Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К

Тақырыбы:14. Сұйықтықтағы молекулалық құбылыстар.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Сұйықтықтағы молекулалық құбылыстарды түсіндіру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1.Инфрадыбыс дегеніміз не?

2.Дыбыстың қандай түрлері бар?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Температура аса жоғары болмаған кезде сұйықтардың молекулалық көлемі газдардың молекулалық көлеміне қарағанда әлдеқайда аз болады. Сұйық молекулаларының тартылу күші газ молекулаларының тартылу күшіне қарағанда көбірек. Сұйықтың ішінде орналасқан молекулаға оның жан жағында симметриялы орналасқан молекулалар әсер етеді. Бұл молекулалардың қорытынды күші нолге тең. Ал сұйықтың беткі қабатында орналасқан молекулаға оның төменгі, оң және сол жағындағы молекулалар тарапынан күш әсер етеді де, молекуланың үстіңгі бетінен күш әсер етпейді. Ендеше ол молекулаға әсер ететін қорытқы күш нолге тең болмайды. Сұйық бетіндегі барлық молекулалар күші сұйыққа қысым түсіреді. Осы қысымды ішкі немесе молекулалық қысым деп атайды. Бұл қысым Ван-дер-Ваальс теңдеуіндегі . Молекулалық қысым молекулалар арасында болатын қысым, ол сұйыққа батырылған денеге берілмейді. Осы күштердің қосындысы беттік керілу күші деп аталады. Сұйықтың табиғатына, құрамына байланысты сұйық беті дөңес немесе ойыс болып келуі мүмкін. Осы ойыс немесе дөңес бетте беттік керілу күші нәтижесінде қосымша қысым пайда болады. Дөңес беттің асытында пайда болған қосымша қысым төмен, ойыс бетте пайда болған қысым жоғары қарай бағытталады. Лаплас осы қосымша қысымды анықтайтын формуланы тұжырымдады:

Мұндағы -қосымша қысым, - беттік керілу коэффициенті, - қисықтық радиустары. Қосымша қысымды кейде Лаплас қысымы немесе капиллярлық қысым деп атайды.

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1.Сұйық молекулаларының тартылу күші қандай?

2.Судың қандай күйлері бар?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдарментаныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Тестпен жұмыс

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]