- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
Белсенді қауіпсіздік – көлік құралының жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың орын алу ықтималдылықтарын азайту қасиеттері. Көлік құралының белсенді қауіпсіздігі жол-көлік оқиғасының бастапқы кезеңіне сәйкес келетін және автомобиль жүргізушісі көлік құралының қозғалыс сипатын өзгерте алатын уақытта көрінеді.
Көлік құралының белсенді қауіпсіздігі жақсы басқарылу мен автомобильдің орнықтылығын, оңтайлы және тиімді тежелуін, жақсы динамикалық қасиеттерін, бөлшектері мен тораптарының ұзақ мерзімді жұмыс істеуін, автомобиль жүргізушісінің жұмыс орны мен жолаушылар орындарының оңтайлы эргономикасын қамтамасыз ету сияқты құрылыстық іс-шаралар кешенін анықтайды.
Тарту-жылдамдық қасиеттері. Көлік құралдары үшін тарту-жылдамдық қасиеттері қозғалтқыш пен трансмиссияның параметрлерімен, ауырлық орталығының салмағы мен орналасу орнымен, аэродинамикалық қасиеттермен анықталады және келесі көрсеткіштермен сипатталады:
қатты және құрғақ қаптамалы автомобиль жолының тегіс және тура бөлігіндегі ең жоғарғы қозғалыс жылдамдығы;
белгіленген қозғалыс жылдамдығына қол жеткізу уақыты;
әрбір беріліс кезіндегі екпіндетудің жылдамдық сипаттамасы;
төменгі беріліс кезінде тұрақты жылдамдықпен шыға алатын өрлеудің ең үлкен шамасы;
инерция бойынша толық тоқтағанға дейінгі жүрілген жол ұзындығы.
Автомобильдердің тарту-жылдамдық сипаттамасы басып озу сияқты қиын да күрделі қозғалыс маневріне үлкен әсер етеді. Автомобильдің құрылысына енгізілген үлкен динамикалық мүмкіндіктер, бір жағынан Жол қозғалысының ережелері талаптарына, белгіленген ең үлкен қозғалыс жылдамдықтары тұрғысынан қарам-қайшы келсе, екінші жағынан – автомобильдердің тиімді де оңтайлы маневрлер жасауын қамтамасыз етеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
2-сурет. Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігін жіктеу
Автомобильдердің құрылысын, оның тарту динамикасын жақсарту мақсатындағы жетілдіру, тек қана автомобильдің салмағын, жеңіл қоспалар мен пластмассалардан жасалған бөлшектер мен тораптарды жасау арқылы жеңілдету жолымен, автомобиль қозғалтқышының әрбір 1 литр жұмыс көлеміне сәйкес келетін, меншікті қуатын арттыру, автомобильдің өлшемдерін кішірейту, трансмиссияның бөлшектерін өңдеу сапасын жақсарту, майлау майларының тиімді түрлерін таңдау және пайдалану арқылы ғана мүмкін болады.
Автомобильдердің аэродинамикалық қасиеттерін жақсарту үшін оның сыртқа қарай шығып тұрған бөліктерінің өлшемдерін кішірейтеді, автомобильге сүйірлеу форма береді.
Тежеу қасиеттері. Көлік құралдарының тежеу жүйесінің тиімділігі келесі талаптар арқылы қамтамасыз етіледі:
тежеу жолының аз ұзындығы;
тежеу жүйесінің тез арада іске қосылуы;
автомобильдің барлық көпірлеріндегі доңғалақтардың тежелуінің бірдей басталуы;
пайдаланудың барлық жағдайлары үшін тежеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету;
күрт тежеу кезінде автомобильдің орнықтылығын қамтамасыз ету;
тежеу жүйесінің тиімділігін ылғалды және қызған жағдайларда да қамтамасыз ету;
автомобильдің барлық қызмет ету мерзімі барысында тежеу жүйесінің тиімділігін және жоғары сенімділігін қамтамасыз ету;
тежегіштің басқышына көп күш салмай-ақ, тиісті тежеу қарқындылығына қол жеткізу.
