Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

2. Өсімдіктерді микрокөбейтуге әсер ететін факторлар.

Ин витро жағдайында регенерацияның жылдамдығы өсімдіктер түріне байланысты болады, яғни генотиптің әсері күшті. Өсімдіктің әр түріне ең тиімді регенерация әдісі іріктелініп алынады. Іс жүзінде жалпы алғанда өсімдіктің кез келген бөлігінен регенерант алуға болады, егерде эксплант жарамды даму кезеңінде алынса. Эксплантты таңдап алудың маңызы өте зор. Ең жақсысы егер эксплантта меристемалық ұлпалары мен мүшелері пайдаланса, атап айтқанда: өркенннің ұшы, қолтық бүршігі, меристема. Олар ин витро жағдайында жақсы өседі. Микрокөбейту технологиясында қоректік ортаның орны ерекше, әрбір өсімдік түрі үшін оның құрамы тәжірибеге сүйеніп іріктелінеді. Физикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздылары жарық пен температура. Морфогенез процесіне өте жарық жағдайлардың керегі жоқ: 1000 – 3000 лк 14 – 16 сағат фотопериоды жетіп жатады. Көптеген өсімдіктерге ең жақсы температура шамамен 25С. Ин витро жағдайында су алмасудың маңызы зор. Су алмасу бұзылғанда Витрификация (клетка ісінеді, сабақ жуандайды,жапырақ ұзарып, майысып, суланып әйнек тәр болып кетеді) деген жағымсыз құбылыс болады.

3. Клонды әдістердің жетістіктері мен болашағы.

Клондық микрокөбейту әдісі әсемдік, көкөніс, жеміс – жидек, техникалық, тропиктік және субтропиктік өсімдіктері дақылдарын көйбейту үшін қолданылады. Жақсы дамыған елдерде бұл сала көптен бері өнеркәсіптік деңгейде дамып келе жатыр. Мысалы, Голлландияның гүл өсіру өндірісінің керемет дамуы осы технологияға негізделген. Клондық микрокөбейтудің артықшылықтары айқын факт және өсімдік өсіру мепн селекцияда оның мүмкіншіліктері соншама зор болғандықтан, көшет материалды биотехнологиялық өндірісте шығару біздің Клондық микрокөбейтудің артықшылықтары айқын факт және өсімдік өсіру мепн селекцияда оның мүмкіншіліктері соншама зор болғандықтан, көшет материалды биотехнологиялық өндірісте шығару біздің еліміздеде кеңінен дамиды деп сенім артамыз.

14 – билет.

1.Вирустар қоздыратын аурулармен күресуде биотехнологияны пайдалану.

Вирустар қоздыратын аурулармен күресудің негізгі жолы, ол аурудан таза, сауықтырылған көшет алу. Соңғы кезде вирусы жоқ картоп және басқа вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді алу үшін апикальды меристеманы өсірумен қатар термоөңдеуді, хемотерапияны және вирустарды сарапқа салуды табыстьы қолданылады. Әдеттегі вирустан құтылу әдістерінен апикальдық меристеманы өсіру әдісінің негізгі айырмашылығы – ин витро жағдайында регенерант өсімдіктерді алғанда, оларға инфекция шалдықпайды. Жылумен өңдегенде(термоөңдеу) өсіп келе жатқан өркен ұштарында вирустық көбеюі күшті тежеледі, сондықтан жаңа пайда болған меристема клеткаларында вирустың болмауы мүмкін. Термотерапия нәтижесінде латенттік вирустық инфекциялары молаюы мүмкін. Сондықтан сауықтыру тиімділігін арттыру үшін басқа тәсілдер ізденуде. Кейде, хемотерапия, яғни вирустардың көбеюін тежейтін химиялық заттарды қолдану жақсы нәтиже береді.мыс.,виразол деген препаратты қоректік ортаға қосқанда вирустан бос меристемалық өсімдіктерді 2 – 4 есе көп алуға болады.