- •«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
- •1. 1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
- •5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
- •6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
- •8.1916Ж.Көтерілістің көшбасшылары - б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
- •9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
- •«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
- •11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
- •13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
- •16. Қазақ кср-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
- •17. Хх ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
- •18. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
- •20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
- •21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
- •23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
- •26. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
- •27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •40. «Хрущев жылымығы». ҚазКср-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •41. ҚазКср-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
- •42. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
- •45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (хх ғ. 60-80 жж.).
- •46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
- •47. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
- •48. 1965 Ж.Экономикалық реформа. Себеп,салдары.
- •49. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
- •56.Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
- •63. 1990-Жж. Қр ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
- •64. Қр экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •66. 1993 Ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
- •74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
- •75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
- •76. Қр әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
- •78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
- •79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
- •81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
- •82. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
- •83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
- •85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
- •87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
- •91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ххі ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
- •92.Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
- •93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •94. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
- •98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
- •99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
- •102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
- •104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
- •105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
- •106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
- •107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
- •108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
- •110. Қазақстан Республикасының тмд елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
- •111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
- •113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
- •116. Астанадағы обсе саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. Xхi ғасыр» манифесті.
- •119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
дамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті (Государственный архив Российской Федерации, ф. 9414, оп.1, д.95, л.123). Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. Оның империясы түп-түгел маркстік-лениндік идеяның құлақкесті құлдарынан тұратын. Бухарин оны «Марксті оқыған Шыңғысхан» деуші еді, ал, шындығында, ол одан гөрі көңіл көтеруге, театрға, аярлыққа, кісі өлтірушілікке құмар Неронға көбірек ұқсайтын. 1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын құрмас бұрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жұмыстары осылайша қатаң жүргізілді. №1 чекист Ф.Э.Дзержинский болса, №1 әскери ревком Л.Троцкий болды. Ал бұл жүйелердің нөмірі бірінші саяси басшысы В.И.Ленин екені белгілі. Ал оның ұлттар арасындағы басшысы Лениннің сенімді серігі И.Сталин болды. Бұл орындардан белгілі дәрежеде үміті барлар Каменов, Рыков, Зиновьев, Бухариндер болды. Бұлардың бәрі кезінде патша түрмелерінде отырған, белгілі саяси көзқарасы, білім-жігері бар әккі революционерлер еді. Революционерлер дегеніміз төңкерісшілер деген ұғым бере отырып, ол саяси мәнге ие болды. Коммунистік партияның көсемдері дегеннің бәрі Ресей патшалығы кезінде саяси көзқарасы үшін шетелдерде қашып жүрді. Болашақ үкіметті алу үшін шетелден ақшалай көмек алды. Қару-жарақты ұстап қалу мақсаттарында большевиктердің үлкен тобы жұмысшы-солдаттар арасында саяси жұмыстармен айналысты. Түрмелік «көсемнен» пролетариат көсеміне дейін өскен утопиялық социализмнің авторы В.