Автомобильдерде тежеуді қызметтік және күрт тежеу деп екі топқа бөледі.
Қызметтік тежеу деп, жүргізушінің автомобильді алдын ала жоспарланған жағдайлар үшін тоқтату мен оның қозғалыс жылдамдығын азайтуын айтады. Мұндай жағдайларда автомобильдерді тежеу процесі біртіндеп, бір қалыпты жүзеге асырылады, пневматикалық доңғалақтардың деформациялануға қарсы кедергісі, автомобильдің айналымдағы массаларының инерциясы автомобильді тежеуге ықпал етеді.
Күрт тежеу көлік құралын, кенеттен пайда болған кедергіге соқтықпас үшін тез тоқтату мақсатында қолданылады. Күрт тежеу тоқтау және тежеу жолдарымен сипатталады.
Тоқтау жолы – көлік құралының, жүргізушінің қауіпті затты байқаған мезетінен бастап көлік құралы толық тоқтағанға дейінгі, жүрген жолы:
So = Sp + Scp + Sн + Sт, (7.1)
мұндағы Sp, Scp , Sн – көлік құралының, тиісінше жүргізушінің әсер ету, тежеу жүйесінің іске қосылу және тежелудің өсуі мезетінде жүріп өтетін жолы;
Sт - тежелу жолы.
Тоқтау жолын анықтау формуласының құрамына кіретін мүшелер келесі өрнектермен анықталады
Sp= tp + va; (7.2)
Scp= tср + va; (7.3)
Sн = 0,5tн + va; (7.4)
Sт= va2 / (2gφ). (7.5)
мұндағы tp- автомобиль жүргізушісінің әсер ету уақыты (жүргізушінің жасына, біліктілігіне, денсаулығына байланысты болады және 0,2-2,5 сек аралығында жатады, есептеулер үшін 0,6-0,8 сек деп қабылданады);
va- автомобильдің жылдамдығы, м/сек;
tср- тежеу жетегінің іске қосылу уақыты (жетек түріне және оның техникалық жағдайына байланысты болады, орта есеппен гидравликалық жүйелер үшін 0,05-0,15 сек, ал пневматикалық жүйелер үшін 0,2-0,4 сек деп қабылданады);
tн- тежелудің өсу уақыты (тежеу жетегінің түріне, жол беті қаптамасының жағдайына және автомобильдің салмағына байланысты болады, есептеулер үшін, құрғақ таза жол үшін 0,4-0,6 сек деп қабылданады);
g- еркін түсу үдеуі, g = 9,8 м/сек2;
φ- автомобиль доңғалағының жол бетімен ілінісу коэффициенті (доңғалақтың техникалық жағдайына және жол беті қаптамасының жағдайына тәуелді болады).
Тежеу жолы – тоқтау жолының бір бөлігі, тежелудің басталған мезетінен соңына дейінгі уақыт аралығында жүрілген жол:
Sтеж = Sp + Sн + Sт, (7.6)
Жол қозғалысы ережелері автокөлік құралдары үшін тежеу жолы мен ең жоғарғы тежелу шамасын белгілейді (жеңіл автомобильдер үшін тежелу шамасы 6,8 м/сек2 , ал тежеу жолы 40 км/сағ жылдамдық үшін - 12,2 м, 80 км/сағ жылдамдық үшін – 38,0 м).
