- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
4.1 Жалпы мәлiметтер
Соңғы кезде арнайы әдебиеттер мен автомобиль көлігі саласы мамандарының әртүрлі деңгейдегi мақалаларында көлік құралдарының жол-көлік оқиғалары апаттарынсыз жұмыс iстеу проблемасын, тек қана автомобиль көлігімен байланысты ғылымның барлық салалары, жол-көлік оқиғаларының алдын алу iсiне өз үлестерiн қосқанда ғана шешуге болатыны айтылып және жазылып жүр. Бiрақ қаншалық маңызды ғылыми идеялар мен теориялар болғанымен – егер олар iс жүзiнде автокөлік мекемелерiнде нақты түрде қолданылмаса, олардың мәнi жоққа шығарылып, түкке тұрғысыз болып қалады. Сондықтан жол-көлік оқиғаларымен күрес жүргізу жұмыстарының басты назары автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған қазiргi заманғы техникалық құралдарды және көпшiлiкке арналған үгіт және насихат құралдарын өндiрiске енгiзу жөнiндегi ғылыми ұсыныстарға аударылуы тиiс.
Автокөлік мекемелерiндегi жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қозғалыс ережелерiн бұзушылық фактiлерiн қысқарту, жүргізушiлер құрамымен жүргiзiлетiн барлық оқу және тәрбие жұмыстарын жинақтау, топтау бағытындағы жұмыстардың орталығы – автокөлік кәсiпорнының қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетi.
Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiн және алдыңғы қатарлы, озық тәжiрибелердi кең көлемде насихаттау, оларды өндiрiске енгiзу және жүргізушiлердiң, жөндеу жұмысшыларының, инженерлік-техникалық қызметкерлердiң кәсiби бiлiмдерi мен шеберлiктерiн арттыру мәселелерi автокөлік мекемелерi қозғалыс қауiпсiздiгi кабинеттерiнiң басты қызметi мен мiндетi болып табылады.
Автокөлік мекемелерiнiң қозғалыс қауiпсiздiгi кабинеттерi автомобиль көлігі ғылыми-зерттеу институтының (НИИАТ) кабинеттердiң ұтымды жабдықталуы мен оларда оқытудың көрнекi құралдарын орналастыру туралы ұсыныстары бойынша жабдықталады. Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң инженерлерi кабинеттерде жүргізушiлер топтарымен маусымдық және ай сайынғы нұсқаулар берудi, жүргізушiлердiң қозғалыс ережелерi туралы бiлiмiн тексерудi, жұмысқа жаңадан қабылданған жүргізушiлермен әңгiмелесудi, алғашқы нұсқау берудi және кейбiр жүргізушiлермен жеке жұмыстар жүргізудi ұйымдастырады.
Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинеттерiнде, сонымен қатар, автомобильдердiң техникалық жағдайларын қоғамдық бақылау комиссиясы, қоғамдық автоинспекторлар және қозғалыс қауiпсiздiгi кеңестерi өз жұмыстарын ұйымдастырады және жүргiзедi.
4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
Автокөлік мекемесiнде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тәрбие және қоғамдық жұмыстарын жүргізу үшін қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысы ұйымдастырылып ол кабинет, арнайы ережелерге және нормативтік құжаттарға сәйкес, тиiстi деңгейде жабдықталуы тиiс.
Жалпы қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң ауданы автокөлік мекемесiндегi жүргізушiлердiң жалпы санына сәйкес белгiленедi және ол туралы мәліметтер 3-кестеде келтірілген.
