- •«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
- •1. 1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
- •5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
- •6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
- •8.1916Ж.Көтерілістің көшбасшылары - б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
- •9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
- •«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
- •11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
- •13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
- •16. Қазақ кср-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
- •17. Хх ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
- •18. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
- •20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
- •21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
- •23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
- •26. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
- •27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •40. «Хрущев жылымығы». ҚазКср-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •41. ҚазКср-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
- •42. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
- •45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (хх ғ. 60-80 жж.).
- •46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
- •47. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
- •48. 1965 Ж.Экономикалық реформа. Себеп,салдары.
- •49. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
- •56.Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
- •63. 1990-Жж. Қр ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
- •64. Қр экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •66. 1993 Ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
- •74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
- •75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
- •76. Қр әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
- •78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
- •79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
- •81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
- •82. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
- •83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
- •85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
- •87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
- •91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ххі ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
- •92.Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
- •93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •94. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
- •98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
- •99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
- •102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
- •104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
- •105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
- •106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
- •107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
- •108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
- •110. Қазақстан Республикасының тмд елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
- •111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
- •113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
- •116. Астанадағы обсе саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. Xхi ғасыр» манифесті.
- •119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
ХХ ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады. 1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару 2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері 1957 жылғы реформаның кемшіліктері : 1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді. Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
