Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Служба БД.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi

8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу

«Жүргізушi – автомобиль – жол» жүйесінде жүргізушi негiзгi бөлiм болып табылады, сондықтан да оның, қозғалыс жиiлiгi күн сайын дерлiк артып отырған көшелер мен автомобиль жолдары арқылы көлік құралын жүргізу барысындағы, психофизиологиялық ерекшелiктерiн зерттеу жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатындағы қолданылмай жатқан мүмкіндіктердiң үлкен қоры болып табылады. Соның салдарынан бүгiнгi таңда көптеген ғылыми ұжымдар өздерiнiң күш-жiгерлерiн жүргізушiлердi кәсiби шеберлiгi тұрғысынан iрiктеуге және оларды жүргізушi жұмысына кәсiптiк бейiмдеу проблемаларын шешуге бағыттауда. Бiздiң елiмiздiң ғалымдары үшін кәсiби iрiктеу мәселелерi жаңа, бейтаныс проблема емес. Мысалы, психологиялық ғылымның бiр саласы болып табылатын – ұшқыш еңбегi (авиациялық психология) – ұшу қызметi түрлерінiң психологиялық ерекшелiктерiн, ол ерекшелiктердiң әртүрлі факторларға тәуелдiлiгiн зерттейдi және курсанттардың екi кезеңде: топтарға қабылдау мерзiмiнде және оқудың бiрiншi жылында iрiктелуiн қарастырады.

Авиациялық психологияға адамның ұшу әрекетi процесiнде де үлкен роль берiлген. Қазiргi кезде авиациялық психологияның мол мұрасы автопсихология деп аталатын, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылымның даму барысында үлкен табыспен қолданылып отыр.

Қазақстан Республикасындағы жол-көлік оқиғаларының себептерiн талдау барысында белгiлi болғанындай, барлық оқиғалардың жартысына жуығы жүргізушiнiң басқа қозғалыс мүшелерiнiң iс-әрекеттерiне жеткiлiктi дәрежеде мән бермеуi, жолдағы қалыптасқан жағдайды дұрыс сараптамауы, реакция уақытының тұрақсыздығы, қарсы көлік құралдары жарық көздерiнiң шағылыстыруына қарсы тұру мүмкіндiгiнiң төмендеуi, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын дұрыс анықтай алмауы салдарынан пайда болған. Елiмiздегi психолог ғалымдар қазiргi кезде адамның психофизиологиялық функцияларының автомобиль жүргізуге тигiзетiн әсерiн зерттеумен айналысуда. Бұл зерттеулер тек қана жүргізушiлердi кәсiби тұрғыдан iрiктеу ғана емес, сонымен қатар әрбiр жүргізушiге психология және физиология тұрғысынан алғандағы оның қабiлеттерiн толық көрсете алу мүмкіндiгiн тудырады. Бiрiншi кезекте мұндай зерттеулер қалааралық және халықаралық автобус желiлерi жүргізушiлерi арасында, сонымен бiрге жол-көлік оқиғаларының пайда болуына себепшi болған жүргізушiлермен жасалған. Тексерулер барысында арнайы құрал-жабдықтар қолданылады, зерттеулер жүргізу әдiстерi, құжаттар формалары және психологиялық бағалау көрсеткiштерi жасалынған. Психологтардың берген қорытындылары негiзiнде әрбiр жүргізушiнiң қабiлетiн анықтауға болады.

Канадалық Ұлттық-зерттеу кеңесi қызметкерлерi әрбiр жүргізушiнiң жай-күйiн және оның бiлiктiлiгiн анықтауға мүмкіндік беретiн арнайы қондырғы жасаған. Ол қондырғы жүргізушi организмiне шаршау, алкогольдiк iшiмдiк, шала ұйықтау сияқты факторлардың тигiзетiн әсерiн анықтауға мүмкіндік бередi. Зерттеулер кезiнде арнайы жарық сигналдары берiледi. Жүргізушiнiң ол сигналдарға назар аудару (жүргізушi басқару доңғалағын берiлген сигналдарға сәйкес бұруы қажет) уақыты арнайы таспаға жазылып, ЭЕМ-на берiледi. Берiлген ақпарат машина көмегiмен өңделiп, 2 минуттан соң жүргiзушiнiң нақты жағдайда автомобильдi басқару қабiлетi туралы мәлiметтер берiледi.