3-кесте. Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң ауданы
Жүргізушiлер саны, адам |
Кабинеттегi орын саны |
Бөлменiң ауданы, м2 |
51...150 |
10...15 |
25...38 |
151...300 |
15...20 |
38...50 |
301...500 |
20...25 |
50...62 |
501...600 |
25...30 |
62...75 |
Жүргізушiлер құрамымен топтық және жеке өзiндiк сабақтарды, нұсқау берулердi, жол-көлік оқиғалары мен қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерiне арналған жиналыстарды, мәжiлiстердi және семинарларды өткiзу үшін қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетi мына төмендегiдей құрал - жабдықтармен жабдықталады:
сыныптық мүлiктер:
басқарушы мен тыңдаушыларға арналған столдар мен орындықтар;
сыныптық тақта;
көрсеткiш;
бөлменi қараңғылауға арналған перделер;
құжаттар салуға арналған шкаф;
стендтер;
плакаттарға арналған жәшiктер;
оқытудың техникалық құралдары:
басқарушының электрлендiрiлген басқару тетігі;
оқыту мен жүргізушiлер бiлiмiн тексеруге арналған құралдар;
жол белгiлерi;
бағдаршамдардың электрмен жабдықталған макеттерi;
көше қиылыстары салынған және магниттiк ойыншық машиналары бар темiрден жасалынған тақта;
күшейткiштi радиоқабылдағыш;
бейнемагнитофон және теледидар;
кинопроектор және диапроектор;
фотоаппарат;
көрнекi құралдар:
плакаттар;
схемалар;
макеттер;
сызба қағаздар;
диаграммалар;
фотосуреттер;
анықтамалық және оқулық әдебиеттер.
– қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң негiзгi бөлiмдерi:
жол-көлік оқиғаларының есебi (статистика);
көлік қозғалысын ұйымдастыру ережелерi;
берiлген аумақтағы қозғалыс ерекшелiктерi;
автомобильдердi жүргізу шеберлiгiн арттыру;
автомобильдердiң техникалық күйiн бақылау;
шебер, үздiк жүргізушiлердiң жұмыс тәжiрибесiн насихаттау;
жүргізушiлер мен жөндеу жұмысшыларына арналған анықтамалық материалдар.
Жол-көлік оқиғаларының статистикасы бөлiмiнде автокөлік мекемесi бойынша және әрбiр автоколонна немесе бригада бойынша жыл сайынғы жол-көлік оқиғаларының саны, ауырлық дәрежесi, жарақат алғандар мен қайтыс болғандар саны көрсетiледi.
Бұл бөлiмдi жабдықтауға қажеттi материалдар жол-көлік оқиғаларын және жол қозғалысы ережелерiн бұзу фактiлерiн талдау және сараптау негiзiнде алынады.
Жол-көлік оқиғаларын талдау нәтижелерi әртүрлі кестелер, диаграммалар, графиктер және схемалар түрiнде келтiрiлiп, әрбiр жыл сайынғы тiркелген жол-көлік оқиғаларының әр бiр миллион шақырым жүрiлген жолға, әрбiр 100 жүргізушiге, әрбiр санаттағы жүргізушiлерге, әрбiр айға, ал қалалар үшін сонымен қатар, әрбiр апта күнiне және әрбiр сағатқа сәйкес келетiн шамасы көрсетiледi. Бұл бөлiмде қала мен облыстың картасы немесе қала iшiндегi бағыттар схемасының болғаны абзал. Осы жерде, сонымен қатар ең қауiптi, нәтижесi ауыр, жүргізушiлерге сабақ боларлық жол-көлік оқиғаларының суреттерi мен схемалары келтiрiлсе, ол үлкен нәтиже берер едi.
Автокөлік мекемесiндегi еңбек және көлік тәртiбiнiң жай-күйiне арналған арнайы стендтiң жасалуына басты маңыз берiліп, онда еңбек және көлік тәртiбi туралы үкiмет қаулылары мен қарарлары, «Жолда жүру ережелерiнен» үзiндiлер орналастырылады.
Көлік құралдарының қозғалыс ережелерi және оны ұйымдастыру бөлiмi кабинеттегi негiзгi бөлiмдердiң бiрi болып табылады. Ол бөлiм жұмысқа алғаш орналасып жатқан жүргізушiлердiң жолда жүру ережелерi бойынша бiлiм деңгейiн, ал басқа жүргізушiлердiң бiлiмдерiн мезгiл-мезгiл (жыл сайын) тексерудi және ауыр, қиын ауа-райы жағдайларында көлік құралдарын басқару жөнiнде жүргізушiлерге нұсқаулар беру мен олардың бiлiмiн жетiлдiрудi қамтамасыз етуге қызмет етедi. Бөлiм оқытудың және бақылаудың техникалық құралдарымен, көрнекi оқу құралдарымен жабдықталады.
