- •1 Клеткаларды in vitro жағдайында өсіру.
- •2Клетканың тотипотенттілігі
- •3.Каллус және регенерант өсімдіктің биологиясы
- •2Билет.
- •1.Клеткалык суспензия
- •2Биотехнологияның даму тарихының негізгі кезеңдері
- •2Қоректік ортаның құрамы
- •3.Өсімдікті залалсыздандыратын заттар.
- •3.Өсімдіктер клеткасын өсіру әдістерін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдар
- •3.Билет
- •1Клетканы өсіру үшін қажетті жағдайлар
- •1.Дифференциялану және дедифференциялану.
- •2.Клеткалар суспензиясын дайындау.
- •3.Сұйық ортада өсетін клеткалардың қатты ортада өсетін клеткалардан артықшылығы.
- •1. Сұйық ортада клеткалар суспензиясын өсірудің тәсілдері.
- •6.Билет.
- •1. Гендер активтілігінің реттелуі.
- •7.Билет
- •8.Билет
- •9.Билет
- •1.Генетикалық тұрғыдан өсімдіктерді жақсарту үшін клеткаларды in vitro жағдайында өсіру.
- •2.Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткалар өсімдіктерді көбейту және сақтандыру.
- •3.Өсірілетін клеткалардан экономикалық маңызы бар заттар алынуы.
- •10.Билет
- •1.Өсірілген клеткаларды биосинтездік өндірісте пайдалану.
- •2.Иммобильденген клеткалар және бұл әдістің ұтымдылығы.
- •11. Билет
- •1.Клеткалардың жоғары өнімді линияларын шығару
- •3.Клонды микрокөбейтудің артықшылықтары
- •12Билет
- •1.Морфогенез процесінің нәтижесінде регенерант өсімдіктері алу әдістері.
- •2. Қолтық бүршігінің меристемаларыныңклондық микрокөбейтуде қолдану
- •3.Жасанды тұқым алу
- •1.Өсімдіктерді клондық микро көбейту технологиясы
- •2. Өсімдіктерді микрокөбейтуге әсер ететін факторлар.
- •3. Клонды әдістердің жетістіктері мен болашағы.
- •1.Вирустар қоздыратын аурулармен күресуде биотехнологияны пайдалану.
- •2. Каллустардың биологиялық ерекшеліктері.
- •3. Өсімдіктердегі вирустік ауруын анықтау әдістері.
- •1.Вирустан аластатылған көшеттердің көбеюі.
- •2. Картоптың сауықтырылған көшеттерін шығару технологиялары.
- •– Билет.
- •1.Әріден будандастыру кезінде пайда болған ұрықтың ерекшелігі.
- •3. Бөліп алған будан ұрпақтары ин витро жағдайында табысты өсіру.
- •1.Ұрықты ин витро жағдайында өсіру әдісі
- •2. Гаплоидтарды шығарудың эксперименталдық әдістері
- •3. Микроспоралардың табиғи дамуы
- •1.Микроспоралардың ин витро жағдайында дамуы
- •2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар
- •1.Клеткалық инженерия
- •2. ПРотопластарды бөліп алу жолдары.
- •3.Протопласттың тіршілік икемділігін анықтау
- •1.Протопластарды өсіру технологиясы
- •2.Протопластардан регенерант өсімдіктердің шығуына әсер ететін факторлар.
- •3.Протопластардың құйылып қосылу әдістері.
- •1.Жыныстық будандастырумен салыстырғанда сомалық будандастырудың айырмашылығы.
- •2.Будан клеткаларымен будан өсімдіктерінің сұрыпталуы
- •3. Сомалық будандарды генетикалық талдау әдістері.
- •2. Андрогездің өсуіне әсер ететін факторлар.
- •3.Ин витро жағдайында өсірілетін клеткаларда болатын өзгерістер.
- •1.Клеткалық селекция және оның артықшылықтары.
- •2. Клеткалық селекцияның әдістері.
- •3.Қажетті белгісі бар клетканың сұрыпталуы
- •1.Белгілері тұрақталған клеткалар линияларын шағару жолдары.
- •2.Ин витро жағдайында клеткаларда жүретін мутация.
- •3.Сомаклондық варианттарды пайдалану жолдары.
- •1.Сомаклондық варианттар және олардың ин витро жағдайында пайда болуы.
