Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
120_tarih.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363 Кб
Скачать
☆

88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.

Қазіргі таңда әлемдік экономикалық жүйенің жандануы жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы және ашық нарықтық экономиканы қалыптастыруымен байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі  себепті  шетелдік инвестицияның рөлі мен мәні арта түсті. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырды. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екіншіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін де ала келеді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және мемлекеттік сыртқы борышты қалыптастырмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 1-ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 19-наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының” міндеттерін  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жыл 30- қазандағы № 1145 қаулысымен “Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама” қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау және әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың экспортын ілгерілету арқылы кірігу болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтық база жасалған. Мысалы, 2003 жылы «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының  заңы қабылданды. Заң тарапынан отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарының толықтай қорғалуы мен жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік берілген. Сондай-ақ, Заңда Қазақстан экономикасының басым салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық инвесторларға да, сол сияқты шетелдік инвесторларға да тең дәрежеде таралады.

89. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» (2004 ж. 19 наурыз) және оның маңызы.

Елбасымыз жылдар бойы өзінің әрбір Жолдауы мен халық алдында жасаған баяндамаларында балабақшалардың дамуын басты назарда ұстап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» Жолдауында «балабақшалар жүйесін қалпына келтіру және толыққанды мектепке дейінгі білімді қалыптастыруға кірісуді» тапсырды. 2004 жылғы мамыр айындағы шетелдік инвесторлар мен ірі құрылыс компаниялары жетекшілерінің Астанада өткен кездесуіде Президент инвесторларға: «Муниципалды балабақшаларды көбірек салу керек және бұл жұмысқа бизнесмендерді тарту керек» деген үндеу тастады. 2004 жылғы қазан айында өткен Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде Елбасы «мектепке дейінгі білімді, әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін барынша қолжетімді етуіміз керек» деп атап өтті. 2010 жылғы қаңтар айында Президент үкімет пен әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. «2020 жылға қарай қалалық және ауылдық жерлердегі балалардың бәрі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы керек. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар, әлеуетіміз жоғары, мемлекеттік-жеке меншік әріптстік – бәрі бар», - деп еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы мысалдарды ескере отырып, Елбасы қамқорлығының арқасында мектепке дейінгі тәрбие жүйесін қалыптастыра алғанымызға көз жеткізе түсеміз. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оларға мектепке дейінгі жастағы балалардың шамамен 70 пайызы барады. Шетелдік ғалым-педагогтар да осындай баға беріп отыр. Осы салада жүрген әлемдегі ең үздік сарапшылардың бірі, Мектепке дейінгі білімнің халықаралық қауымдастығының президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор Владимир Кудрявцев: «Қазақстан алдағы жылдары мектепке дейінгі білім жүйесі құлдырағанын мойындап, оны «басынан бастап» қайта қалыптастыру міндетін қоюға қорыққан жоқ. Оның үстіне, бұл жоғарғы мемлекеттік деңгейде жүргізілді. Және тек Ресей Федерация Білім және ғылым министрлігі үшін ғана жақсы үлгі емес... Осы сынды мәселелерді Президент Н.Ә. Назарбаев басты назарда ұстайды». Елбасы «Нұрлы жол» атты кезекті Жолдауында мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар тапшылығын барынша азайтуды тапсырды. Ол үшін Президент 20 млрд. теңге қосымша қаражат бөлуді бұйырды. Демек, көп ұзамай ондаған балабақша ашылады деген сөз. Бұл балабақшаларды ашу барысында жергілікті органдар мектепке дейінгі осы мекемелерде жұмыс істейтін тәрбиешілер мен меңгерушілердің кәсіби деңгейін де назардан тыс қалдырмауы шарт. Дұрыс іріктеу жасайтын, білімді жетілдіретін, әсіресе «Балапан» бағдарламасының аясында Президент балабақшалар жұмысшыларын тағайындау және аттестациялау жүйесін жасап шығаратын уақыт жетті. Педагогтарды ашық тестілеу мен сұхбат арқылы іріктеп алған дұрыс, соның арқасында олардың ой-өрісін, кәсіби белсенділігін және қаншалықты ақпараттанғанын анықтауға болады. Себебі, жас ұрпақтың бүгіні мен болашағы балабақшада олармен кімнің жұмыс істегеніне байланысты. Бүгінде дәл мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтар балалардың дамуына, олардың ары қарайғы мектепте озат оқуына, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жол салады. Ал балабақшаға кәсіби деңгейі жоғары тәрбиешілер келу үшін оларға еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту керек. Олардың жалақысы еліміздегі орташа жалақымен сәйкес келетіндей болуы шарт.

90. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаң­ғырту – Үдемелі инновациялық ин­дустрияландыру бағдарламасы­ның жалғасы» (2001 ж. 28 ақпан) және оның ХХІ ғ. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы үшін маңызы.

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясының 44 бабының 1 тармағына сәйкес, Елбасымыз өз жолдауы арқылы жылма-жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Тәуелсіздік алғанына 20 жылдың жүзі болған мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басымдықтары мен жетістіктері Елбасының халыққа Жолдауында жан-жақты көрініс тауып келеді.Ең алғашқы Жолдауының бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаны ұсынғаны баршамызға белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті сол бағдарламаны жүзеге асыруда өткен жылдардағы атқарылған істерге баға беріп, болашақ атқарылар істің нақты нысаналарын көрсетіп берді. Мұндай ұсынысты отандастарымыз құптап қарсы алып, шетелдердің сарапшылары да дер кезінде жасалған батыл бастама ретінде бағалаған болатын. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту-үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырудың жаңа кезеңінде адамға баса көңіл бөліп, күш-қуатындағы әрбір отандасымызға-жұмыс не пайдалы іс тауып беруге, әрбір отандасымызды әлеуметтік қорғауды күшейтуге күш салмақ. Ол да баршамыздың күшімізбен жүзеге асады. Күн бе күн көзіміз жете түскен, ақиқат мынау: жаппай іске жұмылсақ қана, жағдайды тез жақсарта аламыз. Ұлттық ғылыми ойымыз да осындай кезде отандастарымызға көмекке келгені дұрыс. Бір кезде индустрияландыру тұсында еліміздің табиғат байлықтарын зерттеу мен игеруде табиғат танушылығымыз қандай зерделілік танытса, қоғамымыздың рухани мүмкіндіктерін зерттеу мен іске жұмылдыруда адам мен қоғам танушылығымыз да дәл сондай ыждаһат көрсетулері жөн. Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауы үдемелі дамудың көрсеткіші ретінде, барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы хақындағы, ел тұтқасын ұстаған Елбасының замандастарымыз бен тарих алдындағы осындай аса зор жауапкершілікті сезіне білуден туындағаны, ақиқат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]