Жол қозғалысы ережелерi бойынша сабақтар өту үшін қаланың күрделi көлік тораптарының схемасы келтiрiлген стол-макет немесе күрделi көше қиылыстарының схемасы бетiне түсiрiлген аудармалы стендтер жабдықталады. Жол жағдайларын жасау үшін арнайы жасалынған макеттер қолданылады.
Жолда жүру ережелерiне арналған сабақтарда оқыту бағдарламасының негiзгi бөлiмдерiн толық суреттеудi қамтамасыз ететiн баспаханадан шығарылған арнайы плакаттар қолданылады: қозғалысты бастау және маневр жасау, қозғалыс жылдамдығы және ара қашықтықтар, басып озу, тоқтау және тұру, көше қиылыстарынан және темiр жол өткелдерiнен өту т.с.с. Бұл бөлiмде мiндеттi түрде барлық жол белгiлерi және бағдаршамдар, таблолар, жол таңбалары сияқты қосымша ақпарат құралдары көрсетiледi. Жол белгiлерi мен бағдаршамдарды кабинеттiң алдыңғы қабырғасына орналастырып, оларды электрмен жабдықтаған абзал.
Жергiлiктi аумақтағы қозғалыс жағдайлары – кабинеттiң берiлген елдi мекендер мен бағыттардағы әртүрлі ауа-райы жағдайларындағы жол жағдайларымен және қозғалыстың ұйымдастырылуымен жүргізушiлердi алдын ала таныстыруға арналған бөлiмi. Автокөлік мекемесi территориясы бойынша қозғалыс тәртiбi, мекемеге кiрер қақпа маңайына және тұрақтар мен жөндеу аймақтарынан шығу қақпалары алдына орналастырылатын, жеке плакаттармен көрсетiледi. Бұл бөлiм әсiресе, жұмысқа жаңадан орналасушы, басқа бағытқа ауысушы, түнгi мезгiлде жұмысқа шығушы және бiр реттiк іссапарға шығушы жүргізушiлерге өте қажет. Ол үшін бұл бөлiмде елдi мекеннiң (қаланың, облыстың республиканың) жалпы схемасы, қауiптi орындары көрсетiлген жолдар схемасы, автобустардың қозғалыс бағыттарының схемасы көрсетiлуi керек.
Автомобильдердi жүргізу шеберлiгiн арттыру бөлiмi мына төмендегi мәселелер бойынша теориялық бiлiмдердi жетiлдiрудi қамтамасыз етедi:
– әр түрлі жол және ауа-райы жағдайларында автомобильдердi, автобустарды және автопоездарды басқару;
– көлік құралдарын көру мүмкіндiгi шектелген жағдайларда (тұман, жаңбыр, қалың қар, шаң) жүргізу қауiпсiздiгi;
– тежеулердің, тоқтау жолының қозғалыс жылдамдығына, жол бетi қаптамасының күйiне, жүргізушінің әсер ету уақытына, тежеу механизмiнiң күйiне тәуелдiлiгi.
Жүргізу шеберлiгiн арттыру сабақтарының жоспары мекеменiң атқаратын қызметiн, тасымалдау бойынша мiндеттерiн және алдыңғы қатарлы шебер жүргізушiлердiң жұмыс тәжiрибесiмен алмасу әдiстерiн есепке ала отырып жасалады. Сабақтардың басты тақырыптары жол-көлік оқиғаларын талдау, олардың себептерiн анықтау мәселелерiне арналады.
Кабинеттiң үгіт-насихат бөлiмiнде аса тәжiрибелi, шебер жүргізушiлердiң жұмыс тәжiрибелерi, әр түрлі байқаулар, айлықтар нәтижелері және қозғалыс қауiпсiздiгiн көрнекi түрде көрсететiн басқа да материалдар бейнеленедi.
