Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К.

Тақырыбы: 32. Электромагниттік толқынның ағзаға әсері.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Электромагниттік толқынның әсерін түсіндіру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: жаңа ақпараттық технологиялар информатикадан 30 сабақ оқулығы, Тақырыпқа байланысты электрондық оқулық, Оффистік бағдарламалардың тәжірибелік жұмыстар жинағы

  • үлестірмелі материалдар: тест, тәжірибелік жұмыс

  • ТОҚ: компьютер, электронды оқулық

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап, тәжірибелік жұмыс

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1. Электр тогы дегеніміз не?

2 .Поляризация дегеніміз не?

3. Дененің электр өткізгіштігі дегеніміз не?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Күн сәулесінің энергиясы оның толқын ұзындығымен анықталады: ұзындығы неғұрлым аз болса, соғұрлым, энергиясы көп болады. Жер бетіне жететін күн спектрінің ішіндегі ең үлкен толқын ұзындықтағы (760-4000 нм), сәуле,инфрақызыл сәулесі, ал содан кейінгі ұзындықта (400-760 нм) — көрінетін сәуле болып табылады. Ең аз толқын ұзындықтағы (290-400 нм ) сәулелерге ультракүлгін сәулесі жатады, сондықтан бұл сәуленің кванттары энергияның ең көп қорына ие болады. Жасушаларға берілетін энергияның әр түрлі деңгейіне байланысты, инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелері адам ағзасына біркелкі әсер етпейді. Күн радиациясының электромагниттік спектрінің негізгі бөлігі инфрақызыл сәулесі болып табылады. Толқын ұзындығы жоғары болатын инфрақызыл сәулелер (4000-15000 нм) атмосферадан өткен кезде ұсталынып қалады, жер бетіне толқын ұзындығы қысқа (760-4000 нм) инфрақызыл сәулелер жетеді. Инфрақызыл сәулесінің тигізетін негізгі әсері — жылу әсері. сипатталады.

ИҚ сәулесі әсер еткенде, тіндердің қызуы, фотохимиялық реакцияларда түзілген белсенді қосылыстардың әсері, сонымен қатар, терінің жүйке рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде қан айналым күшейеді, бұлшықет пен тамырлардың тонусы төмендейді, вегетативті реакциялар қалпына келеді, осыған байланыстыауруды басатын және қабынуға қарсы әсері білінеді.

Күннің көрінетін сәулесінің фотохимиялық әсері, инфрақызыл сәулесіне қарағанда, едәуір жоғары, ол қөбінесе фотосенсибилизаторлар қатысуымен іске асырылады. Фотосенсибилизаторлар деп, сәуле энергиясының кванттарын алып, қысқа уақыттық өзгерістерге ұшырайтын, ал содан кейін, бұл энергияны қоршаған тіндерге шоғырланған түрінде беріп, өз қасиеттерін қайтадан қалпына келтіретін заттарды айтады. Осындай фотосенсибилизаторлардың бірі — көз торының пигменттері болып табылады. Күннің көрінетін сәулелері бұл пигменттермен әсерлесіп, көру талдағышының жұмысын қамтамасыз етеді.Бұл кезде көрінетін сәуленің ең маңызды қабілеттілігі біртүсті емес, түрлі түсті қөру ақпараттарың қамтамасыз етуі болып табылады, себебі оның спектріне түрлі түсті сәулелелер: қызыл, қызғылт-сары, жасыл, сары, көгілдір, көк, күлгін түстер кіреді. Күн жарығынан пайда болған түстердің гаммасы ағзаға әр түрлі әсер етеді, ең әуелі, оның психоэмоционалдық саласына: көк және күлгін түстер көңіл-күйді төмендетеді, көгілдір — тыныштандырады, жасыл – индифферентті болады, ашық сары түс – тітіркендіреді, қызыл — қоздырады. Көрінетін жарық спектріндегі жасыл және сары дипазонындағы толқындар көру талдағыштарының жұмысы үшін ең қолайлы деп есептеледі. Күннің жарығы рефлекторлы түрде көру талдағыштары және біршама дәрежеде шеткі жүйке ұштары арқылы әсер етіп, жалпы биологиялық әсер береді. Ол ағзада зат алмасу үрдістерін ынталандырады, үлкен ми сыңарлары қыртысының белсенділігін жоғарылатады, гипофиз секрециясын күшейтеді, осыған байланысты адамның тіршілік тонусы жоғарылайды, өзін сезінуі және эмоционалдық күй-жайы жақсарады. Ағзаның дамуы мен өсу үрдістерінде де күннің көрінетін сәулесі белгілі рөл атақарады.

Ультракүлгін сәулесінің гигиеналық маңызы. Ультракүлгін сәулесі, инфрақызыл және көрінетін сәулелерге қарағанда, энергияға едәуір бай. Бірақ, фотондардың энергиясы бойынша сәулеленудің өзінің спектрі біркелкі емес, сондықтан оларды, толқын ұзындығы мен биологиялық белсенділігі бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар, 3 аймақтарға бөледі: А аймағы — толқын ұзындығы 400-320 нм, ұзын толқынды сәулеленуі (жақын ультракүлгін, эритемді — күнге күю әсері бар), В аймағы — толқын ұзындығы 320-280 нм, орта толқынды сәулеленуі (дәрумен түзуші), С аймағы — толқын ұзындығы 280-210 нм, қысқа толқынды сәулеленуі (қашықтағы ультракүлгін, бактерицидтік). Жоғарыда айтылғандай, жердің бетіне дейін тек ұзын және орта толқынды ультракүлгін сәулелер ғана жетеді. Ал қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін алу үшін, әдетте, олардың жасанды көздерін қолданады.УК сәулесінің әр диапазонына тән өзінің ерекше әсерлері бар. Мысалы, ұзын толқынды УК-сәулелену эритемды-күнге күю әсер көрсетеді, ал орта толқындысы – терідегі Д дәруменінің синтезін ынталандырады және әлсіз бактерицидтік әсер етеді. Ультракүлгіндік эритема сәулеленудің әсерінен соң 1-3 сағаттан кейін, кейде одан да ертерек дамиды. Терідегі эритема шекарасының айқын болуы және біраздан кейін меланиннің түзілуі (күнге күю) оның ерекшелігі болып табылады. УК-сәулесінің әсерінен пайда болатын күнге күю және эпидермистің қалыңдауы, күн радиациясының әсеріне ағзаның қорғаныстық реакциясы болып табылады. Күнге күюдің тез түзілуі — ағзаның реактивтілігінің жақсы екендігін көрсетеді.

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1.Инфрақызыл сәуле дегеніміз не?

2.Ультракүлгін сәулесі дегеніміз не?

3.Сәулелену дегенді қалай түсінесің?

4.Терідегі эритема дегенді қалай түсінесің?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2 мин)

Сөзжұмбақ, тест.

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысыжөніндегіорынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]