Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

2. Гаплоидтарды шығарудың эксперименталдық әдістері

Гаплоидтық организмнің сомалық жасушаларында сыңар хромосомалар жиынтығы (n) болады, яғни толық жиынтықтың (2n) тең жартысы. Гаплоидтарды дағдылы селекция әдістерімен шығару (түрішілік және түраралық тозаңдану, рентген сәулесін түсіру және басқа стресс факторлармен ықпал ету) оңай емес және көп уақытты талап етеді. Ал аталық және аналық гаметофиттерді in vitro жағдайында өсіріп гаплоидтарды тез шығарып, селекция процесін жеңілдетуге болады. Бұл әдістер апомиксис процесіне негізделген. Апомиксис – организмдердің жыныссыз жолмен көбеюі. Тозаңқаптар мен тозаңдарды өсіріп гаплоидтарды алу. Бірінші рет сасық меңдуананың тозаңқаптарын in vitro жағдайында өсіріп, Индияда С.Гуха мен С.Махешвари 1964 жылы гаплоидтық өсімдіктерді алады. Содан кейін осы тәжірибені француз ғалымы К.Нич 1967 жылы темеккінің тозаңқаптарын өсіріп қайталады. Содан бері осы әдіспен гаплоидтар 200-ден астам өсімдік түрлерінен алынды, соның ішінде: бидай, арпа, қара бидай, күріш, картоп, рапс, т.б. ауыл шаруашылық дақылдары.

3. Микроспоралардың табиғи дамуы

Табиғи жағдайда in vivo микроспоралар (гаметофиттік) жолмен дамиды: 1) мейоздың нәтижесінде тозаңның бастапқы жасушасынан төрт (тетрада) микроспора пайда болады.; 2) тетраданың қалың қабығынан микроспоралар босап шығады; 3) микроспора одан әрі даму жолында екі рет митоздан өтіп, соңында жетілген тозаң түйіріне айналады.Микроспоралар табиғи жолмен бөлінгенде пайда болатын екі клетканың бірі генеративтік, бірі вегетативтік клеткалар. Ол екеуінің көлемі жағынан айырмашылықтар бар.

18 – билет.

1.Микроспоралардың ин витро жағдайында дамуы

Микроспоралардың ин витро жағдайында дамуы бірнеше жолмен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бірлі – жарымы гаметофитттік даму жолынан ауысып эмбриоидті түзеді. Басқалары дедифференцияланып, каллусқа айналады. Тағы біреулері микроспорогенез бен гаметогенез жолын жалғастырады, яғни пісіп – жетілген тозаңға айналоады. Ал тағы бір тобы біртіндеп ыдырап құриды. Б – жолы – ин витро жағдайында микроспора тепе тең бірдей екі клеткаға бөлінуі мүмкін.. а – жолы – микроспора көлемі бірдей емес екі клеткаға бөлініп, вегетативтік және генеративтік клеткалоарды түзеді. Бұл табиғи жолға ұқсас. Генеративтік клетка бірінші митоздан кейін кері кетеді. Вегетативтік клетка көп бөлініп одан әрі зиготалық даму жолына түседі. Ц – жолы вегетативтік клетканың ядросы генеративтік клетканың ядросымен қосылып кетеді де өсімдік диплоидты болады.

2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар

Андрогенездің тиімділігі бірімен бірі өзара байланысты көп факторларға тәуелді: донорлық өсімдіктің генотипі - туыстар ішіндегі тұрмақ, тіпті бір түрге жататын сорттардың регенерацияға қабілеті бірдей болмайды; олардың өскен жағдайлары,микроспоралардың даму кезеңдері- қолайлы – мейоздың аяқталар тұсындағы екі ядролық кезең. Тозаңқаптарды лайықты даму кезеңінде өсіре бастаса, олардың ішіндегі тозаңдарда көбінесе эмбриоидогенез басталып кейін регенеранттар шығады.; эксплантты алдын ала өңдеу; қоректік ортаның құрамы – көбінесе пайдаланылатын Мурасиге – скуг ортасы, Гамборгтың ортасы. Сұйық ортада микуроспоралар тез каллус түзеді, бірақ регенерацияның тиімділігі төмен болады. Сондықтан көбіне тозаңқаптарды қатты, яғни агарлы ортада өсіреді; гүл тозаңдарын өсіру әдістері т.б.,

3. ин витро жағдайында гаплоидтарды шығарудың артықшылықтары және кемшіліктері.

Артықшылығы гаплоидтарды, аталық немесе аналық хромосомалары жойылып кететін будан ұрықты in vitro жағдайында өсіріп алуға болады. кейде гаплоидтық өсімдік псевдогамия арқасында пайда болады, яғни ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан ұрық дамиды.

19 – билет.