Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

1.8 Сурет. Екілік кодалардың кестелері:

а — натуралды; б - Грея кодасы; в – симметриялық кода

Грей кодасы негізінен топтық телефондық және кең жолақты теледидар сигналдарын кодалау үшін қолданылады, бұл сигналдар үшін кванттау деңгейіндегі көршілес кодалық топтардың көп разряд сандарының символдарындағы айырмашылық болмауы қажет, өйткені бұл жағдайда кодалау және декодалау кезіндегі қателіктер өте қауіпті. Бірақ Грей кодасын декодалау өте қиын. Сондықтан оны көбінесе натуралды екілік кодаға түрлендіреді, содан кейін ғана декодалайды, өйткені натуралды кілік коданы декодалау қиын емес. Грей кодасының құрылу тәртібі келесідей жүреді: бірінші разрядтар көрші деңгейлердің 2i блоктарды нақты анықтайды, ол блоктар табалдырық арқылы бөлінген, ал i-шы разряд барлық табалдырықтарда бірден нольге немесе нольден бірге өтуді көрсетеді, олар алдыңғы разрядтардың өтуімен әлі анықталмаған болады.

Грей кодасының натуралды екілік кодаға түрленуі келесі түрде жүреді.

Егер екілік натуралды коданың разрядын арқылы, ал Грей кодасының разрядын арқылы белгілесе, онда:

.

Соңғы өрнектің оң жаңындағы символы 2 модулі бойынша қосуды білдіреді, ал бұл операция ерекше НЕМЕСЕ логикалық функциясымен бірдей, ол соңғы өрнектің орта жағында көрсетілген, бұл ереже барлық келесі разрядтар үшін де жүреді, мысалы:

.

Натуралды екілік коданың және Грей коданың кестелерін салыстыру Грей кодасын натуралды кодаға түрлендірудің оңай ережесін көрсетеді: натуралды коданың i-шы разрядында импульс немесе пробел құрылады, импульстың немесе пробелдың құрылуы алдыңғы Грей кодасының (i-шы позицияны қосқанда) комбинациясындағы импульсты позициясында импульстардың саны жұп немесе тақ болуына байланысты болады. Мысалы, Грей кодасының 1011001 комбинациясы осы ережеге сәйкес натуралды коданың 1101110 комбинациясына сәйкес келеді.

1.9 Сурет. Uаим санауларының uикм кодалық комбинацияға кодалану процессі

Импульс сандарының жұп немесе тақтығын анықтау операциясын триггер көмегімен жасауға болады.

Санауларды кодалауда симметриялы кодалар кең қолданысқа ие (сурет 1.8,в). екі полярлы кванттталған санауларды кодалау барысында санаудың полярлығын белгілеу үшін натуралды екілік коданың жоғарғы разрядын қолдану ыңғайлы, мысалы 1 оң санауды кодалау үшін және 0 – теріс санауды кодалау үшін, ал қалған разрядтар абсолютты шамаларды кодалау үшін. Симметриялы коданың кестесі өзінің ортасына қатысты симметриялы болады. 1.8,б суреттен Грей кодасы симметриялық қасиетке ие екені анық.

1.9 - суретте төрт разрядты натуралды екілік кода қолданғандағы квантталған топтық АИМ сигналдың кодалану процессін көрсететін, уақыттық диаграммасы келтірілген.

Кодалайтын құрылғының (кодер) кірісіне түсетін, санау амплитудалары диапазонында шартты кванттау қадамының мағынасын қабылдайды, ал кодердің шығысында цифрлық сигналы құрылады, ол сигнал төрт разрядты кодалық комбинацияның кезектілігін ұсынады. Кодер шығысындағы m-разрядты кодалық комбинацияның кезектілігі импульсты – кодалы модуляцияланған топтық сигнал болады, оны цифрлық деп атайды.

Кодалардың негізгі сипаттамалары келесілер:

- кодалық қашықтық, бұл разрядтар саны, бұларда кодалық комбинация өзара айрықшаланады; мысалы, бірінің соңынан бірі жүретін, натуралыд екілік кода (сурет 1.6,а) деңгейлерінің арасындағы қашықтық 1, 2, 1, 3, 1, 2, 1, 4 және т.б. тең болады. m-разрядты натуралды коданың көршілес деңгейлерінің арасындағы ең үлкен қашықтық тең және кодалық кестенің ортасынан орын алады. Бірлі қашықтықты кодада көршілес кодалық комбинациялар арасындағы айырмашықыл бірге тең және тек қана бір разрядтан орын алады. грей кодасы осындай кода болып табылады;

- кода артықтығы, берілген кода разрядтылығында максималды мүмкін кодалық комбинациялардың іс жүзінде қолданылатын комбинацияларға қатынасы. комбинациялардың барлық ансамблін колданатын кода (1.8 - сурет), артықтықсыз болады;

- кодалық комбинацияның диспаритеттігі, яғни бірлердің нольдерден көп болуы, мысалы 000110 және 100111 комбинациялары сәйкесінше - 2 және + 2 диспаритерліктерге. Диспаритерлік неғұрлым төмен болса, соғұрлым ақпараттық сигналдарды синхрондау проблемасын шешу оңай болады;

- қателіктерді анықтау мүмкіндігі, яғни кодалық комбинацияның құрылымының өзгеруі бойынша қателіктердің барлығы жөнінде шешім қабылдауға болады. Тұрақты дипаритерлігі бар қода үшін кодалық комбинацияның разрядтарының біреуінің бұрмалануы кезінде диспаритерліктің өзгеруі болады, бұл қабылдауда қолданылатын кодалық комбинациялардың ансамбліне кірмейтін кодалық комбинацияның пайда болуына әкеледі, бұл яғни қате бар екенін айтады. Егер 7-разрядты кодалық комбинацияда 4 бірлік және 3 ноль болса, кез келген бірлі қате бірліктердің тақ санын көрсетеді. Сондықтан, осындай қатенің бар екенін немесе жоқ екенін анықтау үшін, қабылданатын бірліктердің жұп сан немесе тақ сан екенін анықтау қажет. Бұл әдіс жұптыққа тексеру деп аталады;

- қателерді түзету мүмкіндігі, яғни кодалық комбинацияның құрылымының өзгеруі бойынша және сәйкес кодалық комбинациялар арасындағы кодалық қашықтық бойынша қателер анықталады және жойылады.

Кодалау желілі және желісіз болуы мүмкін. Желілі кодалау деп бір қалыпты квантталған сигналды кодалауды айтады, ал желісіз – бір қалыпсыз квантталған сигналды кодалау. Кодалау жеке квантталған АИМ сигнал деңгейінде және топтық квантталған АИМ сигнал деңгейінде іске асуы мүмкін. Бірінші жағдайда кодек жеке болса, екінші жағдайда топтық болады. Бірақ екі кодалау әдістерінде де міндетті түрде топтық ИКМ сигнал құрылады, ол сигнал цикл деп аталатын, дискретизация периодында анықталады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1. Найквист-Котельников теоремасы

2. Санау теоремасының мағынасы

3. Жеке АИМ-тракттың функционалды сұлбасы

4. Жеке АИМ тракттың жұмыс істеуінің уақыттық диаграммасы

5. Төменгі жиілік жұмысының уақыттық диаграммасы

6. Дискретизация

7. Кванттау

8. Кванттау деңгейлері дегеніміз не?

9. Деңгей бойынша кванттау дегеніміз не?

10. Кванттау қадамы дегеніміз не?