Ленин «Дүниежүзінің пролетарлары, бірігіңдер!» деп дүниежүзілік билік жүргізудің лагерьлік жүйесін жасады. Мұның жеңісін де, жеңілісін де қоғамдық өзгеріс өзі-ақ көрсетіп берді. Қысқаша айтқанда, Соловки арал лагері - КСРО-ны басқарудың лагерьлік жүйесінде «көрнекілік» роль атқарды. Қолындағысын күштеп тартып алу, аштан өлтіру, тілді ұмыттыру, ассимиляцияландыру, дінсіздендіру, соғыс қаруларын сынау, интернационалдандыру секілді жеті түрлі мақсат Соловки аралында арнайы қолданылған болатын. Мұның әкелген сорақылығы көп еді. Еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихын зерттеуде маңызды орынды одақтық дәрежеде көлемді деректер жинақтаған Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағаты алады. Бұл мұрағатта КСРО ІІХК (НКВД) - ІІМ Лагерьлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ) жүйесінің мұрағаты құжаттары сақталған. Лагерьлер Бас Басқармасы Кеңес өкіметінің ең үлкен құрылымдарының бірі болды. 1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан (170 өндірістік, 83 ауылшаруашылықтық, 172 «контрагенттік», сонымен қатар басқа ведомстволардың шаруашылықтары мен құрылыстарында жұмыс істейтіндер) және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан тұрды. («Социологические исследования», 1991, №6, с.10-11). «Аргументы и факты» газетінің анықтамасына және 1940 жылғы 1 наурыздағы ГУЛАГ ақпаратына назар аударсақ, мынандай мәлімет аламыз. ГУЛАГ тұтқындарының саны - 1 668200. Олардың 352 мыңы - еңбекпен түзеу колониясының жалпы режимінде отырғандар. 192 мыңы - колонияның өндірістік және ауыл шаруашылығы жұмысына тартылғандар. Бұлардың 28,7%-ы - контрреволюция ұйымындағылар, 5,4%-ы - өте қауіпті қылмыскерлер, 12,4%-ы - саудагерлер, 9,7%-ы - ұрлықшылар, 9,7%-ы - басшы аппарат қызметкерлері, 1,5%-ы - социалистік меншікті талан-таражға салушылар да, 2,7%-ы әртүрлі қылмыс түрлері деп көрсетілген. Алайда тарихшы Рой Медведевтің зерттеуі бойынша, ГУЛАГ тұтқындарының саны 66 миллионнан асып жығылған. 1930 жылдан 1953 жылға дейін контрреволюциялық іс-әрекеті үшін сотталған 3 778 254 адамның 786098-і бірден атылған (ГАРФ, ф. 9414, оп.1, д.129, л.42). ГУЛАГ-тың Кеңес Одағында үлкен «империялық» беделі болды. 1934 жылдан саяси көзқарасы үшін сотталғандарды тәрбиелейтін тағы 10 лагерь КСРО-ның теңіздеріндегі адам аз тұратын аралдарда құрылды. Бірде-бір лагері жоқ екі-ақ республика болды. Олар - Армения мен Грузия.
Біз біртұтас ГУЛАГ кеңістігінің өзімізге қатысты КАРЛАГ аумақтық бөлігін алып қарайық. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ГУЛАГ-тың бөлінбес филиалы ретінде кең-байтақ Қазақстанның аумағында орналасты. Бұл лагерьді сталиндік тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы Соловкиі деуге болады. Бұл лагерьдің орталығы - Долинка поселкесі еді. Мұнда Қазақстан мен Орта Азиядағы өндірістік- шаруашылық, әскери-ведомстволық, жазалау-тәрбиелік пульті орналасты. Бұл лагерьдің бастығы өкімет құрамына енгізілді де, басқару жүйесі Мәскеудегі лагерьлер Бас басқармасына бағынды. Бұл Бас басқармаға әскери трибуналдық жазалау жүйесі де бағынды. 1931 жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратқа қарасақ, КАРЛАГ-та 21 323 тұтқын 47 ұлттардан құралыпты. Олардың 2276-сы - кулактар, 5307-сі - орташалар, 5140-ы - кедейлер, 506-сы - батырақтар, 2864-і колхозшылар екен. 1929-1933 жылдар арасында Қазақстан ОГПУ-ының мәліметі бойынша, 22933 адамның ісі 9805 іс бойынша қаралып, олардың 3386-сы ату жазасына бұйырылған. 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін концлагерьге жіберілген. Екі жылдың ішінде КАРЛАГ тұтқындарының саны 20262-ге жеткен. 1936-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргінде КАРЛАГ тұтқындарының саны тіптен көбейе түсті. 1936 жылдың өзінде 39 мың адамға жеткен (ГАРФ, ф.9414, оп. 1, д. 42, л. 125). КАРЛАГ тұтқындарының көбеюі табиғи құбылысқа айналды да, мұндағы тұтқындар саны әркез әрқалай көрсетілуі құпияға айналды. Себебі келген адамдар саны көрсетілмейтін, туыс-туғандарына хабарланбайтын. КАРЛАГ-тағы тұтқындар адам айтқысыз қатты жазаланған. Осындай қиындыққа наразылық білдіргендер бас көтеріп отырған. Мұнда 1939 жылы халық жауы ретінде екінші рет сотталғандар көтеріліске шыққан. Олардың 349-ы үш жылға, 68-і бес жылға, 18-і сегіз жылға, 105-і он жылға қайта сотталған. 9 адамға ату жазасы берілген (Бұл да сонда, 157-бет). 1917 жылдан бергі күллі Кеңес тарихы толып жатқан адам құқығын бұрмалаушылықтарға, ол - ол ма, кей реттерде ашықтан-ашық жасалған тұқым құртушылық (геноцид) көріністеріне толы. Солардың ішінде - миллиондаған шаруалардың өмірін қиған, көптеген ұлттардың тұқымына зардабы тиген 20-30-шы жылдардағы ұжымдастыру туғызған аштық, мүлде жазықсыз жандарды жаппай атып-асумен түрмелерге қамау, Сталинге жақпаған тұтас халықтарды «күмәнді» және «жаулық пиғылда» деп жариялауда жатыр. Сонау өткен ғасырдың соңында Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға өздері ойлағандай бос жатқан жерлерден дәмелі көптеген қоныс аударушылардың ағылып келгені белгілі. Бұл лек ешқашан тыйылған емес, алайда ХХ ғасырдың алғашқы он жылында сталиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы 1 миллион 200 мың адамнан асады. Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдыңғы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да 1 миллион 200 мың адам қоныстандырылды. Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналды. Мұнда түрмелердің, лагерьлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың, айдалумен әкеліп қоныстандырылғандардың болғанында қисап жоқ. Олардың сан мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты. Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты. Оңдаған мың күштеп қоныс аударылған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан және дерттен дүние салды. Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да Кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті. Ресми деректер бойынша, сол кезде Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға көбейген екен. Соғыс кезінде 350 мыңнан астамның әкелінгені анық.
