- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
7.1 Жалпы мәлiметтер
Автокөлік мекемелерінің бақылау-өткiзу бекеттерi (БӨБ) мекемеден желідегі жұмысқа шығып бара жатқан және желідегі жұмыстан мекемеге қайтып оралған көлік құралдарының техникалық жағдайын, жол сапар қағаздарының бар немесе жоқтығын және олардың дұрыс толтырылуын, спидометрдiң көрсетулерiн тексеруге арналған.
Бақылап-өткiзу бекетiнiң механигiне автокөлік мекемесi бойынша кешкi және түнгi уақыттардағы жұмыстарға жауапты қызметкердiң мiндеттерi жүктелген. Кейбiр жағдайларда жүргізушi өз автомобилiне өзi жеке бақылау жасау құқығына ие болады. Мұндай автомобильдердiң техникалық жағдайы автомобильдiң жол сапар қағазында механиктiң қолынсыз жүргізушiнiң қолымен және «Автомобиль өзiндiк бақылауда» бұрыштамасымен куәландырылады. Өзiндiк бақылау жағдайында жүргізушiнің өзiне бекiтiлiп берiлген автомобильдiң мекемеден жұмысқа шығару кезiнде және мекемеге жұмыстан қайта оралған мезгiлiндегi техникалық жағдайын техникалық бақылау бөлiмiнiң қызметкерлерiнсiз тексеру құқығы берiледi.
Бақылау-өткiзу бекетi негiзгi ғимараттан, кiру және шығу қақпаларынан, автомобильдердiң техникалық жағдайын тексеру алаңынан тұрады. Негiзгi ғимараттың бiр бөлмесi техникалық бақылау бөлiмiнiң механиктерiне жұмыс iстеу үшін арнайы жабдықталады. Iрi автокөлік мекемелерiнде техникалық бақылау бөлiмi механиктерiнiң бөлмесi әдетте, диспетчерлер бөлмесiн, дәрiгерлiк пункттi, жанар-жағар майларға құжаттар беру қызметi бөлмесiн, жүргізушiлер тиiстi құжаттарын толтыруға арналған орынын, қозғалыс қауiпсiздiгi бұрышын қамтитын әртүрлі бөлмелерден тұратын, әкiмшiлiк-тұрмыстық ғимараттың бiр жағына орналасқан өндiрiстiк бөлмелер кешенiне енедi.
Техникалық бақылау бөлiмi механигiнiң бақылау-өткiзу бекетiндегi жұмыс орны құжаттарды толтыру, көлік құралдарының пайдалану сипаттамаларын зерттеу және бақылап-өткiзу бекетiндегi алаңда автокөлік мекемесiнен шығып бара жатқан және қайтып келген көлік құралдарын тексеру үшін тиiстi деңгейде жабдықталуы тиiс. Механиктер бөлмесi мына төмендегідей 4-кестеде келтірілген, қажеттi жабдықтармен қамтамасыз етiлуi керек.
Бақылап-өткiзу бекеттерiндегi жылжымалы құрамның техникалық жағдайын тексеруге арналған алаң тегiс, бетi қатты қаптамамен қапталған жол бөлігінде жабдықталады және автомобильдердiң тежеу жолын анықтау үшін белгiлер қойылады. Алаңда, сонымен қатар, көлік құралдарын қарауға арналған автомобильдер үстiне шығып тұратын көпiрлiк құрылыс (эстакада) немесе қарау орны және қажеттi техникалық нормалар мен көлік құралдарын тексеру әдiстерi келтiрiлген тақта мiндеттi түрде болуы керек.
4-кесте. Техникалық бақылау бөлiмi механигi бөлмесінің қажетті жабдықтары
№ |
Жабдықтар атауы |
Саны |
1 |
2 |
3 |
|
|
Жазу столы |
1 |
|
|
Орындықтар |
2 |
|
|
Құжаттар тақтасы |
1 |
|
|
Киiм iлгiш |
1 |
|
|
Жазу-сызу құралдары |
1 |
|
|
Сағат |
1 |
|
|
Бақылау-өлшеу құралдарын салуға арналған тасымалды қорап |
1 |
|
|
Газоанализатор |
1 |
|
|
Тасымал шамы |
1 |
|
|
Түтін өлшегіш |
1 |
|
|
1115 маркалы деселерометр |
1 |
|
|
Рульдiк басқаруды тексеруге арналған құрал НИИАТ-528 |
1 |
|
|
Темiр сызғыш |
1 |
|
|
Ұзын сапты балға |
1 |
|
|
Доңғалақ манометрi |
1 |
|
|
Штангенциркуль |
1 |
|
|
Тахометр |
1 |
|
|
Автомобильдер шамдарын реттейтiн құрал |
1 |
|
|
Стетоскоп |
1 |
|
|
Тежеу жүйесіне арналған манометр |
2 |
|
|
Алдыңғы доңғалақтарды тексеру сызғышы |
1 |
Бақылап-өткiзу бекетiнiң негiзгi құжаттары:
– бақылау-өткiзу бекетiнiң механигiнiң нұсқаулары;
– қауiпсiздiк шаралары бойынша нұсқаулар;
– жол құжаттарының үлгiлерi;
– көлік құралдарын техникалық байқау бойынша нұсқаулар;
– автомобильдердi пайдалану бойынша нұсқаулар;
– техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесiнен үзiндiлер;
– көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау журналы.
