Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

2.Протопластардан регенерант өсімдіктердің шығуына әсер ететін факторлар.

Талай өсімдіктердің протопластары сомалық эмбриогенез арқылы да регенерант өсімдіктер түзеді. Оқшауланған протопластардан пайда болған клеткалардлың бөлінуге және тотипотеннттілігін жүзеге асыруға қабілеттері көптеген факторларға тәуелді:1. Бастапқы ұлпаның түр ерекшелігі, физиологиялық күйі және дифференцировкасы, яғни генетикалық және эпигенетикалық сипаттамасы;2.протопластарды бөліп алу әдістері мен жағдайлары;3.протопластарды суспензияда өсіргендегі тығыздығы;4.қоректік ортаның құрамы;5.протопластарды өсіруу жағдайлары.

3.Протопластардың құйылып қосылу әдістері.

Протопластардың құйылысуы үшін химиялық және электрлік әдістері пайдаланылады. Химиялық әдіс протопластардың құйылысуына жағдай жасайтын, плазмалемманың электрлік зарядын өзгертетін заттарды суспензияға қосуға негізделген. Протопластарды жақындатып, тоғыстырудың бір жолы – протопластар капилляр арқылы өткізу. Көп ізденістің арқасында тиімді фюзоген табылды, бұл полиэтиленгликоль болды. ПЭГ – суда жақсы еритін полимер, суспензияның осмостық қысымын көтередлі. Қосылатын протопластардың суспензиясын алдымен ПЭГ – тың қояланған ерітіндіісімен өңдегенде протопластар бір ьірімен жабысады. 10-15мин кейін Са жоғары мөлшерде бар сілтілі ерітіндімен ПЭГ – ты суспензиядан шайып шығарады. Сонан соң протопластарды бір – бірімен жабыстырып тұрған мембраналар құйылыса бастайды. Электрлік құйылысу әдісі негізінде электр өрісі пайдаланылады. Протопластар суспензиясы екі электродтың арасында орналасады. Айнымалы ток диэлектрофорезді қоздырады, протопластар бір біріне тақалып бір қатарға түзіледі.

21 – билет.

1.Жыныстық будандастырумен салыстырғанда сомалық будандастырудың айырмашылығы.

Сомалық будандастыру – будандастырудың жаңа тәсілі.оның арқасында будандасьыру жыныстық процессс арқылы емес, тіпті басқа жолмен – сомалық клеткалардың құйылысуы арқылы өтеді. Сомалық будандастырудың артықшылықтары мынадай: 1. Әдеттегі жыныстық жолымен будандаспайтын филогенезде түпкі тектері алыс жатқан өсімдік түрлерін будандастыру;2. Ассиметриялық будандарды алу, оларда аналық немесе аталық гендер жиынтығы толығымен болса, екіншісінің бірнеше хромосомалары болады;3. Үшеу және оданда көп ата – аналық клеткалардың құйылысуы;4. Ата аналық идиотиптері толығымен болатын будандарды алу;5. Ядродан тыс цитоплазмалық гендері бойынша гетерезиготаларды алу;6.генеративтік жүйелердің сыйымсыздылығын жеңу;7.морфогенезде гаметогенездегі аномалиялар салдарынан жыныстық процесс өте алмайтын өсімдіктердің будандарын алу;8.эпигенетикалық программалары әр түрлі клеткалардың будандарын алу.

2.Будан клеткаларымен будан өсімдіктерінің сұрыпталуы

Будан клеткаларын сұрыптау әдістері біршама. Кооп және Швейгер дайындаған тиімді әдістер: алдын ала іріктеп алынған, қосылуға арналған екі протопласты әйнектің үстіне құйылған минералдық майдың тамшысына салады. Электр күшімен қосу үшін электродтарды инверттық микроскоптың конденсорына бекітеді. Конденсорды көтеріп немесе түсіріп жылжытып отырып, электродтарды тамшыға енгізеді немесе одан шығарады. Электр импульсті берген соң, микроскоп арқылы протопластардың қосылуын бақылайды. Сонан соң қосылған клетканы байытылған қоректік ортаның микротамшысына жеке өсіреді. Қазіргі танда протопластар жаппай құйылысқан кезде будан протопластарды тез және тиімді іріктеп алу үшін арнайы аспап қолданылады, ол ағынды микрофлуориметр. Алдынала протопластардың әр түрін флуоресценциясы әр түрлі заттармен бояйды, қосылған соң суспензияны аспап арқылы өткізген кезде құйылысқан протопластар және жеке протопластар түсіне қарай айырылып жатады.