- •«Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен 2016-2017 оқу жылына Мемлекеттік емтихан сұрақтар тізімі
- •1. 1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •3. Қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы. Олардың Қазақстанда мемлекеттік құрылыс идеясының қалыптасу мәселелеріне көзқарастары.
- •5. II Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттардың қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б.Қаратаевтың баяндамасы.
- •6. Бірінші дүнижүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. (1914-1918 жж.).
- •8.1916Ж.Көтерілістің көшбасшылары - б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ.Саурықов, Кейкі батыр.
- •9. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуалы.
- •«Алаш» партиясының құрылуы. Партия бағдарламасы.
- •11. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •12. II Жалпы қазақ съезі. Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қызметі.
- •13. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
- •14. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •15. Қазақ кеңестік мемлекетінің құрылуы (1918-1920 жж.)
- •16. Қазақ кср-ның құрылуы. 1937 ж. Конституция.
- •17. Хх ғ. 20-шы жж. Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
- •18. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •«Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі
- •20. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен оның жүзеге асу ерекшеліктері.
- •21. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •22. Қазақстандағы индустрияландыру: міндеттері, әдістері, қорытындылары.
- •23. Т. Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •25. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаты, міндеттері мен әлеуметтік-демографиялық салдары. Халық наразылығы мен көтерілістер.
- •26. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.
- •27. Сталиндік репрессиялар. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі (1941-1945 жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында партизан қозғалыстарында.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы(1946-1953 жж.).
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен ядролық полигонның іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •40. «Хрущев жылымығы». ҚазКср-дағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •41. ҚазКср-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1953-1964 жж.).
- •42. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: міндеттері,қорытындылары, салдары.
- •45. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі (хх ғ. 60-80 жж.).
- •46. Ксро өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі (хх ғ. 60-80 жж.). Д.А. Қонаевтың қызметі.
- •47. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
- •48. 1965 Ж.Экономикалық реформа. Себеп,салдары.
- •49. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері және кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •53. Қазақстанда «Қайта құру» саясатын жүзеге асыру барысындағы саяси қайта құрулар.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы және сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы.
- •56.Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н.Ә. Назарбаевтың республика тәуелсізідігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •60. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау. 1991 ж. 16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тіуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері: ту, елтаңба, әнұран. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінің маңызы.
- •63. 1990-Жж. Қр ішкі саясатының негізгі бағыттары: мәселелері және олардың шешілуі.
- •64. Қр экономикасының өтпелі кезеңдегі қиындықтары және оларды еңсеру шаралары (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •65. Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері (1991-2001 жж.).
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •66. 1993 Ж. Конституция. Егеменді Қазақстанның конституциялық құрылысының қалыптасу негізі.
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту шаралары.
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесінің күшеюі (1992-2000 жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •71. Қазақстандық парламентаризмнің дамуы. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы.
- •72. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты.
- •74. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы.
- •75. Қазіргі Қазақстандағы демографиялық ахуал (2000-2016 жж.).
- •76. Қр әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары (1991-2001 жж.).
- •78. Қазақ хандығының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы орны.
- •79. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.
- •81. Қазақстан Республикасы: білім саласы бойынша қабылданған реформалар. Болон конвенциясын енгізу мәселелері.
- •82. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» қазақстандық даму жолы.
- •83. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері.
- •85. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: міндеттері, кезеңдері, қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты (2002-2016 жж.)
- •87. Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •88. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.
- •91. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның ххі ғасырдың ғаламдық үндеулеріне жауабы.
- •92.Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 ж. 6 ақпан).
- •93. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •94. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
- •98. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері және қағидаттары.
- •99. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •100. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайлары және олардың қазақ халқының қоғамдық-рухани өміріндегі маңызы.
- •102. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •103. Қазақстан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. «Дін туралы» заң.
- •104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.
- •105. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты және оның дамуындағы негізгі бағыттар.
- •106. Қазақстан халықаралық қауымдастықта (2006-2016 жж.).
- •107. «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы.
- •108. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің тарихи маңызы.
- •110. Қазақстан Республикасының тмд елдерімен экономикалық ынтымақтастығы.
- •111. Ұлт көшбасшысының «Халық тарих толқынында» бағдарламасы және оның жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •112.Тәуелсіз Қазақстанда мәдениеттің дамуы.
- •113. Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •114. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •115. Еуразиялық Экономикалық одақ: құрылуы мен қызметі.
- •116. Астанадағы обсе саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •117. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. Xхi ғасыр» манифесті.
- •119. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы: жетістіктері мен болашағы.
95. «Интеллектуалды ұлт - 2020» президент бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. «Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі. Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу. Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Интеллектуалды ұлт пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың маңызды міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының стратегиялық жоспары шешуші рөл атқаруы тиіс. Мұндай негізгі бағдарламалық құжаттарға: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген), «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген) жатады.
96. Ғылымның дамуы және ХХІ ғасыр үндеулері қарсаңында Қазақстанда ҒТП-ті басқару. Қазіргі кезде экономикалық өсудің төмен сапасынан және экономикаға теріс әсер етуші тенденциялардың күшеюінен туындайтын Қазақстанның даму бағыты жайлы мәселе туындап отыр. Экономикалық өсудің жоғары сапасы ғылыми-техникалық прогресс, негізгі және адамдық капиталға салынытын инвестициялар мен ақпараттық технологияларды қамтитын өсу факторларының құрылымына байланысты. Экономика, сұраныс және бәсекелестік динамикасы басқару, сапаны қамтамасыз ету, өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнімділігі және өндіріс тиімділігіне деген қалыптасқан көзқарасты қайта бағалауды талап етеді. Жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде, экономикалық өсудің негізгі белгілерін айқындауға болады: 1) Ұлттық өнімнің тұрақты өсуі, сәйкесінше халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаруашылықтар қабілеттілігінің өсуі; 2) Экономикалық өсудің негізі және оның қажетті шарттарының бірі болып табылатын техникалық прогресс; 3) Жаңа технологияларды игеру барысында институционалдық және идеологиялық өзгерістерді қолдану керек. Оларды қолданбаған жағдайда, жаңа технологиялар тиімсіз болып танылады. Экономикалық өсу мақсатына жету барысында халық шаруашылығының өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру, яғни ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру қажет. Техникалық прогресс негізінде өндірістік факторлардың тиімділігін жоғарлату экономикалық өсудің интенсивтік типінің маңызды ерекшелігі болып табылады. Интенсификациялау халық шаруашылығы құрылымының өзгеруіне, талапты және жоғары мамандандырылған жұмысшы күшінің дайындауына байланысты. Өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынында ғылыми-техникалық прогресс әсерінен жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін. Кеңейтілген өндіріс жағдайындағы экономикалық өсудің өте жоғары қарқынының байқалмауы өсудің интенсивтік типінің ерекшелігі болып табылады.
97. ҚР-ның ұлттық саясаты. Қазақстан халықтары Ассамблеясы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
