Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Мембрана құрлысы және оның негізгі функцияларын атаңыз?

2. Биомембрананың қандай түрлері бар?

3. Мембрананың сұйық – мозайкалы моделі дегеніміз не?

4. Мембрана биофизикасы дегеніміз не?

5. Мембрананың негізі дегеніміз не?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Сөзжұмбақ құрастыру

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика

Күні:

Тобы: Ф1К

Тақырыбы: 2 Мембраналардағы липидтердің физикалық күйі.

Мембранадағы фазалық ауысулар.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Липидтерге тоқтала отырып, оның мембранадағы күйін анықтау және мембранадағы фазалық ауысу туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1. Жасуша дегеніміз не?

2. Биологиялық мембраналар дегеніміз не?

3. Биологиялық мембраналардың қанша қызметі бар?

4. Липидтер дегеніміз не?

5. Липидтерге не жатады?

6. Липидтер қандай қызмет атқарады?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекшеhydor — су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады.

Температураға, қысымға, химиялық компаненттердің таралуына байланысты заттың физикалық күйі сұйық, қатты, дене және плазма болады. Физиологиялық жағдайда липидтік қос қабатты мембраналар сұйық күйде болады. Мембранадағы фосфолипидтер молекулаларының «орнықты уақыты» өте аз, ол мөлшермен 10ˉ⁷ - 10ˉ² с болады. Сонымен қатар мембранадағы молекулалардың орналасуы ретсіз емес. Олардың орналасуында қашықтықтан реттелетін (дальный порядок) байланыс бар. Фосфолипид молекулалары қос қабатты болып орналасады, олардың гидрофобты құйрықтары бір-біріне параллель орналасады, ал гидрофильді бастары бір бағытта болады. Молекулалар арасындағы байланыс, қашықтан реттелетін, бірақ агрегаттық күйі сұйық болса, онда оны сұйық – кристалды күй дейді.

Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

1. Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.

2. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.

3. Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.

4. Жануарлар организмі үшін су көзі

5. Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.

Қалыпты физиологиялық жағдайларда мембраналар сұйық күйде (золь күй) болады, бірақ та олардың сұйықтан айырмашылығы, ол қатаң реттелген . түрде болады. Сондықтан, мембрананың күйі сұйық кристалды күй (гель күй) деп аталады. Биологиялық мембраналардың физикалық әдістері мәліметтері бойынша олар бірінші ретті фазалық ауысуларға ұшырайды. Температура төмендеген сайын мембрана қатты кристалл күйге өтеді. Осындай ауысуларда мембрананың жалпы құрылысы сақталады, бірақ жүйедегі реттілік артады. Золь күйде бір липид молекуласына сәйкес келетін мембрана ауданы 0,58 нм2, ал гель күйде 0,48 нм2 болады. Мембрана қалыңдығы гель-күйге өткенде артады, бірақ мембрананың аудан көлемі артуына байланысты тұтас алғанда кемиді. Липидті молекулалардың қозғалғыштығы екі фазалық күйлерде бір-бірінен өзгешеліктері бар.

Гель күйде липидтер тек бірлескен тербеліске немесе айналмалы қозғалыс жасаулары мүмкін. Ал сұйық күйде липидтер құйрықтары жоғары еркіндікке ие, әсіресе олардың қозғалғыштықтары мембрана ортасында артады.

Кейінгі кезде золь күйден гель күйге немесе керісінше гель күйден золь күйге өткенде мембраналарда диаметрі 2-6 нм тесіктер пайда болатыны анықталған. Ендеше фазалық ауысулар кезінде иондар мен төменмолекулалық қосылыстардың мембранадан өту қабілеттілігі артады. Мембраналардағы фазалық ауысулар жылдам өтпейді, ал қандай да бір температура интервалында болады. Фазалық ауысу температурасы дегеніміз мембраналық липидтердің жартысының золь күйде, ал жартысының гель күйде болатын температура. Молекулалар арасындағы байланыс нашар болған сайын, соғұрлым мембрананың сұйық күйге ауысу температурасы төмен болады.

Әртүрлі климаттық жағдайларда өмір сүруші тірі организмдердің липидтеріндегі молекулалардың қаныққан және қанықпаған байланыстары әртүрлі, ол олардың суыққа және ыстыққа үйренулеріне көмегін тигізеді. Сонымен қоса бір дененің әртүрлі бөліктерінің температурасы да әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы полярлық оленнің тұяғының температурасы -20 С, ал денесі жаныңдағы аяғының температурасы +30 С. Бірақ та мембраналар фазалық ауысуларға түспейді, себебі тұяқтағы липидтер қанықпаған, ал жоғары жақтығылары қаныққан липидтер. Мембранадағы липидтердегі фазалық ауысулар коллективті түрде болады, себебі неғұрлым көп липидтер фазалық ауысулар жасаса, басқаларының да оны жасауы оңайлай түседі.

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1. Липидтер дегеніміз не?

2. Липидтерге не жатады?

3. Липидтер қандай қызмет атқарады?

4. Липидтердің жасушалары?

5. Липидтерге тән қасиет?

4. Сұйық кристалды күй дегеніміз не?

5. Температура төмендеген сайын мембрана қандай күйге өтеді?

6. Фазалық ауысу температурасы дегеніміз не?

7. Гель күйдегі липидтер?

8. Мембранадағы липидтердің фазалық ауысулар қандай түрде болады?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Сөзжұмбақ құрастыру

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]