- •«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
- •1. 1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
- •5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
- •6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
- •8.1916Ж.Көтерілістің көшбасшылары - б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
- •9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
- •«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
- •11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
- •13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
- •16. Қазақ кср-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
- •17. Хх ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
- •18. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
- •20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
- •21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
- •23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
- •26. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
- •27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •40. «Хрущев жылымығы». ҚазКср-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •41. ҚазКср-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
- •42. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
- •45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (хх ғ. 60-80 жж.).
- •46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
- •47. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
- •48. 1965 Ж.Экономикалық реформа. Себеп,салдары.
- •49. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
- •56.Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
- •63. 1990-Жж. Қр ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
- •64. Қр экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •66. 1993 Ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
- •74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
- •75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
- •76. Қр әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
- •78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
- •79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
- •81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
- •82. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
- •83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
- •85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
- •87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
- •91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ххі ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
- •92.Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
- •93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •94. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
- •98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
- •99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
- •102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
- •104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
- •105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
- •106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
- •107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
- •108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
- •110. Қазақстан Республикасының тмд елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
- •111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
- •113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
- •116. Астанадағы обсе саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. Xхi ғасыр» манифесті.
- •119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
ХХ ғасырдың өте маңызды қасіретті оқиғаларының бірі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық тарихы көптеген отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеу обьектісі болып табылады. Осы кезеңнің халқаралық қатынастар жүйесіндегі кеңес-түрік қатынастарының дамуы ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі. Ұлы әлемдік державалардың бірі ретінде КСРО-ның сыртқы саясаты көп жағдайда тарих барысын айқындағаны күмәнсіз. Сонымен бірге Түркия да маңызды елдердің бірі болды. Шығыс пен Батыс қиылысындағы қолайлы географиялық орналасуы, сонымен бірге Басфор мен Дарданелл бұғаздарына бақылау орнату мәселесінде және Жерорта теңізінен Қара теңізге кемелерді өткізу мәселесінде шешуші роль атқаруы Түркияны ғасырлар бойы ұлы державалар арсындағы кескілескен дипломатиялық күрес пен соғыстардың обьектісіне айналдырды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркия тағы да Англия, Франция, Германия және Италия мүдделерінің түйіскен аймағына айналды. Түркияның маңызды стратегиялық жағдайы және түрік үкіметінің саяси жағдайға ықпал етуге ұмтылуы бұл мемлекеттірдің оған қатынасында белсенді саясат ұстануына жағдай жасады.Түркияның Кеңес Одағымен көршілік жағдайы олардың қарым-қатынасына екі мемлекеттің де қауіпсіздігі тұрғысынан қарағанда үлкен маңызға ие болды. Әсіресе, Қара теңіз бұғаздары аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін екі ел өкілдері бірнеше рет талқылады. Өз кезегінде қарастырылып отырған кезеңде кеңес-түрік қатынастарында бетбұрыс кезең болды. Бұрынға Түркия Республикасының қалыптасу кезеңінде қол жеткізген достық байланыстарына салқындық түсе бастады. 1939 жылы 23 тамызда Германия мен КСРО шабуылдамау туралы пактіге қол қойды, мұны Түркия мазасыздықпен қарсы алды. Бұл қадамның логикалық жалғасы Германияның 1939 жылы 1 қыркүйекте Польшаға соғыс ашуы болды, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания және Франция Польшамен келісіміне орай Германияға соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
КСРО –ға қарсы соғыста «Барбаросса» жоспары дайындалды. Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді.
