық детектор жұмысының диаграммасы
- •2.4.3 Жылдамдықтарды келістіру командаларының бергіші және қабылдағышы
- •2.18 Сурет. Жылдамдықтарды келістіру командаларының
- •2.19 Сурет. Жылдамдықтарды келістіру командаларының қабылдағышы
- •2.4.4 Жиілікті фазалық автореттеуші құрылғысы
- •2.20 Сурет. Басқарушы сигналдың жоғары жиілікті құраушыларын
- •2.21 Сурет. Жазу және есептеу мезеттерінің арасындағы уи
- •2.22 Сурет. Жазу және есептеу мезеттерінің арасындағы
- •2.23 Сурет. Аралық мағыналарды беретін жфар құрылғысындағы сигналдың уақыттық диаграммалары: а – уақыттық жылжудың аралық мағынасы туралы сигнал;
- •2.5 Sdh аппаратураларының функционалдық блоктары
- •3. Цифрлық беру жүйелеріндегі синхрондау
- •3.1 Негізгі түсініктер және анықтамалар. Синхрондау түрлері. Тактылы синхрондау
- •3.1 Тактылы синхрондау әдістері
- •3.1 Сурет. Тактылы синхрондау құрылғысының құрылымдық сұлбасы
- •3.2 Сурет. Жиілікті фазалық автоматты реттеушісі бар тсқ құрылымдық сұлбасы
- •3.2 Циклдық синхрондаудың құрылуының жалпы принциптері
- •3.2.1 Циклдық синхрондау - тағайындалуы
- •3.3 Сурет. Циклдық синхрондау арнасы
- •3.4 Сурет. Синхросигнал типтерінің классификациясы
- •3.2.2 Синхросигналдың бақылауды бөгейтін және бір разрядты жылжуы бар қабылдағыштары
- •3.5 Сурет. Циклды бір разрядқа бөгейтін және бір разрядты жылжуы
- •3.6 Сурет. Синхротопты анықтағыштың құрылымдық сұлбасы
- •3.7 Сурет. Бақылау циклға бөгелетін синхрондау жүйелерінде
- •3.2.3 Синхросигналдың сырғанаушы іздеуі бар қабылдағыштары
- •3.8 Сурет. Сырғанаушы іздеуі бар қабылдағыштардың синхронизм жағдайын іздеу алгоритмі
- •3.2.4 Бейімделмеген синхросигнал қабылдағыштары
- •3.9 Сурет. Бейімделмеген синхросигнал қабылдағышының құрылымдық сұлбасы
- •3.2.5 Желілі тракттағы қателіктер ықтималдығына бейімделген синхросигнал қабылдағышы
- •3.10 Сурет. Желілі тракттағы қателіктер ықтималдығына бейімделген
- •11.3.3 Толық бейімделген синхросигнал қабылдағыштары
- •3.11 Сурет. Толық бейімделген синхросигнал қабылдағышының құрылымдық сұлбасы
- •4. Электрлік және оптикалық кабельдер бойынша цифрлық беру жйелерінің желілі трактысын ұйымдастыру
- •4.1 Негізігі түсініктер және анықтамалар. Желілі тракттың құрылымы және оның негізгі параметрлері
- •4.1 Сурет. Цифрлық желілі тракттың цжт құрылымдық сұлбасы
- •4.2 Сурет. Цифрлық икм сигналдың энергетикалық спектрі
- •4.2 Цифрлық сигналдың регенерациясы
- •4.2 Сурет. Типтік регенератордың құрылымдық сұлбасы
- •4.3 Сурет. Желілі регенератордың жұмысының уақтыттық диаграммасы
- •4.5 Сурет. Цбж тракттарының арасында әсер пайда болуының сұлбасы
- •4.3 Цифрлық талшықты – оптикалық беру жүйесінің жалпы құрылымдық сұлбасы
- •4.6 Сурет. Тобж жалпы құрылымдық сұлбасы
- •4.7 Сурет. Екі талшықты бір жолақты бір кабельді тобж құрылу принципі
- •4.8 Сурет. Бір талшықты бір жолақты бір кабельді тобж құрылу принципі
- •4.9 Сурет. Бір талшықты екі жолақты бір кабельді тобж құрылу принципі
- •4.10 Сурет. Тобж жалпы құрылымдық сұлбасы
