Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
120_tarih.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363 Кб
Скачать
☆

80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.

Сындарлы он жыл— Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.

81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.

Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; •  азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; •  Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау; •  жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; •  қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау. Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Болон декларациясының негізгі қағидалары: Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау; екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту; үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу; төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету; бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру; алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру. Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]