- •«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
- •1. 1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
- •5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
- •6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
- •8.1916Ж.Көтерілістің көшбасшылары - б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
- •9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
- •«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
- •11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
- •13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
- •16. Қазақ кср-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
- •17. Хх ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
- •18. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
- •20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
- •21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
- •23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
- •26. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
- •27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •40. «Хрущев жылымығы». ҚазКср-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •41. ҚазКср-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
- •42. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
- •45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (хх ғ. 60-80 жж.).
- •46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
- •47. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
- •48. 1965 Ж.Экономикалық реформа. Себеп,салдары.
- •49. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
- •56.Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
- •63. 1990-Жж. Қр ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
- •64. Қр экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •66. 1993 Ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
- •74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
- •75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
- •76. Қр әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
- •78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
- •79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
- •81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
- •82. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
- •83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
- •85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
- •87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
- •91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ххі ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
- •92.Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
- •93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •94. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
- •98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
- •99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
- •102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
- •104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
- •105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
- •106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
- •107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
- •108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
- •110. Қазақстан Республикасының тмд елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
- •111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
- •113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
- •116. Астанадағы обсе саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. Xхi ғасыр» манифесті.
- •119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистік Германия жағында Финляндия, Франция, Испания, Словакия, Хорватия, Босния, Косово, Румыния, Венгрия, Украина, Латвия, Литва, Эстония елдерінен және Ресейден шыққан ірі ұлттық жасақтар қызмет етті. Солардың бірі- Орталық Азия және Қазақстаннан шыққан азиат нәсіліндегі жауынгерлерден құралған Түркістан Легионы болатын.
Түркістан ұлттық комитеті немесе Түркістан ұлттық бірлігі ұйымының негізі Түркияда қаланып, жұмысы 1924 жылдан Парижде жүрді. Оны азамат соғысынан жеңіліс тапқан орталық Азия елдерінен қашып келген ұлтшыл, түрікшіл саяси эмигранттар құрды. Түркістан ұлттық комитетінің мақсаты Орталық Азияда Кеңес билігін құлату болатын. Комитетті кейіннен М.Шоқай басқарды. 1930 жылдары комитет жұмысы біршама тоқырауға ұшыраса да, М.Шоқай «Жас Түркістан» газетін шығарып отыруға қаржы тауып отырды. Екінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Түркістан ұлттық комитетінің қамқоршысы пайда болды. Ол фашистік Германия болатын. Тұтқынға түскендерден Түркістан Легионын құруға кіріседі. Оған басшылық жасауға Мұстафа Шоқайды лайықты деп тауып, оны 1941 жылдың жазында Парижден Берлинге шақыртады және өз мақсаттарына пайдаланғысы келді. М.Шоқайдан кейін легионды өзбек ұлтының өкілі Уәли Каюмов басқарды. Оның орынбасары болып Баймырза Хайтұлы сайланды. Ал Стамбулдағы саяси эмигрант башқұрт Заки Валиди өзін Түркістан легионының басшысымын деп санады. Ол У.Каюмовты Германиядағы менің өкілім деп есептеді. Ал У.Каюмов Заки Валидидің бұл талабын орындай алмады.
Легионды жасақтау жұмысы 1941 жылдың тамыз айынан басталып, 1942 жылдың соңына қарай аяқталды. Легион құрамын негізінен Орталық Азия халықтары құрады. Түркістан легионы фашистердің арнайы қызметінің қатаң бақылауында болды. Сонымен қатар, КСРО ның НКВД сының назарына іліккен болатын.
Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетов «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Соғыс тұтқындары» атты зерттеу мақаласында мынадай деректерді келтіреді: «Түркістан Легионын басқарған Баймырза Хайт өзінің «Түркістан ХХ ғасырда» деген еңбегінде: Германия жағында 181.402 түркістандық соғысты» десе, неміс тарихшысы Иоахим Гофман «Шығыс легиондары» атты кітабында «неміс формасын киген кеңес түріктерінің саны 250 мыңдай болды деп жазады». Ал қазақтардың легиондағы санының қанша болғандығы анықталмаған.
1942 жылдың жазынан бастап Түркістан легионы өзінің басты әрекетіне көшті. Азиат нәсіліндегі соғыс тұтқындарын легионға арбау және дайын-даумен айналысатын бірнеше арнайы лагерлер жұмыс істеді. Солардың бірі, Варшава қаласының түбінде орналасқан «Легиново» лагері мен Бреславл қаласы маңындағы «СС-20 жазғы лагері» болатын. Лагерлерде барлау-диверциялық мектептер жұмыс істеді. Кеңес-герман майданына төрт зондеркоманда аттандырылды. Олар тұтқындарды тергеу, арбау және лагерге аттандырумен айналысты. Сонымен қатар, команда агенттері Орталық Азияға да жіберілді. Олар ел арасында тыңшылық, антикеңестік арандату, бандиттік-бүлікшілікпен айналысты. Бірақ жергілікті халықтың қырағы көмек көрсетуі арқасында олар анықталып, арнайы қызмет, милициялар тарапынан көзі жойылып отырды.