Автомобиль көлігі ғылыми-зерттеу институтының (НИИАТ) жетекшiлiгiмен күрделi қала iшiлiк қозғалыс жағдайындағы жүргізушiнiң еңбегiн суреттейтiн және жүргізушiнiң күрделi реакцияларын өлшеуге мүмкіндік беретiн қондырғы жасалынған. Бұл қондырғы НИИАТ БД-13 үлгiсiндегi жүргізушiнiң назар аудару уақытын көрсететiн және оны зерттейтiн, НИИАТ БД-19 үлгiсiндегi жүргізушiнiң реттелмейтiн қиылыстардағы жағдайды бағалауға жұмсалатын уақытты көрсететiн және оны зерттейтiн, НИИАТ БД-21 үлгiсiндегi жүргізушiнiң артқы жақты көрсететiн айна арқылы қозғалыс жағдайын бағалау уақытын көрсетуге және зерттеуге арналған стендтерден және автомобиль жүргізушiсiнiң көзiн шағылыстыру жағдайында көру тұрақтылығын зерттеуге арналған аспаптан тұрады.

Украина Оқу министрлiгiнiң психология ғылыми-зерттеу институтында зерттеу жұмыстарын жүргізудiң үш түрлі әдiстемесi жасалынған: психология ғылымдарының докторы Е.А.Милерян дайындаған жүргізушiлердiң жұмыс iстеу қабiлетiн кешендi сынау әдiстемесi; психология ғылымдарының кандидаты Ю.З.Гильбух дайындаған жүргізушiнiң қауiп-қатерге тәуекел ету (риск) бейiмдiлiгiн байқау әдiстемесi; психология ғылымдарының докторы Б.Ф.Баев дайындаған динамикалық көзбен шамалауды байқау әдiстемесi.

Жоғарыда көрсетiлген әдiстемелердi тәжiрибе жүзiнде тексеру барысында алынған мәлiметтердi сапалық талдау және математикалық қорыту нәтижесiнде әрбiр әдiстеме үшін сегiз баллдық бағалау шкаласы жасалынды. Бұл шкалаларды iс жүзiнде тiкелей қолдану жүргізушiлердi сынау қорытындыларын есепке алу негiзiнде әрбiр жүргізушiнiң кәсiби мiндеттерiн орындауға жарамдылығын анықтауға болады.

Автокөлік мекемелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апаттардың алдын алуға бағытталған жқмыстарды ұйымдастыруда автокөлік мекемелерінің басшы құрамының осы бағыттағы біліктілігін арттыруға да көп көңіл бөлу керек.

Автомобиль көлігі кәсіпорындарындағы басшы қызметкерлердің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы біліктілігін арттыру жұмыстарының үлгілік оқу жоспары 9-кестеде келтірілген.

9-кесте. Автомобиль көлігі кәсіпорындарындағы басшы қызметкерлердің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы біліктілігін арттыру жұмыстарының үлгілік оқу жоспары

№

Сағаттар саны

Тақырыптар

бар-

соның iшiнде

лығы

лекция

зертхана

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы автомобиль көлігі. Бiрыңғай көлік жүйесіндегі оның орны және мiндеттерi. Автомобиль көлігі жарғысының негiзгi ережелерi

4

4

-

2

Жол-көлік оқиғалары, олардың түрлерi, себептерi және оларды талдау

6

6

-

3

Көлік процесiн қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарты бойынша ұйымдастырудың негiзгi қағидалары

4

4

-

4

Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жол жағдайларының тигiзетiн әсерi

4

4

-

5

Автомобиль көлігі жылжымалы құрамына қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тұрғысынан қойылатын талаптар

10

6

4

6

Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi жүргізушiнiң және оның бiлiктiлiгiнiң алатын орыны

4

4

-

7

Жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерi бойынша бiлiм деңгейiн, әртүрлі оқыту машиналарын қолдана отырып, тексерудiң негiзгi әдiстерi

4

4

-

8

Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша зертханалық жұмыстар және оқыту-үйрету машиналарында бiлiм деңгейiн тексеру

12

-

12

9

Автокөлік мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi алдыңғы қатарлы жұмыс тәжiрибелерi

6

6

-

10

Автомобиль көлігіндегі мемлекеттiк, ведомствалық және қоғамдық қадағалау

2

2

-

11

Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша заңдылықтардың негiзгi мәселелерi

4

4

-

12

Қозғалыс қауiпсiздiгi проблемаларын

шешу келешегi және шетелдiк тәжiрибелер

6

6

-

9-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

13

Жолда жүру ережелерiнiң негiзгi бөлімдері

6

6

-

14

Автокөлік мекемелерiндегi профилактикалық iс-шаралардың негiзгi әдiстерi мен формалары

4

4

-

15

Автокөлік мекемелерiнiң басшы

қызметкерлерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттерi, мақсаттары және жауапкершiлiгi

2

2

-

16

Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

бойынша жоғарғы ұйымдардың шешiмдерi, нормативтiк құжаттар

2

2

-

БАРЛЫҒЫ

80

64

16