- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
Автомобиль көлігіндегі жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейi, ең алдымен, автокөлiк жүргізушiлерiнiң нашар тәртiбiмен, олардың жолда жүру ережелерi мен автомобильдердi техникалық пайдалану ережелерiн толық бiлмеуi және олардың талаптарын орындамауымен түсiндiрiледi. Автокөлік мекемесi басшыларының басты назарында болатын жұмыстардың бiрi – жүргізушiлер құрамын оқыту және тәрбиелеу болып табылады.
Мекемедегi тәртiп бұзушы жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерi бойынша, әсiресе жолда жүру ережелерiнiң жүргізушiлер бiлмеген, бiлсе де сақтамаған немесе дұрыс орындамаған тарауларының, бөлiмдерiнiң талаптары бойынша бiлiм деңгейлерiн тексеру қажет. Мұндай тексерулер мекеменiң қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнде оқыту және бiлiм деңгейiн бақылаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы өткiзiледi.
Жолда жүру ережелерiнiң талаптарын бұзған әрбiр жүргізушi жазбаша түрде түсiнiктеме жазып, онда ереже бұзу түрiн, ереже бұзуға себепкер болған жағдайларды көрсетедi. Ол жүргізушiмен жеке әңгiмелесуден соң оған мiндеттi түрде тиiстi әсер ету шаралары қолданылады.
Ереже бұзған жүргізушiге қолданылатын шаралар пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында, әрбiр оқиға колонна, бригада ұжымында талқылануы керек. Соңғы бiр жыл iшiнде жолда жүру ережелерiн бұзған және еңбек тәртiбiн сақтамаған жүргізушiлердi кәсiби бiлiктiлiктi арттыру курстарына жiбермеу, олардың шеберлiк санатын төмендету, жылдық демалыстарын қысқы маусымда беру, жаңа көлік құралдарына отырғызбау, қалааралық, халықаралық тасымалдау бағыттарынан шеттету шаралары мiндеттi түрде өз жемiстерiн бередi.
Әрдайым еңбек, қаржылық және көліктік тәртiптердi және жолда жүру ережелерiн бұзушы жүргізушiлердi бiлiктiлiк комиссиясына жiберу қажет.
3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
Автомобиль көлігі мекемесiнде көлік құралдарын жол-көлік оқиғаларынсыз пайдалану мәселелерi бойынша тәрбиелiк жұмыстарын мекеме басшылары мен колонналар бастықтары, кәсiподақ комитетi және мекеменiң барлық қызметтерiнiң (пайдалану қызметi, техникалық қызмет және қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi) басшылары жүргiзедi. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда басты, ерекше маңыз колонналар бастықтары мен қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша инженерге тиесiлi.
Колонна бастығы жүргізушiлер ұжымының тiкелей жетекшiсi ретiнде тәртiптiлiк пен ұқыптылыққа, еңбекке деген дұрыс көзқарасқа тәрбиелейдi. Ол үшін ең әуелi қозғалыс қауiпсiздiгi мен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жеке әңгiмелесулер әдiсiн қолданады, алдыңғы қатарлы, шебер жүргізушiлер тәжiрибесiн тарату ұйымдастырылады, жол-көлік оқиғаларын және жолда жүру ережелерiн бұзу оқиғаларын қызметтiк тексеру нәтижелерiн талдау өткiзiледi және үгіт-насихат көрнекi құралдары, плакаттар, ұрандар, қабырға газеттерi, сатиралық бұрыштар кеңiнен қолданылады. Көрнекi құралдар мен басқа да үгіт-насихат материалдары жүргізушiлер көптеп жиналатын диспетчерлер бөлмесi маңына, касса алдына, мекеме дәліздеріне, бақылау-өткiзу бекеттерiне және қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiне орналастырылады. Алдыңғы қатарлы шебер жүргізушiлердiң фотосуреттерiн iлу де үлкен тәрбиелiк мәнге ие.
Автокөлік мекемесi территориясына жол белгiлерi мен көрсеткiштерi орналастырылады. Ерекше назар аударуды қажет ететiн жағдайларды нақты көрсетушi ұрандар мен плакаттар iлiнедi. Бұл мақсаттарға мекеменiң радиоторабын кеңiнен қолдануға болады.
