Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
120_tarih.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363 Кб
Скачать
☆

46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.

6-шы (1956 – 1960) және 7-ші (1961 – 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауатыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауаты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауаттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды. Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады. 8-ші (1966 – 1970) және 9-шы (1971 – 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 – 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы “А” тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 1/4 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.  Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.  Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.  Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.  Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]