Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

3. Сомалық будандарды генетикалық талдау әдістері.

Бадандастырулық талдау генетикалық әдістеріне жатады. Ол үшін нақтылы қасиеттерін ескере , арнайы таңдап алынған өсімдік формаларын бір бірімен будандастыру нәтижесінде тараған ұрпақтардың фенотиптік белгілерінің бастапқы аталық пен аналықтан қаншама ауытқып, өзгеріске ұшырағандығын стстиастикалық есептеу арқылы біледі. Егер сомалық будандастыру үшін рецйессивтік мутанттар қолданылса, онда будлан клеткада ол мутациялар жасырын күйде қалады. Ал алынған будан өсімдік кейін өз тозаңымен ұрықтанса одан шыққан Ғ1 ұрпақ фенотипінде мутациялар қайта жаңғырады. Осылай өткізілген талдау, шыққан өсімдік будандық табиғатын дәлелдейді. Бірақ сомалық будандардың ядролық гендерінің ондай өсімдіктер жыныстық будандастыру жолына түскен кездегі күй жайы нашар зерт.

22 – билет.

1.Сомалық будандарды биохимиялық талдау әдістері.

Көптеген зерт.биохимиялық талдау әдістерін кейңінен пайд.әсіресе түраралық будандар үшін. Полиакриламид гелінде электрофорезді жүргізіп, одан кейін белгілі ферменттік активтігі бар белоктарды бояу арқылы изоферменттерді зерттеу – биохимиялық талдау әдістерінің ең қарапайым және ең тиімдісі. парасексуальдік будандарды биохимиялық талдаудың ең бір сенімді әрі оңай әдісі РуБФК ферментін зерттеу. РуБФК ең көп тараған және ең жақсы зерт.өсімдіктер белогі. Ол 8 үлкен және 8 кіші бөлшектерден тұрады. Үлкен бөлшектердің полипептидтер құрамы хлоропластық днқ бойында генетикалық кодпен жазылады, ал кішкеннелерінікі ядролық ДНҚ бойында. Полиакриламид гелінде изоэлектрофокустау әдісімен бөлшектерінің полипептидтік құрамын зерттеу арқылы әр түрлі өсімдіктердің ферментінің полипептидтерінің құрылымындағы айырмашылықтарын анықтауға болады. Осындай талдау буданның шығу тегін зерттеу үшін бірақатар түраралық парасексуальдік будандарда өткізілген. Сон.бірге РуБФК-ның талдауы ядродан тыс орналасқан гендерді зерттеу үшінде қолд. Нуклеин қышқылдарын молекулалық будандастыру әдісі ДНҚ денатурациясына негізделген, яғни жоғары температураның әсерімен екі тізбектері ажырап, жеке жеке күйінде қалып қояды. Буданнан және ата анадан бөлініп алынған ДНҚ ұқсас бөліктерінің бар жоғын зерттеуге болады.

2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар.

Андрогенездің тиімділігі бірімен бірі өзара байланысты көп факторларға тәуелді: донорлық өсімдіктің генотипі - туыстар ішіндегі тұрмақ, тіпті бір түрге жататын сорттардың регенерацияға қабілеті бірдей болмайды; олардың өскен жағдайлары,микроспоралардың даму кезеңдері- қолайлы – мейоздың аяқталар тұсындағы екі ядролық кезең. Тозаңқаптарды лайықты даму кезеңінде өсіре бастаса, олардың ішіндегі тозаңдарда көбінесе эмбриоидогенез басталып кейін регенеранттар шығады.; эксплантты алдын ала өңдеу; қоректік ортаның құрамы – көбінесе пайдаланылатын Мурасиге – скуг ортасы, Гамборгтың ортасы. Сұйық ортада микуроспоралар тез каллус түзеді, бірақ регенерацияның тиімділігі төмен болады. Сондықтан көбіне тозаңқаптарды қатты, яғни агарлы ортада өсіреді; гүл тозаңдарын өсіру әдістері т.б.,

3.Ин витро жағдайында өсірілетін клеткаларда болатын өзгерістер.

Өсімдік клеткалары ин витро өсіргенде әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Ол генетикалық, морфологиялық, физиологиялық өзгерістер. Өсірген клеткаларда пайда болған өзгерістердің қуалайтындарын модификация деп атайды. Генетикалық өзгерістерндің негізінде жеке гендердің мутациялары, амплификация, делеция, ядродан тыс орналасқан гендердің өзгеруі, хромосомалар құрылымындағы ауытқулар жатады. Ин витро өсетін клеткалардың тұрақсыздығы арқасында генетикалық өзгерген регенерант өсімдіктер шығады. Бұндай өсімдіктерді сомаклондық варианттар деп атайды.

23-билет.