3.3 Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларына қоғамдық ұйымдардың қатысуы
Автокөлік мекемесi жүргізушiлерiнiң кiнәсiнен болған және мекемеге байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларына барлық қызметтермен бiрге оның қоғамдық ұйымдары да қатысып өз үлестерiн қосады. Кәсiптiк одақтың жергiлiктi комитеттерi, қозғалыс қауiпсiздiгiне қоғамдық бақылау комиссиясы, қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша арнайы ерiктi жасақтар тобы, жолдастық сот сияқты қоғамдық ұйымдар қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша, өз мiндеттерi ауқымында, тиiстi шаралар қабылдап оны жүзеге асырады.
Автокөлік мекемесiнiң әкiмшiлiгi, қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi қоғамдық ұйымдарға, олардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көліктік тәртiптi жақсартуға бағытталған жұмыстарына көмектесуi қажет.
Қоғамдық ұйымдардың басты мiндетi – жүргізушiлермен ғана емес, жаяу жүргiншiлермен де жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарын атқару. Жолда жүру ережелерi әр түрлі мекемелерде, ұйымдарда, ауыл шаруашылығы ұйымдарында, мектептерде және балалар бақшаларында түсiндiрiлуi керек. Қоғамдық ұйымдардың жұмыс формалары әр түрлі және ұдайы дамытылуда.
Кәсiподақтардың жергiлiктi комитеттерi мекеменiң жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қоғамдық ұйымдардың сайлануын ұйымдастырады және олардың жұмысына басшылық жасайды. Олардың жұмыс жоспарларын бекiтедi, ондағы шаралардың орындалуын тексередi, атқарылған жұмыстар есебiн тыңдайды және тиiстi шаралар қабылдайды. Бұдан басқа жергiлiктi комитет мекеменiң әкiмшiлiгi мен оның жеке қызметтерiнiң жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру бойынша жасалған жұмыстарын тексередi және қажет болған жағдайда тиiстi шаралар қабылдайды.
Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жергiлiктi комитет «Қозғалыс қауiпсiздiгi үшін» конкурсын, әр түрлі жарыстар, қозғалыс қауiпсiздiгi айлығын және басқа да шаралар ұйымдастырады. Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша қоғамдық комиссия мүшелерi оларға бақылау жасауға берiлген өкiлдiк шегiнде қоғамдық тексерушi болып табылады. Комиссия мүшелерiнiң құқықтары:
– ереже бұзу фактiсi анықталған жағдайда арнайы акт түзiп оны мекеме әкiмшiлiгiне, шара қолдану үшін, өткiзу;
– өздерiнiң мәжiлiстерiнде қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша мәселелерді қарастыру және жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру бойынша шаралар ұсыну;
– мекеме әкiмшiлiгi мен жергiлiктi комитетке өздерiнiң үлгiлi, өнегелi жұмыстарымен автомобильдердiң техникалық дайындық коэффицентiн арттыруға, көлік құралдарын пайдалануды жақсартуға және желiде апатсыз, ереже бұзушылықсыз жұмыс iстеуге қол жеткiзген жөндеу жұмысшылары мен жүргізушiлердi марапаттау жөнiнде мәселе көтеру;
– көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету немесе оларды жөндеу жұмыстарының сапасын төмендеткен жұмысшылардың сыйақы мөлшерiн кемейту жөнiнде ұсыныс енгiзу;
– жол-көлік оқиғаларының пайда болуына ықпал ететiн, тексеру кезiнде анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде әкiмшiлiкке, жергiлiктi комитетке және жол полициясы органдарына тиісті ұсыныстар жасау;
– әр түрлі деңгейдегi ережелер, тәртiптердi бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мекеме әкiмшiлiгiне өтiнiш беру.
Комиссия автокөлік мекемесi әкiмшiлiгiмен тығыз байланыста жұмыс iстейдi және жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерiн сақтауын, тұрақты бағыттардағы жол жағдайларын, жүргізушiлердiң еңбек және демалыс режимдерiнiң сақталуын, желідегі жұмысқа тек қана техникалық ақаусыз автомобильдердiң шығарылуын, қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша нұсқаулардың өз мерзiмiнде өтiлуiн, көлік құралдарының сыртқы түрiн және тазалығын, жүргізушiлердiң және жөндеу жұмысшыларының сыртқы түрiн, тазалығын және ұқыптылығын тексередi. Анықталған кемшiлiктер бойынша оларды жоюға бағытталған ұсыныстар, iс-шаралар қабылдайды және қозғалыс қауiпсiздiгi, жолаушыларға үлгiлi, мәдениеттi қызмет көрсету мәселелерi бойынша әңгiмелер, лекциялар ұйымдастыруға белсене араласады.