- •2.Клеткалық технологияларды дайындау жұмысының негізгі кезеңдері
- •3.Клеткалардың мутагенездерін индукциялау.
1.Клеткалық селекция және оның артықшылықтары.
Ин витро өсірілген клеткалардың арасынан нақтылы бір селективтік жағдайға сәйкес өзгеріске ұшырап, пайдалы қасиетке ие болған клеткаларды көбейтіп сұрыптап алуды клеткалық селекция дейді. Клеткалық селекцияның артықшылығы мынада: жыл он екі ай маусымға тәуелсіздік және уақыт пен егіс көлемінің үнемделуі. Ин витро өсетін клеткалық популяцияның әрбір клеткасын жеке организм деп теңесе, бір тәжірибенің өзінде ақ миллиондаған дарақпен айналысуға болады. Ал дала жағдайында ең көп дегенде ғалым мыңдаған ғана өсімдіктермен жұмыс істей алады.
2. Клеткалық селекцияның әдістері.
Егерде белгілі бір затқа төзімді клеткаларды сұрыптап алу керек болса, оларды сол зат қосылған ортаға егіп өсіреді. Ал енді нақтылы стресс факторға төзімді клеткаларды сұрыптап алу мақсаты болса, онда ішінде клеткалар өсіп жатқан ыдыстарды дәл сондай жағдай әсер ететін жерге орналастырады. Біраз мезгілден соң клеткалардың көбі бөліне алмай, өсе алмай құриды, тек мутация немесе эпигенетикалық өзгерістер арқасында сол факторларға төзімділік көрсеткен клеткалар ғана тірі қалады. Бұндай әдісті тура селекция деп атайды.кері немесе негативтік селекция. Бұл әдіс бой»ынша жабайы клеткалардың жедел бөлінуіне жағдай жасаллады. Сонан соң қоректік ортаға әдейі тимидиннің орнына ДНҚ құрамы енеді. Соның салдарынан ДНҚ синтезі бүлінеді де, жабайы клеткалар қысқа мерзім ішінде құрып кетеді. Ал мутант клеткалар бөліне алмайды, өспейді бірақ тірі қалады. Басқаша айтқанда, қажетті қасиеттері бар клеткалар өспеу үшін ерекше жағдай туғызылады. Сондан кейін тірі қалған клеткаларды қолайлы қоректік ортаға көшіріп, көбейтіп өсіріп, тұрақты линияларды алады.
3.Қажетті белгісі бар клетканың сұрыпталуы
Қажет белгісі бар клеткаларды суспензиядан, каллустан, протопластардан сұрыптап алуға болады. Суспензияны пайдаланғанның негізгі артықшылығы, стандарттық микробиолониялық әдістерді қолдану мүмкіншілігі. Клеткалардың немесе протопластардың жақсы суспензиясын алыға мүмкіндік болмаған кезде, агарланған қою ортада өсетін клеткаларды қолдану қолайлы. Бұл жағдайда ол зат органикалық еріткіште ерітіледі де, табақшадағы агардың үстіне тегіс жайылады немесе ерітілген ортаға қосылады. Каллус трансплантының клеткалары бұндай ортада тежеуші затпен бірыңғай әрекеттеседі: төменгі клеткаларға жоғарыдағы клеткаларға қарағанда сол заттың мөлшері артьығырақ тиеді. Төзімді клеткалар жақсы өсуінің нәтижесінде көзге жақсы көрінеді. Төзімді клеткалар линияларын протопластардан сұрыптаудың өз артықшылықтары бар, себебі протопластарды суспензиядағы клеткалар мен каллустардан ғана емес, бүтін өсімдіктерденде бөліп алуға болады. Төзімді клеткаларды сұрыптау әдісі бір сатылы және көп сатылы болады.
Бір сатылы сұрыптау кезінде клеткалар селективтік фактор өте жоғары мөлшерде болған ортада өсіріледі. Бірақ фактордың жоғары концентрациялары барлық клеткалар бір мезгілде құрып кетуіне әкеледі. Көп сатылы сұрыптау тиімді. Онда клеткалар алдымен селективтік заттың төмен концентрациясы бар ортада өсіреді. Одан кейін клеткалар өсе келе селективті заттың концентрациясы артығырақ қоректік ортаға көшіріледі. Бұндай жағдайда тезірек өсетін төзімді клеткалар өсу жылдамдығынан жабайы клеткалардан оза бастайды.
24-билет.
