Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

3.Клеткалардың мутагенездерін индукциялау.

Сомалық клеткалар қосылғанда, алынған буданда хромосомалар саны екі еселенеді. Вегетативтік жолмен көбейетін кей өсімдіктерге бұл еш қауіп туғызбайды. Ал көп ауылшаруашылық дақылдары жыныстық жолмен көбейетіндіктен оларға бұл зиян болады. Будандастыру кезінде аталық пен аналық өсімдіктердің геномдары қосылып бір ядрода оорналасады да гомологиялық хромосомалар арасында кроссинговер өтеді. Сонда өз бойының әр жерлерімен гомологиялық хромосомалар жанасып, қайтадан ажырасқанда ұзынды – қысқалы бірінің бөлшектері біріне ауысады. Соның салдарынан сол бөлшектерде орналасқан гендер де алмасады. Генаралық рекомбинация хромосомалық кроссинговер негізінде өтеді. Бұл жағдайда хромосомадағы гендердің бірнеше тобы ғана жабайы түрден мәдени түрге көшеді. Солардың қатарында пайдвлы геннің де болуы ықтимал. Бірақ кроссинговер кездейсоқ өтетіндіктен, селекционер көздеген нақтылы генді бақылап көшіру мүмкін емес. Соған байланысты қажетті геннің алмасуыда кездейсоқ уақиға болады. Қажетті генді будан клеткаға енгізуді қатаң бақылауға да болады. Ол үшін құрамына нақ сол ген кіретін хромосоманы бүтін күйінде жабайы түрден мәдени өсімдікке көшіру керек.

Сомалық будандастыру өте күрделі, нәтижесін алдын ала болжауға болмайтын және тікелей басқаруға көнбейтін процесс. Сомалық будандардың генотипі генетикалық өзгерістерге жеткізетін бірнеше уақиғалар нәтижесі. Ю.Ю.Глеба әріптестерімен темекінің бір түрінің протопластарында сомалық будандастыру кезінде ядролық гендердің жүріс тұрысын зерттеген. Олар құйылысқан протопластарды механикалық жолмен бөліп алып, оларды бөлек өсірген. Бұл тәсілдің арқасында жеке клеткаларда өтіп жатқан генетикалық оқиғалардыжәне әрбір клонның көптеген ұрпақтарнын зерттеуге болады.глеба тәжірибелердің нәтижесінде мынадай негізгі қорытындыға келді: протопламтарды қосыпбудан өсімдіктерді алғанда, олардың ядролық гендері ата ананың екеуіненде қалай тұқым қуаласа, солай ақ біреуіненде тұқым қуалай алады. Г.Мельхерс пен Г.Лабиб ядролары қосылған кездегі хромосомалардың жүріс тұрыстарын анықтадлы. Олар темекі мезофилінен алынған гаплоидтық протопластарының құйылысуынан шыққан будандардың хромосомалық санын зерттеді. Темекі жапырағының мезофиль клеткалары жалпы гомоплоидтық болады, ал гаплоидтық өсімдіктерінде гаплоидтық болады. 55 түрлі будан каллустардан шыққан регенеранттың ішінде 30-ы диплоидтық,5-і үшплоидтық, 6-ы тетраплоидтық болған. Бұл жағдай клеткалар қосылғанда ядролардың да қосылуын дәлелдейді. Ал анеуплоидтардың пайдап болуы клеткалар ин витро өсіргендегі генетикалық өзгергіштік себебінен.