- •1 Клеткаларды in vitro жағдайында өсіру.
- •2Клетканың тотипотенттілігі
- •3.Каллус және регенерант өсімдіктің биологиясы
- •2Билет.
- •1.Клеткалык суспензия
- •2Биотехнологияның даму тарихының негізгі кезеңдері
- •2Қоректік ортаның құрамы
- •3.Өсімдікті залалсыздандыратын заттар.
- •3.Өсімдіктер клеткасын өсіру әдістерін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдар
- •3.Билет
- •1Клетканы өсіру үшін қажетті жағдайлар
- •1.Дифференциялану және дедифференциялану.
- •2.Клеткалар суспензиясын дайындау.
- •3.Сұйық ортада өсетін клеткалардың қатты ортада өсетін клеткалардан артықшылығы.
- •1. Сұйық ортада клеткалар суспензиясын өсірудің тәсілдері.
- •6.Билет.
- •1. Гендер активтілігінің реттелуі.
- •7.Билет
- •8.Билет
- •9.Билет
- •1.Генетикалық тұрғыдан өсімдіктерді жақсарту үшін клеткаларды in vitro жағдайында өсіру.
- •2.Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткалар өсімдіктерді көбейту және сақтандыру.
- •3.Өсірілетін клеткалардан экономикалық маңызы бар заттар алынуы.
- •10.Билет
- •1.Өсірілген клеткаларды биосинтездік өндірісте пайдалану.
- •2.Иммобильденген клеткалар және бұл әдістің ұтымдылығы.
- •11. Билет
- •1.Клеткалардың жоғары өнімді линияларын шығару
- •3.Клонды микрокөбейтудің артықшылықтары
- •12Билет
- •1.Морфогенез процесінің нәтижесінде регенерант өсімдіктері алу әдістері.
- •2. Қолтық бүршігінің меристемаларыныңклондық микрокөбейтуде қолдану
- •3.Жасанды тұқым алу
- •1.Өсімдіктерді клондық микро көбейту технологиясы
- •2. Өсімдіктерді микрокөбейтуге әсер ететін факторлар.
- •3. Клонды әдістердің жетістіктері мен болашағы.
- •1.Вирустар қоздыратын аурулармен күресуде биотехнологияны пайдалану.
- •2. Каллустардың биологиялық ерекшеліктері.
- •3. Өсімдіктердегі вирустік ауруын анықтау әдістері.
- •1.Вирустан аластатылған көшеттердің көбеюі.
- •2. Картоптың сауықтырылған көшеттерін шығару технологиялары.
- •– Билет.
- •1.Әріден будандастыру кезінде пайда болған ұрықтың ерекшелігі.
- •3. Бөліп алған будан ұрпақтары ин витро жағдайында табысты өсіру.
- •1.Ұрықты ин витро жағдайында өсіру әдісі
- •2. Гаплоидтарды шығарудың эксперименталдық әдістері
- •3. Микроспоралардың табиғи дамуы
- •1.Микроспоралардың ин витро жағдайында дамуы
- •2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар
- •1.Клеткалық инженерия
- •2. ПРотопластарды бөліп алу жолдары.
- •3.Протопласттың тіршілік икемділігін анықтау
- •1.Протопластарды өсіру технологиясы
- •2.Протопластардан регенерант өсімдіктердің шығуына әсер ететін факторлар.
- •3.Протопластардың құйылып қосылу әдістері.
- •1.Жыныстық будандастырумен салыстырғанда сомалық будандастырудың айырмашылығы.
- •2.Будан клеткаларымен будан өсімдіктерінің сұрыпталуы
- •3. Сомалық будандарды генетикалық талдау әдістері.
- •2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар.
- •3.Ин витро жағдайында өсірілетін клеткаларда болатын өзгерістер.
- •1.Клеткалық селекция және оның артықшылықтары.
- •2. Клеткалық селекцияның әдістері.
- •3.Қажетті белгісі бар клетканың сұрыпталуы
- •1.Белгілері тұрақталған клеткалар линияларын шағару жолдары.
- •2.Ин витро жағдайында клеткаларда жүретін мутация.
- •3.Сомаклондық варианттарды пайдалану жолдары.
- •1.Сомаклондық варианттар және олардың ин витро жағдайында пайда болуы.
- •2.Клеткалық технологияларды дайындау жұмысының негізгі кезеңдері
- •3.Клеткалардың мутагенездерін индукциялау.
1.Морфогенез процесінің нәтижесінде регенерант өсімдіктері алу әдістері.