7.2 Көлік құралдарын тексеру тәртiбi
Автокөлік мекемелерiнiң бақылау-өткiзу бекеттерiнде көлік құралдарын тексеру, байқау және бақылау тәртiбi мемлекеттiк немесе салалық стандарттармен реттелмейдi. Көп жылдық автомобиль көлігін пайдалану практикасында аз уақыт iшiнде, жоғары сапалы және бақылау операцияларын толық өткiзудi қамтамасыз ететiн көлік құралдарын байқау жұмыстарының орындалу тәртiбi белгiленген. Байқау, бақылау жұмыстарының көлемi негiзiнен әр түрлі көлік құралдары үшін бiр-бiрiне ұқсас, бiркелкi болып келедi және техникалық жағдайы МемСТ 25478-82 мемлекеттiк стандарт талаптарына сәйкес келетiн көлік құралдарының желiге шығуын қамтамасыз етуге кепiлдiк бередi. Сонымен қатар, көлiк құралдарының пайдалануға тиым салынатын ақауларының тiзбесi жол қозғалысы ережелерiнiң қосымшаларында белгiленген.
5-кестеде автомобильдi бақылау-өткiзу бекетiнде байқау жұмыстарының ұсынылған тәртiбi келтiрiлген.
5-кесте. Бақылап-өткiзу бекетiнде көлік құралдарын байқау жұмыстарының шамалық мазмұны және орындалу тәртiбi
№
|
Бақылау, тексеру жұмыстары |
Техникалық жағдайлар және нұсқаулар |
1 |
2 |
3 |
1 |
Автомобильдердiң желiге шығару құжаттарының түгелдiгiн және дұрыс толтырылуын тексеру |
Әрбiр жүргізушiнiң көлік құралын жүргізу куәлiгi және толтырылған жол қағазы болуы керек |
2 |
Көлік құралдарының алдыңғы доңғалақтарының, басқару механизмiнiң және басқару тұтқаларының қатырылуын және күйiн тексеру
|
Доңғалақтардың тесiп өткен бүлiнулерiне, корд жiптерiнiң үзiлуiне, басқару тұтқаларының айқын бос жүрiстерiне жол берiлмейдi |
3 |
Алдыңғы алқаның, алдыңғы көпiрдiң, амортизаторлардың жағдайларын, қозғалтқыш картерiнен май ақпауына, суыту суының ақпауына бақылау жасау |
Автомобиль астына май мен сұйықтық тамып тұруына жол берiлмейдi |
4 |
Жарық беру көздерiнiң тазалығын және дұрыс жұмыс iстеуiн тексеру |
|
5 |
Қозғалтқыш картерiндегi майдың, радиатордағы су деңгейiн, жетекшi белдiктердiң тартылу шамасын анықтау |
Май мен сұйықтың деңгейi белгiленген қалыпта болуы тиiс |
6 |
Көлік құралы есiктерiнiң, қосымша доңғалақтың, есiк құлыптарының, әйнек көтергiштердiң, артқы жақты бақылау айналарының жағдайын тексеру
|
Есiктер құлыптары дұрыс жұмыс iстеуi, қосымша доңғалақтың берiк қатыры-луы керек |
5-кестенің жалғасы
|
||
1 |
2 |
3 |
7 |
Артқы доңғалақтар күйiн және қатырылуын тексеру |
Доңғалақтарда тесiп өткен бүлiнулер, корд жiптерiнiң үзiлуiне жол берiлмейдi |
8 |
Автомобильдер корабының тиектi iлгегiнiң, артқы жарық беру фонарларының бұрылу көрсеткiштерiнiң түзулігін анықтау |
Тиектi iлгектер қорап қабырғаларын берiк бекiтуi керек |
9 |
Артқы алқаның жай-күйiн және оның қатырылуын тексеру |
Серiппелi темiр басқышта-ры және қапсырмалары қатты тартылуы қажет |
10 |
Iлiнiс және тежегiш басқыштарының бос жүрiс мөлшерiн анықтау |
Бос жүрiс шамасы белгiленген шек көлемiнде болуы керек |
11 |
Басқару доңғалағының еркiн айналу (люфт) шамасын және қолмен тежеу тұтқасының жүрiс шамасын тексеру |
Доңғалақтың еркiн айналу шамасы 150 артық болмауы керек. Қолмен тежеуiш сенiмдi жұмыс iстеуi қажет |
12 |
Қозғалтқыш жұмысын, бақылау-өлшеу құралдарының дұрыстығын, берiлiстердiң оңай ауыстырылуын, тежегiштер әрекетiн тексеру |
Тежегiштi iске қосқанда барлық доңғалақтар жеңiл әрi бiр мезгiлде тежелуi шарт |
13 |
Жүргізушi аспаптарының дұрыстығын және жинақталуын бақылау |
|
14 |
Автопоездарды байқау кезiнде тiркеу iлмегiнiң жағдайын, өздiгiнен ағытылмау фиксаторын, ауа айдау құбырларын, электр сымдарын, тiркеменiң доңғалақтарын, қорап тиектерiн, бүркеме күйiн, жағдайларын тексеру
|
|
