Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К

Тақырыбы: 34. Люминесценция, флуоросценция және фосфоросценция. Химилюминесценция.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Люминесценция, флуоросценция және фосфоросценция ұғымдарын таныстыру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар:презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі:(5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1.Жарық дегеніміз не?

2.Жарық жұтылуының физикалық реакциясы қандай?

3.Жұтылу спектрі дегеніміз не?

4. Спектрлік сараптау дегеніміз не?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Люминесценция - сыртқы энергия көзінің әсерінен дененің жарық шығаруы.Люминесценция кезінде шыққан жарықтың жиілігі оны қоздырушы жарық жиілігінен өзгеше болады. Люминесценция, әдетте, спектрдің көрінетін немесе ультракүлгін  обылыстарынан  бақыланады. Осы обылыстардағы  жылулық сәулелену  бірнеше жүз немесе мың градус  кезінде  байқалады, ал люминесценция кез-келген  температура  кезінде  байқалады, сол себепті  люминесценцияны  суық жарық  деп  жиі  атайды.    Люминесценцияны басқа кейбір екіншілік жарықтық заттардан , мысалы  жарықтың  шағылуы  мен  шашырауы, ерекшелігін анықтау үшін  С.И.Вавилов осы анықтаманың ұзақтық қасиетін ұсынған болатын. Электрондық қозған молекулалар (атомдар) люминесценттейді. Қозу әдістеріне байланысты лю минесценцияның түрлерін ажыратуға болады.    Зарядталған бөлшектердің әсерінен болған люминесценция; иондармен – ионолюминесценция, электрондармен –катодолюминесценция, ядтолық сәулелермен – радиолюминесценция. Рентген және ᵞ-сәулелерінің  әсерінен  болған люминесценция  рентгенолюминесценция деп аталады, көрінетін  жарықтың фотондары- фотолюминесценция деп аталады. Үйкелу , қысылу,жарылу кезіндегі кейбір кристаллдық  заттарда триболюминесценция деп аталады. Электрлік алаңда электролюминесценция қозады, көбінде бұған себепкер газдық разрядтардың  жарықтануы. Экзотермиялық  химиялық реакцияларды  жүргізетін люминесценцияларды хемолюминесценция деп атайды. Жеке атомдардан немесе қарапайым молекулалардан тұратын сиретілген газдарда люминесценция оңай байқалады.    Сұйық және қатты денелерде люминесценция тек   белгілі бір  шарттар  орындалғанда ғана пайда болады . Ашық түсті молекулалық жарық беретін жасанды заттарды  люминофорлар деп атйды. Люминесценция құбылысы- атомдардың немесе молекулалардың энергиясы көп жоғары энергетикалық деңгейлерден  энергиясы аз төменгі энергетикалық деңгейлерге ауысуы. Һ=Cῡ : С = түскен жарықтың жылдамдығы  ῡ=сол затта өткен жылдамдығы.   

Биолюминесценци я-ашық түсті, жәй көзге көрінетін кейбір бактериялар,қарапайымдар,рактектестер,жауынқұрттар,балықтар.Ең жақсы белгілісі қоңыздардың биолюминесценци ясы. Биолюминесценция белгілі ферменттік реакциялармен байланысты.  

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1. Люминесценция дегеніміз не?

2. Биолюминесценция дегеніміз не?

3. Люминесценцияның құбылысы дегеніміз не?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Сөзжұмбақ, тест

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]