Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_fiz_naz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың технологиялық картасы

Пәні: Медициналық биофизика.

Күні:

Тобы: Ф1К.

Тақырыбы: 27. Ауыспалы импульс токтары әсерінің биофизикалық негізі.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Ауыспалы импульс токтары әсерінің биофизикалық негізін түсіндіру.

  • Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

  • Тәрбиелік: өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

  • оқу көрнекілік құралдар: презентация

  • үлестірмелі материалдар: тест, үлестірме қағаздар

  • ТОҚ: компьютер

Өз бетінше жұмыс: сұрақ – жауап

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

          • Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: (25 мин)

1. Электрофорездің медицинада қолданылу аясы қандай?

2. Электр өрісі дегеніміз не?

    • Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (конспект): (40 мин)

Адам ағзасына электромагниттік өрістер (ЭМӨ) әсер етеді. Тірі ұлпалар ЭМӨ биологиялық эффектісінің әсерін сезеді. ЭМӨ тек еркін (бос) және байланысқан электрлік зарядтары болатын физикалық орталармен ғана өзара әсерлеседі. Зарядтың екі түрі де бар болатын орталарда ЭМӨ өткізгіштік токты да, өрістің жоғары жиілігінде айтарлықтай болатын ығысу тогын да тудырады. ЭМӨ-ң магнитті және электрлік құраушыларының ағзамен өзара әсерлесуі биологиялық жүйенің сипаттамаларының өзгеруіне және биологиялық эффектінің күшеюіне әкеліп соғады. Осыны резонансты құбылыстар кезінде ескеру қажет. Радиобиологияда барлық ЭМӨ екі диапазонға бөлінеді: төменгі жиілікті ( Гц-ке дейінгі) және жоғары жиілікті (Гц-тен жоғары). Төменгі жиілікті ЭМӨ-ге қатысты адам ағзасының өткізгіштік қасиеттері болады. Сыртқы өрістің әсерінен ұлпаларда өткізгіштік ток пайда болады. Еркін зарядтардың негізгі өкілі иондар болып табылады. Төменгі жиілікті ЭМ толқындардың ұзындығы адам денесінің өлшемдерінен көп есе үлкен болады, соның салдарынан барлық ағза осындай толқындардың ықпалына душар болады. Бірақ осы ықпалдың түрлі ұлпаларға әсері бірдей болмайды, өйткені түрлі ұлпалардың электрлік қасиеттері мен өткізгіштік токқа сезімталдығында айырмашылықтары болады. Индуцияланған өткізгіштік тоққа аса сезімтал жүйке жүйесі болып табылады. Осы ток жасушааралық сұйықтық арқылы ағады, себебі жасушааралық сұйықтықтың кедергісі жасушалы мембраналардың кедергісінен кіші болады. Нейрондардың плазмолеммасы арқылы мыңдық үлесіндей шамадағы өткізгіштік ток өтеді. Бұл нейрондарды қоздыруға жеткіліксіз. Бірақ өте күшті төменгі жиілікті ЭМӨ-мен қоршаған ортада адамдар мен жануарлар кездеспейді. Осы өрістің жиілігін 200 Гц-ке дейін жоғарылатып, жүйкелер мен бұлшықеттерді қоздыруға болады, бірақ токтың кенет артуы электрлік жарақаттың биофизикалық механизмі болып табылады. Жоғары жиілікті тербелістердің емдік әсерінің кезкелген механизмдерінің негізіне осы тербелістердің ағза ұлпалары құралатын заттардың электр зарядталған бөлшектеріне (электрондар, атомдар, молекулалар) алғашқы әсері жатады. Жоғары жиілікті тербелістердің әсерінің эффекттісін екі топқа бөлуге болады – жылулық эффект және айрықша (ерекше, өзіндік) эффект. Жылулық эффект басқа әдістер арқылы алынған жылулық эффектіден (грелка, жылылап жауып қою, инфрақызыл сәулелендіру және т.