- •4.4 Талшықты – оптикалық байланыс желілерін тығыздау әдістері
- •4.11 Сурет. Электр сигналының деңгейінде уақыттық мультиплексорлау
- •4.12 Сурет. Оптикалық сигнал деңгейінде уақыттық мультиплексорлау
- •4.13 Сурет. Оптикалық арналардың спектральды
- •Әдебиет
- •Мазмұны
4.4 Талшықты – оптикалық байланыс желілерін тығыздау әдістері
Жаңа дәуірдің көліктік тораптарына әр түрлі талаптар қойылады. Қол жеткізу деңгейіндегі ең бастысы – иілгіштік және үнемділік. Тарату деңгейінде - әр түрлі трафиктардың біріктірілу мүмкіндігі. Магистральдық деңгейде шешуші рольді трафик өсуіне сәйкес желінің өткізу мүмкіндігінің жылдам ұлғаю мүмкіндігі атқарады. Бұлардың бәрін әр түрлі технологиялық шешемідер қолдану арқылы іске асыруға болады:
- жаңа оптикалық кабельдерді төсеу. Бұл процесс қазіргі кезде қарқынды жүруде, алайда бұл процесс ұзақ мерзімді жоспарлауды және үлкен ақша қаражатын қажет етеді және әрдайым мүмкін бола бермейді;
- жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін (10... 100 Гбит/с) элементтік базаны қолдану. Бұл жағдайда аппаратураны таңдағанда назар оның бағасына емес, ал соңғы шыққан технолгиялық жетістіктерді пайдалануға аударылады;
- электронді компоненттерден оптикалық компоненттерге өту (күшейткіштерге, фильтрларға және т.с.с.). Электронды компоненттерге қарағанда оптикалық компоненттердің көбісінің параметерлері деректерді беру жылдамдығына тәуелсіз болады, және оларда беру жылдамдығы өскен сайын бағаның өсуі аз болады;
- арналарды тығыздау технологияларын қолдану. Талшықты – оптикалық байланыс желілерін тығыздау әдістерінің негізінде мультиплексорлау процессі жатыр, яғни бірнеше жарықтық сәулеленулер ағындарының бір оптикалық талшықпен берілуі.
ТОБЖ мультиплексорлау әдісі бойынша келесідей бөлінеді:
жиілікті немесе гетеродинді тығыздалатын ТОБЖ;
уақыт бойынша тығыздалатын ТОБЖ;
спектральді тығыздалатын ТОБЖ.
ТОБЖ жиіліктік тығыздау әдісі
Жиілікті тығыздалатын ТОБЖ жақын орналасқан спектральді арналарды алу үшін жоғары тұрақты оптикалық сигналдың көзі қолданылады. Бұл көзден бірнеше спектральді шашыраған тасымалдаушыларды, сәйкес оптикалық тасымалдаушыларды жылжыту құрылғысын қолдану арқылы алады. Оптикалық тасымалдаушыларды құрудың бұндай принципін қолданатын, тығыздау жиілікті немесе гетеродинді тығыздау деп аталады.
Жиіліктік тығыздауды қолданатын беру жүйелерінде әр түрлі бастаулардан шыққан бастапқы сигналдарға желілі тракттарда белгілі бір жиілік жолағы беріледі. Бұл жағдайда желілі топтық сигналды алу үшін бір біріне жақын орналасқан тұрақты оптикалық тасымалдаушылар талап етіледі. Бірақ желінің жартылай өткізгіштерінің сәулеленуі, әсіресе жоғары жалдамдықты модуляция кезінде, көрші арналардың жұмыс толқындарының ұзындығының спектр арасындағы аралық ақпараттық сигналдың жолағынан көп есе үлкен болады. Сондықтан ТОБЖ спектралдықтары жақын арналар алу үшін әр түрлі бастаулардан емес, оптикалық тасымалдаушының жылжуымен алынатын, бір бастаудан алынған әр түрлі тасымалдаушылар қолданылады.