Микрокөбейтудің тағы бір көп таралған әдісі ол өсімдіктерді каллустан оргоногенез немесе эмбриоидогенез жолымен шығару. Морфогенездің басталуы қоректік ортадағы фитогормондардың ара қатысымен реттеледі. Оргоногенез арқылы регенерант өсімдіктерді алудың модельді жүйесі ретінде темекі бола алады. Қоректік ортада фитогормондардың концентрациясын өзгертіп отырып, каллустан немесе тікелей экспланттан өркендерді өсіруге болады. Мысалы, темекінің Nicotiana tabacum мен N. occidentalis деген екі түрін бірі мен бірін будандастырғанда будан ұрықтар түзілген. Бірақ бұл ұрықтар табиғи жағдайда өне алмаған. Оларды ин витро өндіріп каллус алынды. Одан кейін каллуста сабақ бүршіктері мен тамырлардың пайда болуына жағдай туғызылды. Сөйтіп темекінің бағалы буданы көбейтілді.
2. Қолтық бүршігінің меристемаларыныңклондық микрокөбейтуде қолдану
Қолтық меристемалардың өсуі сабақтың ұшын кесіп тастағанда немесе цитокининмен өңделген соң басталады. Бірақ көптеген кезде цитокининдер апикальдік басымдылықты жоймайды, онда буын бүршіктерінің өсуіне жағдай туғызуға тырысады, атап айтқанда өскіндердің аллғашқы буындары, тұқым жарнағы және бастапқы жапырақтың буындары.Қоректік ортадағы цитокининдер жанама бүршіктердің жандануына әсер етеді және толып жатқан қолтыық өркендердің дамуына әкеледі.Ин витро жағдайында қолтық бүршіктерін оятып өсіру әдісімен жеміс жидек, әсемдік өсімдіктерді, қырыққабатты, картопты, т.б. өсімдіктерді көбейтеді. Көңіл аударатын жағдай мынау; осы әдіс пен меристеманың бөлінуі арқасында пайда болған регенерант өсімдіктер генетикалық жағынан тұрақты келеді, сондықтан олардан дамыған өркендерде бастапқы өсімдіктей болады. Бірақ ескерте кету керек Т. Мурасиге пікірінше бұл микрокөбейту әдісі басқа әдістерге қарағанда бәсеңірек.
3.Жасанды тұқым алу
Өсімдіктерді көбейту үшін эмбриоидтарды қолданатын тағы бір жол бар-ол жасанды тұқым. Жасанды тұқым деп полимер қабығымен қапталған эмбриоидтарды атайды. Бірақ практикада барлық эмбриодтарды бірдей даму кезеңіне келтіру яғни оларды синхрондау, өте қиын. Көлемі тығыздығы бірдей эмбриоидтарды алу үшін оларды тесігі белгілі ( 400-500 мкм) илектен өткізеді немесе сахарозаның тығыздық градиентін әр түрлі етіп жасап центрифуга арқылы бөліп алады. Қазіргі кезде сәбіздің, жоңышқаның, бидайдың, күріштің, балдыркөктің барлығы бірдей белгілі даму кезеңінде эмбриоидтардың жаппай шығарудың лабораториалық әдістері дайындалған. Оларды тұқым ретінде пайдалану үшін әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын және ұзақ уақыт өміршеңдігін сақтауға себін тигізетін қабықшаға салу керек. Қабықша ретінде натрий альгинат қолданылады.
13– БИЛЕТ
1.Өсімдіктерді клондық микро көбейту технологиясы
Маманданған ұлпаның кез келген тірі келеткалары лайықты қоректік ортада өсіргенде, өздерінің тотипотенттік қасиетін жүзеге асырып, регенерация арқылы бүтін өсімдікке айнала алады. Жеке клеткалардан сол өсімдік түріне тән барлық белгілері мен қасиеттері сақталған бүтін өсімдіктің түзілуі клондық көбейту технологиясының негізін қалайды. Клон деген жыныссыз жолмен, яғни вегетативтік көбею жолымен, түзілетін организм. Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі деген өсімдіктердің in vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбеюі. Соның нәтижесінде пайда болған өсімдіктер бастапқы өсімдікпен және өзара бір – бірімен генетикалық тұрғыдан айнымай бірдей болады. Бұл биотехнологиялық әдістің дағдылы вегетативтік жолмен көбеюмен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Вегетативьтік көбеюдің дағдылы тәсілдерін пайдалана отырып клондық ұрпақты шамалы мөлшерде алуға болады(1:10). Ал клондық микрокөбейтудің мынадай артықшылықтарын атауға болады: 1. Көбею коэффициенті өте жоғары болады; 2. Микрокөбейтумен қатар өсімдіктер вирустар мен патогендік микроорганизмдерден сауықтырылады; 3. Сұрыптау процесін жылдамдату; 4. Вегетативтік жолмен көбей алмайтын өсімдіктерді мысалы,пальманы тек ин витро жағдайында көбейтуге болады; 5. Үнемділік; 6. Жас өсімдіктерді алу, яғни кәрі дарақтарды жасарту; 7. Өсу процесін жыл бойы үзбеуге болады.