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты.
1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.
Жазалау шараларының құрбандары:
Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;
Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,
Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,
КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:
Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды
Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды
101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы:
Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану.
Лагерьлер жүйесін құру.
Халықтарды күштеп көшіру.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.
ХХғ. 20-30-жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Ғылымның дамуы
XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Н. Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды.
1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды.
Қазақ КСР-де ғылымды дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академиктер мол үлес қосты.
1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істерге жұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды.
Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.
Қазақ Кеңес өнерінің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.
А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.
1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.
1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұман Шанин болды. Театр ұйымдастыру ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – театрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылымдары сахнаға шығарылды.
1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды.
1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды.
1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Бұл театрда А. Садыров пен Ж. Асимовтің ержүрек ұйғыр қызын бейнелейтін «Анархан» пьесасы және т. б. қойылды.
1937 жылы Қызылорда қаласында Корея театры ашылды. Мұнда Д. И. Дон-Имнің «Чуп-хан-дан» музыкалық драмасы қойылып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Сонымен қатар азамат соғысы кезінде және басқа да қиын-қыстау жылдары Ә. Жангелдин басқарған отрядта, Түркістан атқыштар дивизиясы мен бірінші кеңестік қазақ атты әскер полкінде жылжымалы театрлар жұмыс істеді.
Онда Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», Р. Мәлібаевтың «Әдет күңі», М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», Е. Ерданаевтың «Мылқамбай» сияқты пьесалары қойылды.
30 жылдары қазақ киносының дами бастаған кезі болды. Осы кезде Алматы қаласында жұмыс істеген «Востоккиноның» бөлімшесі «Жайлауда», «Түрксіб» сияқты деректі фильмдер мен «Қаратау құпиясы», «Жұт», «Дала әндері» сияқты дыбыссыз көркем фильмдерді түсірді.
1934 жылдан бастап республикада хроникалы фильмдер студиясы жұмыс істей бастады.
1938 жылы республикадағы алғашқы дыбысты фильм «Амангелді» фильмі қойылды. Бұл фильмді «Ленфильм» киностудиясы түсірді.
1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Мемлекеттік музыка театры болып ашылған бұл театрда М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі 100 реттен астам көрсетілді.
1934 жылы А. Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.
1936 Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы құрылды.
1938 жылы мамырда Москвада өткен қазақ өнері күндерінде «Жалбыр», «Қыз Жібек» опералары қойылып, Күләш Байсейітова бастаған әншілер ән шырқады. К. Байсейітова КСРО халық артисі атағына ие болды.
Әйгілі суретші П. Г. Хлудов қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі болды. Алғашқы қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев – Хлудовтың шәкірті. Ә. Қастеевтің «Амангелді» картинасы – қазақ бейнелеу өнерінің озық туындыларының бірі.
1930 жылдары Қазақстанда мәдени ағарту орындары жұмыс істей бастады.
1934 жылы Алматыда кітапхана техникумы, Орал, Семей, Өскемендегі педагогикалық техникумдар жанынан кітапхана бөлімдері ашылды.
1939 жылы республикада 3304 кітапхана жұмыс істеді. Соғыс қарсаңында республикадағы мәдениет үйлерінің саны 5237-ге жетті.
Соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан мәдениеті осындай зор жетістіктерге жеткенімен, сталиндік бюрократиялық жүйе мәдени рухани салаға орны толмас шығын әкелді.
Әдебиеттің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С. Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.
М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.
І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин – азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.
Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.
20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.
Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.
А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;
М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. Мамин-Сибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.
Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.
Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.
XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі болды.
Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды.