Халықаралық және отандық талаптарға сәйкес автомобильдердің құрылысында міндетті түрде жұмысшы, қосалқы, тұрақтық және көмекші тежеу жүйелері қарастырылуы керек. Жұмысшы тежеу жүйесі негізгі тежеу жүйесі болып табылады және ол кез-келген қозғалыс жағдайлары үшін автомобильдің қозғалыс жылдамдығын реттеуге арналған. Қосалқы тежеу жүйесі жұмысшы тежеу жүйесі істен шыққан жағдайларда пайдаланылады, ал тұрақтық тежеу жүйесі қозғалыссыз авитомобильді бір орнында ұстап тұруға арналған. Көмекші тежеу жүйесі автомобильдің қозғалыс жылдамдығын ұзақ уақыт бойына тұрақты жағдайда ұстап тұру үшін қажет. Автомобильдерде, көбінесе, қосалқы тежеу жүйесі ретінде жұмысшы тежеу жүйесінің бір тармағы қолданылады. Автомобильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тежеу жүйесінің орны ерекше.
Қозғалыстағы автомобильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тежеу жүйесі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс;
тежеу жүйесінің іске қосылу уақыты төмен, ал автомобильдің тежелу шамасы жоғары болуы керек;
доңғалақтардағы тежеу күші біртіндеп жоғарылауы тиіс;
тежеу жүйесінің іске қосылуы автомобильдің орнықтылығын жоғалтпауы керек;
тежеу жүйесін іске қосу үшін қажетті күш шамасы жүргізушінің физикалық мүмкіндіктерінен төмен болғаны тиімді.
Автомобильдердің тежеу қасиеттерін арттыру мен олардың белсенді қауіпсіздігін жақсарту үшін, әрбір доңғалақтың жол бетімен ілінісуін толық пайдалануға ықпал жасайтын, реттегіштер қолданылады. Реттегіштер автомобиль доңғалақтарындағы тежеу күшінің шамасын, доңғалақтардың сырғанауына байланысты өзгеретін тежеу механизмдеріндегі күштердің шамасына сәйкес, таратады.
Автомобильдердегі тежеу моментінің іске қосылу уақытын азайту мен тежеу моментінің шамасын ұлғайту үшін тежегіштер күшейткіштері пайдаланылады. Олар тежегіш жапсырмалары мен доңғалақ дискілері арасындағы саңылаулар шамасын автоматты түрде реттеп отырады.
Автомобиль доңғалақтарының сенімділігі белсенді қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып табылады. Доңғалақтарды пайдалануға қойылатын негізгі талаптардың бірі ол доңғалақ протекторының суретінің қалдық биіктігі. Оның шамасы жеңіл автомобильдер үшін 1,6 мм, ал жүк автомобильдері үшін 1,0 мм, автобустар үшін 2 мм болады.
Орнықтылық. Автомобильге берілген қозғалыс бағытын, автомобильдің сырғанауын немесе аударылуын тудырушы күштерге қарсы тұра отырып, сақтау мүмкіндігі көлік құралының орнықтылығы деп аталады. Автомобильдердің бойлық орнықтылығын бағалаушы негізгі көрсеткіш ретінде тұрақты жылдамдықпен, жетекші доңғалақтарының тайғанауынсыз алынатын өрлеудің жоғары шамасы алынады.
Қауіпті өрлеу бұрышы көлік құралының түріне, ілініс коэффициентінің шамасына φ байланысты болады, мысалы автопоездар үшін φ=0,3 болғандағы қауіпті өрлеу бұрышының шамасы 4-6º аспайды.
Автомобильдердің көлденең орнықтылығын бағалаушы негізгі көрсеткіштер ретінде тұрақты шеңбер бойынша қозғалудың ең жоғарғы жылдамдығы және жолдың көлденең еңістігінің бұрышының шамасы алынады. Автомобильдердің көлденең орнықтылығы келесі көрсеткіштермен бағаланады:
көлік құралының бұрылыстардағы тайғанауы немесе сырғанауы басталатын, қозғалыстың қауіпті жылдамдығы;
көлік құралының бұрылыстардағы аударылуы басталатын, қозғалыстың қауіпті жылдамдығы;
көлік құралының бүйірлік сырғанауы басталатын, өрлеудің қауіпті бұрышы;
көлік құралының аударылуы басталатын, өрлеудің қауіпті бұрышы.
