- •«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
- •1. 1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
- •5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
- •6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
- •8.1916Ж.Көтерілістің көшбасшылары - б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
- •9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
- •«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
- •11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
- •13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
- •16. Қазақ кср-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
- •17. Хх ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
- •18. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
- •20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
- •21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
- •23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
- •26. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
- •27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •40. «Хрущев жылымығы». ҚазКср-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •41. ҚазКср-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
- •42. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
- •45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (хх ғ. 60-80 жж.).
- •46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
- •47. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
- •48. 1965 Ж.Экономикалық реформа. Себеп,салдары.
- •49. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
- •56.Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
- •63. 1990-Жж. Қр ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
- •64. Қр экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •66. 1993 Ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
- •74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
- •75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
- •76. Қр әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
- •78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
- •79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
- •81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
- •82. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
- •83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
- •85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
- •87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
- •91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ххі ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
- •92.Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
- •93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •94. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
- •98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
- •99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
- •102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
- •104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
- •105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
- •106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
- •107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
- •108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
- •110. Қазақстан Республикасының тмд елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
- •111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
- •113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
- •116. Астанадағы обсе саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. Xхi ғасыр» манифесті.
- •119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.
112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті. Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар: • Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; • этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру; • менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: • азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; • мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; • тарихи-мәдени мұраны қорғау; • ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; • мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау; • мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау; • мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: • ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды; • нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті; • меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді. Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды. Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды. Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
