Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К.

Тақырыбы: 36. Терідегі фотобиологиялық процестер.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Фотореактивация мен фотоқорғанышты, биологиялық объектілердегі фотосенсибилизацияланған фотобиологиялық үрдістердің ерекшеліктерін білу. Биологиялық мембраналарға УК жарықтың әсерімен танысу.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі:(5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1. Ультракүлгін сәулелер тірі ағзаларға әсер етуі.

2. Молекулалардың зақымдалуының ықтималдығы.

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Күн сәулесі спектрінің диопозоны ішінде адамға ең күшті әсер ететін сәуле ол – ультракүлгін сәуле. Ультракүлгін сәуленің басты нысаны – адамның терісі, өйткені ол сәуле теріден кейінгі қабаттарға өте алмайды. Ультракүлгін сәуленің фототоксикалық және фотоаллергиялық қасиеттерінің кейбір мәселелері. Фотохимиялық процестер адамның тері қабатында өтетін болғандықтан терінің құрылысын қысқаша қарастырайық. Адам терісінің қалыңдығы 0,07 – 0,12 мм эпидермистен, 1 – 2 мм дермадан (терінің өзінен) тұрады. Эпидермисте УК көп мөлшерінде жұтылады. Эпидермис – ол эпидермальдық жасушадан – керетиноциттерден тұратын көп қабатты эпителий. Сол қабаттарда нейроэктодермальды негізіндегі жасушалар – меланоцидтер бар. Терінің түсінің өзгеруі (пигментациясы) – меланин пигментін құрайтын теріні жарық сәулесінен түрлеше тәсілдермен қорғайтын фотобиологиялық процесс. Біріншеден – пигмент фотондарды жұтып, әсер етуші сәуленің интенсивтілігін азайтады. Екіншіден- теріні сәулелендіргенде пайда болатын бос радикалдардан қармап алушының ролін меланин атқарады. Меланин темір иондарын жинақтайды. Темір иондарды липидтердің пероксидті тотығуын азайтады. Олай болса меланин липидтердің пероксидтті тотығуы рекциясын және басқадай бос радикалдарды тежейді.

Фотомедицинада барлық фотобиологиялық процестерді фотоаллергиялық және фототоксинді деп бөліп қарастырады. Фототоксинді эффекттер оптикалық экзогенді немесе эндогенді сенсибилизатормен жұтылған сәуле шығару әсерінен пайда болады. Бұнда эффекттер барлық зерттелушілерде шектік дозаның бар болуымен сипатталады, эффект дозаның немесе зат концентрациясының ұлғаюымен артады. Фототоксинді қосылыстарға псоралендер, порфириндер, тетрациклиндер, фенотиазиндер және т.б. жатады. Фототоксинді эффекттер эритема, эдема және пигментация түрінде өтеді. Барлық фототоксинді және фотоаллергиялық эффекттер теріде өтетін болғандықтан, терінің құрылымын білуіміз қажет. Адам терісі эпидермистен және дермадан тұрады. Эпидермисте ультракулгін сәулелердің көп бөлігі сіңіріледі. Эпидермис – эпидермалық жасушалардан – киротинациттерден тұратын көпқабатты эпителий.

Кератиноциттер қабаттардың 5 параллель жазықтығын құрады, олардың әрқайсысы кератинациттердің дифференциациясының белгілі бір кезеңіне сәйкес келеді.

Эритема, дегеніміз – қан капилярлы тамырға көп мөлшерде құйылғандағы терінің аномальді қызаруы. Эритема әртүрлі себептерге байланысты пайда болады. Олардың арасында инфекциялық аурулар, тері патологиялары, массаждан кейінгі қызару. Қан тамырларының диаметрлерінің үлкеюі нәтижесінде болатын терінің қызаруы, немесе оны гиперемия дейді. УК сәулемен әсер еткенде пайда болатын эриметаның сипаты – әсері етуші сәуленің толқын ұзындығына байланысты болады. Соған байланысты адам терісіне өтетін фотобиологиялық процестерді тудыратын УК сәулені толқын ұзындығына үшке бөлуге болады. УКА (320 – 400нм) УКВ (280 – 320нм) және УКС (200 – 280нм) УКА сәулесімен әсер еткенде эритема бәрден байқалады. Сәулелендәру дозасы ̴ 130 кДж ·м-2

Болғанда тері бірнеше минуттың ішінде қызарады. УКА эритеманың түсі күлгін түске жақын. Ол дерманың теренде жатқан тамырларының кеңеюін көрсетеді.

Пигменттену (лат. pigmentum -бояу). Меланин,гемосидерин сияқты пигменттердің көп бөлінуінен шырышты қабық пен тері бетінің белгілі бір түске боялуы. Пигметтенудің физиологиялық және патологиялық түрлері бар.

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

  1. Фотобиологиялық процесс дегеніміз не?

  2. Эритема жегеніміз не?

  3. Пигменттену дегеніміз не?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Терминдермен жұмыс жасау.

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]