Польшадан Түркістан легионының алты ротадан тұратын бірінші батальоны 1942 жылы жазда Сум облысына партизандармен соғысу үшін аттандырылды. Батальонның күз айларында Калмақ жері арқылы Қырымға өтуге қолдары жетті. 1943 жылы қыркүйекте 130 адамнан тұратын екі рота Макеевка қаласында қызыл Армия қатарына өз еріктерімен өтіп кетті. Олар сол мезетте ақ гитлершілдермен шайқасқа жіберілді.
1942 жылдың шілдесінде Уәли Каюмов 300 тұтқынды таңдап алып, олардан легионның жетінші батальонын жасақтады. Польшада дайындықтан өткен соң желтоқсан айының соңында кеңес-герман майданына жіберілді. Батальон 1943 жылы 27-қаңтарда Касторное ауданында шайқасқа түсіп, жеңіліс табады. Тірі қалған 46 жауынгері тұтқынға түседі.
Түркістан Легионының фашистік Германияға барынша адал мүшелері Дрездендегі тыңшылық жоғары мектебінде тәлім алды. Оларды СС гауптштурманфюрері доктор Ольцша басқарды. Дегенмен, 1943 жылы неміс әскери барлау ісінің басшылығы Түркістан легионына сенімін жоғалта бастады. Легионды кеңес-герман соғысына жіберуін тоқтатып, басқа мақсаттарға қолдануды шешеді. Олар Каспий маңына, Түркменстанға диверциялық жұмыстар үшін жіберілді.
Соғыс аяқталған соң Түркістан легионының жауынгерлері ағылшын және американдықтарға өз еркімен беріле бастайды, бірақ оларды одақтастар КСРО ның әскери әкімшілігіне қайтарады. Аман қалғандары Түркияға қашты. Кейіннен олардың кейбіреулері «Азаттық Радиода» жұмыс істеп, антикеңестік үгіт-насихат жүргізді.
КСРО-ға қайтарылған легионшылардың ішінде Хамза Абдуллин, Мәулікеш Қайбалдин, Хәкім Тыныбеков секілді ақын-жазушылар болды. «Түркістан легионында» құрамында болғаны үшін оларға кеңестік билік аяушылық танытпады.
Айта кететін жәйт, М.Шоқай 1941 жылдың тамыз-қазан айларында Польша жеріндегі Просткен, Сувалки, Деба, Ярослау, Лемберг лагерлеріндегі тұтқындардан 1941 жылдың алғашқы айларында майданға аттанған түркістандықтардың оннан тоғызының винтовканы қалай ұстауды білмейтіндігін және көпшілігі орыс тілін меңгермегендігі, яғни команда тілін білуден мақрұм болғандығына көз жеткізеді. Қазақ, өзбек, қырғыз т.б түрік-мұсылман халықтардың өкілдері қару-жарақпен жауынгерлердің ең соңында жабдықталғанын, көп жағдайда аңшы мылтығы да жетпей қалып отырған. Шовинист орыс және басқа да славян текті офицерлер түркістандық жауынгерлерді ауыр да қиын әскери операцияларға әдейі жіберіп отырған, жарақат алғандарына дер кезінде медициналық көмек көрсетіле бермегендігі туралы М.Шоқай Уәли Каюмовқа қазан айында жазған хатында көрсеткен.
М.Шоқай қазақтардың және басқа да түрік тектес халықтардың өкілдерінің тұтқынға қалай түскенін үнемі сұрап отырған. Олардың басым бөлігі өз еріктерімен емес, мәжбүрлік жағдайда түскендігін айтқан.
М.Шоқай Дебиса лагеріне барып тұтқындармен сөйлескенде ондағы 40 мың түркістандықтардың ауру мен аштықтан шамамен 25 мыңдайы ғана қалғандығын анықтайды. Ол желтоқсан айында неміс генералы С.Иоахимге «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты ұлыларды туған ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отырып, мен Түркістан легионын басқару туралы қызметтен және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын....» деп жазған хаты өзіне жасаған үкімі еді. М.Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады.
Түркістан легионындағы қазақтар, түркмендер, қырғыздар және басқа да түркістандықтарды «ақтаудың» да, даттаудың» да керегі бола қоймас. Бірақ, олар жөнінде бүгінгі ұрпақтары білуі тиіс және ол түркістан тарихының тұтастығы үшін керек деп ойлаймыз.