Сталиннің бейтараптық танытуының нәтижесінде «тұтқиылдан» 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 те басталған соғыс нотасын Мәскеудегі герман елшілігі бір сағат өткен соң ғана сыртқы істер халық комиссары М.В.Молотовқа тапсырған. Қауіп-қатер алдымен географиялық орналасуына байланысты Белорусияға одан Украинаға төнді. Деректер бойынша соғыстың алғашқы сәттерінде кеңес әскері тәулігіне 24 мың әскерінен айрылып отырған. Жарты жыл ішіндегі адам шығыны 3млн. 138 мың болды. Немістердің қолына түскен кеңес әскерлерінің сұрауы болмады. Олардың құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау орнына түрлі жағдайлармен еліне аман оралғандар күдіктілер тізіміне алынып тергелді, лагерлерге айдалды немесе ату жазасына бұйырылды. Дерек көздері бойынша кеңес халқының 5,3млн адамы неміс Гестапосына тұтқынға түскен. Оларға кешірім Сталин өлген соң ғана берілді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты шыққан жаңа баспасөз бетіндегі жаңа мағлұматтар КСРО-ның әсіресе, Сталиннің соғыстың болатындығы туралы толық хабардар болғандығын мақұлдайды.
Соғыс жайына бейімдеудің ең күрделі буыны экономика саласы болды. Қысқа мерзімнің ішінде өнеркәсіпті қорғаныс өнімін шығаруға көшіруге, қайта құрылған зауыттар мен фабрикаларды дереу іске қосуға, республиканың материалдық-техникалық, еңбек және қаржы ресурстарын соғыс экономикасының мұқтаждарына сәйкес қайта бөлуге, ауыл шаруашылығын майданға қызмет көрсетуге бейімдеуге тылдың жаңа гвардисын дайындауға тура келді. Соғыс қаупі төнген Ресейдің орталық аймақтарынан өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды:1941ж. соңынан-1942ж.басына дейін, 1942ж. басынан күзіне дейін. Қазақ жеріне Батыстан 230 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер көшіріліп әкелінді. Ірі өндіріс орындары негізінен Украина, Белоруссия, Молдавия, Ленинградтан көшірілді. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласының 54 зауыты және 4 фабрикасы болды.Олар:Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына орналастырылды. 1941-1945ж. Қазақстанда эвакуацияланған өндіріс орындарын қосып есептегенде 460 кәсіпорын пайда болды. Республика Одақ бойынша қорғасынның -85% мыс- 35%, молибден – 60%, висмут -65%,полиметалл кені- 79% берді.Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 34 млн. Тонна көмір өндірді, ал мұнай өндіру 39% өсті. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделді. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылыры, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000 тарта инженер-техник мамандар қоныс аударды. Халықтың осындай еңбегінің арқасында Қазақстанда өндірілген өнімдерді майданға уақытында жеткізіп тұрды.
Қазақстан соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбегіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11650 сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы»деген жазумен Сталинград жұмыс істеп,металл қалдықтарын жинап, «Қазақстан пионері» фондына 4 млн сом ақша жиналады. Бұл ақша «Қазақстан пионері» атты колоннаны жабдықтауға жұмсалады. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері «Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады т.б.осындай патриоттық қадамдар көп жасалды. Ауыл шаруашылық саласыда соғыс жағдайына бейімделді. Қазақстанда соғыс жылдары 150 мың әйел механизатор мамандығын игерді. 1943 жылы құрғақшылық болды көптеген шаруашылықтар егілген тұқымнан аспайтын егін жинаған кезде, Ақтөбе облысы "Құрман колхозының звено жетекшісі Ш. Берсиев тары шығымдылығынан, Қызылорда облысы Шиелі ауданынан Ы. Жақаев күріш өнімінен рекордын жасады.
1941жылы 29қырқүйекте Мәскеу конференциясы өтіп оған қатысқан АҚШ, Ұлыбритания мемлекет басшылары соғыстың бүкіл әлемге төндіріп отырған қаупін ескере отырып үш жақты келісімге келді. АҚШ пен Ұлыбритания КСРОға қару –жарақ ,азық- түлікпен көмектесуге міндеттеме алды. АҚШ ленд – линз бойынша өсім пайызынсыз 1млрд.доллар қарыз берді. Бұл мемлекеттер сөзінде тұрып КСРОға 13 мың танк, 22 мың ұшақ, 427мың жүк машинасын берді. Жапония соғысқа 1942 жылы 7желтоқсанда Гавай аралындағы АҚШтың басты ірі әскери- теңіз базасының бірі Перл- Харборды шабуылымен кіріп, екінші соғыс блогының құрылуына жол ашты.