б.) елеулі артықшылықтарымен ерекшеленеді. Жоғары жиілікті токтармен және өрістермен ұлпаларды қыздыру дене бетіне жеткізілген жылудың берілуі есебінен емес, дене ішіндегі ұлпалар мен мүшелерден тікелей жылу бөлінудің есебінен орындалады. Бұл тері қабаты мен тері асты майлы клетчатканың (өзегінің біршама дәрежеде) жылуды оқшаулау (изоляция) әсерін болдырмауға, жылудың дене бетіне тереңірек өтуін едәуір әлсірететін қанайналым жүйесінің жылуды реттеу әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Төменгі жиілікті токтардан жоғары жиілікті токтардың айырмашылығы, олар тек өткізгіштерді ғана емес, диэлектриктерді де жоғары тепмператураға дейін қыздыруға қабілеттілігі. Төменгі жиілікті токтар өткізгіштің барлық қимасы бойымен өтеді, ал жоғары жиілікті токтар көбінесе өткізгіштің жіңішке (жұқа) беттік қабатымен өтеді. Күші 50 мА-ден жоғары болатын төменгі жиілікті токтар адамға қауіпті, ал күші 3-4 А болатын жоғары жиілікті токтар адамға мүлдем қауіпсіз және адам ағзасында ешқандай жағымсыз реакциялар тудырмайды. Бұл ұлпалар арқылы төменгі жиілікті токтардың өтуі кезінде иондардың тербеліс амплитудасының ұлпалардың беріктілік (мықтылық) шегінен жоғары болатындығымен түсіндіріледі. Ауырсыну сезімі пайда болып, ұлпалардың бір бөлігі бүлінеді. Ұлпалар арқылы жоғары жиілікті токтар өткен кезде, иондардың ығысуы өте болмашы болады, сол себепті жоғары жиілікті токтар ешқандай жағымсыз сезім тудырмайды. Жоғары жиілікті тербелістердің жылулық әсерінің ерекшілігі, ағзаның кезкелген мүшелері мен ұлпаларында бөлінетін жылудың мөлшері тербеліс параметрлеріне, әсіресе жиілікке және осы ұлпалардың электрлік қасиеттеріне де байланысты болады. Тербеліс жиілігін сәйкес таңдай отырып, «жылулық селективті» әсерді, яғни белгілі бір ұлпаларда жылудың көп бөлінуін қамтамасыз етуге болады. Жоғары жиілікті әдістердің маңызды бір артықшылығы- объектіге әсер ететін тербелістің қуатын, соған сәйкес жылулық эффектінің интенсивтілігін оңай реттеуге болатындығы; кейбір әдістерде осы қуатты жеткілікті дәл анықтауға да болады. . Электромагниттік тербелістерді қолдануға негізделген барлық емдеу әдістері тек науқасқа әсер ету тәсілдерімен және қолданылатын тербелістің параметрлерімен (жиілік, қуат, кернеу және т.б.) ғана айрықшаланады. Дарсонвализация кезінде кернеуі бірнеше мың Вольт, жиілігі 200-300 кГц болатын ток қолданылады. Оны автоматты үзгіші бар тербелмелі контурдың көмегімен алады. Осы кезде бір-бірінен біраз интервалда болатын серпіністер (импульс) түріндегі электромагниттік тербелістер пайда болады. Диатермия кезінде дененің жалаңаштанған бөлігіне лампалы генератордың терапевтік контурымен қосылған екі қорғасын пластинкалары орналастырады (сурет 1, а). Электродтар арасында жоғары жиілікті электр өрісі пайда болады, соның әсерінен ағза ұлпаларында күші 1,5—2 А және жиілігі 0,5 КГц . Медицинада жоғары жиілікті токтарды қолдану: а) диатермия, б) индуктотермия, в) УЖЖ- терапия. МГц болатын ток өтеді.

    • Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: (15 мин)

1. Электромагниттік өрістер дегеніміз не?

2. Жоғары жиілікті тербелістердің әсерінің эффекттісінқандай екі топқа бөлуге болады?

Сабақтың қортындысы: (3 мин)

  • Рефлексия:

Кандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?

Өз мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Қандай қиындықтармен жолықтыңдар?

Болашақ маман ретіндегі тақырыпқа көз-қарасың қандай?

  • Бағалау:

Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою

  • Үй тапсырмасы: (2мин)

Тестпен жұмыс

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу әдістемелік

жұмысыжөніндегіорынбасары

Жантелиева Л.О.

«____»__________2016 ж.

______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]