Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К.

Тақырыбы: 23. Жүрек қан тамырлар жүйесінің құрылысы және механикалық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Жүрек қан тамырлар жүйесінің құрылысы және механикалық моделін түсіндіру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

    • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1.Тін дегеніміз не?

2.Тіндердің құрылысын сипатта?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Жүрек-қан тамыр жүйесі қанның тамырлардың тұйықталған жүйесі бойынша қанның айналымын қамтамасыз етеді. Қанның ағзадағы циркуляциясы арқылы мүшелерге қызметтерін атқару үшін қажет заттар жеткізіледі. Тамырлар бойынша қанның жылжуы кез келген түтіктер жүйесіндегі сұйықтардың жылжуы бағынатын заңдарға бағынады.

Қан айналымының биофизикалық талдауы дегеніміз қысым мен қанның ағуының жылдамдығы арасындағы байланыстарды және олардың қанның, қан тамырларының және жүректің физикалық параметрлеріне тәуелдігін сипаттау.

Қан айналым жүйесі адам мен басқа омыртқалы жаңуарларда механиканың көз қарасынан гидравликалық жүйе болып табылады. Бұл жүйенің құрамына камералық насостар кіреді – жүректің оң жақ және сол жақ бөлімдері (көктамырлар, олардың клапандары, қанқалы бұлшық еттер).

Жүрек және тамырлар физикалық және физиологиялық факторлардың әсерінен өздерінің геометриялық және механикалық сипаттамаларын өзгерте алады. Қанның ағуы мен қысым тербелмелі түрде өзгереді. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызмет атқаруының математикалық сипаттамасын беру өте қиын, қазіргі заманда қан айналымының биофизикалық зерттеуі көбінесе екі мәселенің шешуімен айналысуда:

1) Қанның тамырлар бойымен ағуын сипаттайтын физикалық заңдылықтарын анықтау.

2) Қанның жеке тамырлардағы немесе тамырлар жүйесіндегі ағуының теориялық және тәжірибелік талдауы. Қан айналымының гемодинамикалық көрсеткіштері көбінесе барлық жүрек-қан тамыр жүйесінің биофизикалық параметрлерімен, ең алдымен жүрек қызметінің өзінің сипаттамаларымен (қанның соққы көлемімен), тамырлардың құрылымдық ерекшеліктерімен (олардың радиусы мен созылу қабілетімен) және қанның өзінің қасиеттерімен (тұтқырлықпен) байланысты.

Қан айналым жүйесіндегі бірқатар процесстерді сипаттау үшін физикалық, аналогтық және математикалық модельдеу әдістері қолданылады.

Реология (rheos - ағу, ағын, logos – ғылым, грек тілінен) – заттың деформациясы мен аққыштығы туралы ғылым. Қанның реологиясы (гемореология) дегеніміз қанның тұтқыр сұйық ретіндегі биофизикалық ерекшеліктерін зерттеу.

Сұйықтық ағу формалары сұйықтықтың физикалық қасиеттернен тәуелді. Бұл қасиеттерді бірқатар параметрлер сипаттайды:

1. тығыздық (9.1), мұнда сұйықтың массасы, көлемі

2. меншікті салмақ (25.29) сұйықтың салмағы, көлемі

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1. Дені сау адамның қысымы қандай?

2. Жүрек қан тамырлар жүйесінің құрылысы және механикалық құрылысы қандай?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Тестпен жұмыс.

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]