Оптикалық сәулелену лазерлі f1,,f2,f3..…fn тасымалдаушылар қатары бар, сәулелену бастауының шығысынан анализатор кірісіне түседі, анализатор бұл Глан – Тейлор призмасы, содан кейін төрттен бір толқындық призамадан өтіп, бірінші арнаның фильтрына түседі. Бұл фильтр бірінші арнаның оптикалық тасымалдаушысын f1 оптикалық модуляторға жібереді OM1, бұл жерде оптикалық тасымалдаушы модуляцияланады. f2,f3..…fn, (f1 жиілігінен басқа) жиілікті оптикалық сәулелену фильтрмен шағылыстырылады да қайтадан анализаторға береді. Оптикалық модуляторда ақпараттық сигналмен модуляцияланған бірінші арнаның оптикалық тасымалдаушысы айнадан шағылысып анализаторға қайтады.
Екі қайтара төрттен бір толқындық призмадан өткен, оптикалық сигналдың жазықтық полярлығы, бастапқы тербелістердің жазықтық полярлығына қатысты /2 бұрылады, соған байланысты призмадағы жарықтық шоғыр одан еңкейеді де одан шығып кетеді. Ары қарай сигнал анализаторға түседі де, процесс қайталанады, бірақ бұл кезде f2 жиілігі бар оптикалық сәулелену модуляцияланады. Осылайша оптикалық байланыс желісіне түсетін, оптикалық топтық сигнал құрылады.
Қабылдауда модуляцияланған оптикалық тасымалдаушылар қатары бар, оптикалық топтық сигнал анализатор түседі (4.), содан кейін төрттен бір толқындық призмадан және бірінші арнаның фильтрынан өткеннен соң, оптикалық смесительге беріледі. Фильтр f1 жиілікті оптикалық сигналды ғана өткізеді, ал басқалары анализатор түседі.
f1 жиілікті оптикалық модуляцияланған тасымалдаушы ОС жергілікті гетеродиннің жиілігімен көбейеді, содан кейін аралық жиілік fара жолақты фильтрмен бөлінеді де фотодетекторға түседі, оның шығысында электр сигналы құрылады. Басқа арналардың сигналдары да осылайша детектрленеді.
Бұл әдістің негізгі артықшылығы ОТ қолданудың өткізу мүмкіндігінің жоғары коэффициенті.
Ал бұл әдістің кемшілігі - полярлық сақталатын беру және қабылдау оптикалық трактысы талап етіледі, және қосымша бір қатар құрылғыларды талап етеді (жиілік жылжытқышы, полярлық контроллерлері, оптикалық күшейткіш, жиіліктің автореттеуші жүйелері және т.с.с.), бұлардың бәрі ТОБЖ күрделендіреді және оның бағасын қымбаттатады.
ТОБЖ уақыттық тығыздау әдісі
Уақыттық тығыздау технологиясы (мультиплексорлау) бірнеше кіріс төменгі жиілікті ақпараттық немесе компонентті ағындарды бір жоғары жиілікті құрама ағынға біріктіруді көздейді. Кіріс ағындар кезекпен, оларға бөлінген қысқа уақыт аралықтарында (тайм-слоттарда), жоғары жиілікті тасымалдаушыларды модуляциялайды, олар периодты түрде қайталанып отырады. Мультиплексор байланыс арнасының бір жағында барлық көздерден деректерді жинап, оларды сәйкес тайм-слот бойында талшыөпен береді. Демультиплексор байланыс арнасының басқа жағында тайм-слоттарды бөледі, деректерді есептеп, оларды сәйкес тұтынушыларға шығыс ағындар түрінде береді.
