Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
120_tarih.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363 Кб
Скачать
☆

104. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы ислам терроризмі туралы мәселелер.

Қазіргі таңда халықаралық терроризм өзінің ауқымы, қатыгездігі мен адам­гершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналғаны құпия емес. Өкінішке қарай, біз ақпарат құралдары арқылы әлемнің әртүрлі жерлерінде адам­дардың террорлық әрекеттердің құрба­нына айналып, инфрақұрылымдар мен әлемдік тарихтың мұрасына айналған құнды жәдігерлердің қиратылып жат­қанын күнделікті көріп отырмыз. Соны­мен қатар, діни экстремистердің мемлекеттер мен халықтардың тарихи қалып­тасқан дәстүрлі рухани-мәдени және құндылықтық тұғырларын қиратуға талпынысы да анық көріне бастауда. Терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттер мен халықтар арасына да өшпенділік салуға ұмтылып отыр. Өкінішке қарай, әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері жеке-дара бұл зұлымдықты тоқтата алмасы анық. Жалпы, экстремизм мен терроризм әртүрлі сипатта көрініс тауып, түрлі идео­логиялық және саяси доктриналарды, он­ың ішінде дін атын бүркенетіндігін де айта кеткен жөн. Осы ретте дін атын жамылған халықаралық терроризмнің терроризм эволюциясындағы аса қауіпті үрдіске айналғанын ерекше ескерген абзал. Әдетте, осыған дейін саяси терро­ризм­нің түпкі мақсаты зорлық-зомбылық жасауға емес, белгілі бір мәселелерге қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру мақса­тымен бұқаралық ақпарат құрал­дарының назарын өзіне аударуға бағыт­талатын. Ал қазіргі күндегі дін атын жамылған терроризм үшін дін талаптарына сай орындалатын күш көрсету мен зорлық-зомбылықты қасиетті парыз дәрежесіне дейін көтеру басты орынға шығып отыр. Осыған байланысты көптеген ғалымдар кез келген діни бағыттағы фундаментализм, түптеп келгенде, экстремизммен және терроризммен шектесіп жататындығына сенімді. Осы жерде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да діни экс­тре­мизм мен терроризмге қарсы күре­суде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталғанын айта кетуіміз керек. Біздің елімізде жаһандық деңгейдегі мәселеге айналып отырған осынау зұлым­дыққа құқықтық тұрғыдан да, ұйым­дастырушылық және ақпараттық тұр­ғыдан да қарсы тұрудың әдістері мен тетіктері пысықталды. Елімізде оннан астам экстремистік және террорлық ұйымдардың қызметіне тыйым салынды. Біздің ойымызша, қазіргі кезеңде мем­лекеттік органдар мен азаматтық қо­ғам институттарының негізгі кү­ші Қа­зақ­станның көпұлтты және көп­конфес­сиялы халқының ауызбіршілігі мен жара­сымдылығын сақтау мен елімізде діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарына жұмылдырылуы тиіс. Осы ретте, жоғарыда айтылып өткен әлемдегі ахуалды талдау мемлекетішілік және мемлекетаралық күш-жігерді біріктіру арқылы ғана ха­лықаралық терроризмге пәрменді түрде қарсы күресу мүмкін екенін көрсетіп отыр. Демек, осы мәселені кешенді шешу бүгінгі күнде халықара­лық коопера­цияны және әлемнің жетекші елдері тарапынан терроризмге қарсы күресу шаралары бойынша ортақ ұстанымдарды қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан, Қазақстан мен Ресей бас­шыларының көтеріп отырған бастамалары уақыт талабына жауап береді және осы тұрғыда халықаралық қоғамдастықты терроризмге қарсы күресте күш біріктіруге ша­қырған үндеуі болып табылады. Демек, біздің ойымызша, жоғарыда айтылған мәселелер желісінде терро­ризмге қарсы күресуде ортақ идеялық-теориялық тұғырнама әзірлеу, халық­аралық деңгейде терроризмге қарсы бағытталған нақты шаралар әзірлеу және іске асыру, ислам дінін бүркеніп жүр­ген террорлық ұйымдар тарапынан орын алып отырған адамгершілікке жат әрекеттердің себебінен туындайтын исламофобияны еңсеру форумның маңызды міндеттері қатарынан орын алуы қажет. Мемлекет басшыларының көтерген осы бас­тамасы қордаланып қалған халық­аралық сипатқа ие терроризм мәселесін тез арада шешуге мүдделі әлемнің басқа елдері тарапынан да қолдау табады деп сенім білдіруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]