Аударылу шарты бойынша өрлеудің қауіпті бұрышының шамасы жеңіл автомобильдер үшін 40-50º, ал жүк автомобильдері үшін 30-40º , автобустар үшін 25-30º болады.
Аударылу және сырғанау немесе тайғанау шарттары бойынша ең жоғарғы қауіпті қозғалыс жылдамдықтары келесі формулалар көмегімен анықталады:
υауд
=
;
(7.7)
υсыр=
,
(7.8)
мұндағы kд-автомобиль қорабының, алқалардың деформациялануы салдарынан, көлденең қисаюының шамасын ескеруші коэффициент, kд=0,85 – 0,95;
b- автомобильдің доңғалақтарының арасының ені, м;
R- бұрылыс радиусы, м;
Һц- автомобильдің ауырлық орталығының биіктігі, м;
Автомобильдің өз орнықтылығын жоғалтуы басқарудың дұрыс емес режимдерін пайдаланғандықтан (тежеу, екпіндету, күрт бұрылу), сонымен қатар қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдамағандықтан да орын алуы мүмкін.
Автомобильдің орнықтылығын жақсартудың құрылыстық шаралары қатарына доңғалақтар алқаларының геометриясын оңтайлы таңдау, кең енді доңғалақтарды пайдалану, автомобиль салмағын көпірлер бойынша дұрыс бөлуді жатқызуға болады. Алдыңғы жетекші көпірді пайдалану да автомобильдің орнықтылығын жоғарылатады.
Мысал ретінде, алдыңғы жетекші доңғалақты автомобильдің жетекші осінің сырғанауы кезіндегі жағдайын қарастырамыз (3,4-суреттер).
Егер
де көлденең қоздырушы күштер әсерінен
автомобильдің алдыңғы білігі
жылдамдығымен оңға қарай ығысатын болса
(3-сурет), алдыңғы біліктің жылдамдығы
өз кезегінде
векторларының
қосындысына тең болады, мұндағы
-
автомобильдің сырғанауға дейінгі тура
бағыттағы қозғалыс жылдамдығы. Автомобиль,
автомобильдің артқы білігінің жалғасы
болып табылатын түзудің бойында жатқан
және бұрылыстың лездік полюсі деп
аталатын, О1
нүктесінің айналасымен, сағат тілінің
жүрісі бойымен бұрыла бастайды. Сол
себептен де центрден тепкіш
күші пайда болады, оның бойлық түзушісі
тарту күшінің векторымен
қосылады және автомобильдің одан ары
қарайғы тәртібіне ешқандай әсер етпейді.
Центрден тепкіш күштің көлденең түзушісі
бұрылыстың лездік полюсі болып табылатын
О1
нүктесіне байланысты, сағат тілінің
жүрісіне қарама-қарсы бағыттағы, яғни
автомобильдің бұрылу бағытына қарсы
бағыттағы, айналдырушы моментті тудырады.
Сондықтан да, алдыңғы жетекші көпірлі
автомобильдерде, автомобильдің сырғанауы
кезінде пайда болатын центрден тепкіш
күш, автомобильді орнықтандыруға әрекет
жасайды, яғни сырғанаудың алдын алады.
3-сурет. Алдыңғы жетекші доңғалақты автомобильдің сырғанауы кезіндегі күштер схемасы:
-
автомобильдің тарту күшінің векторы;
,
-
центрден тепкіш күшінің бойлық және
көлденең түзушілері;
-
автомобиль білігінің жылдамдығының
бойлық және көлденең құраушылары;
-
автомобильдің алдыңғы және артқы
біліктерінің жылдамдықтары; О1,
О2
– автомобильдің бұрылуының лездік
полюстері;
-
автомобильдің, сырғанауға дейінгі, тура
бағыттағы қозғалыс жылдамдығы.
Артқы жетекші доңғалақты автомобильдің сырғанау кезіндегі жағдайы мүлдем басқаша болады.
4-сурет. Артқы жетекші доңғалақты (б) автомобильдің сырғанауы кезіндегі күштер схемасы:
- автомобильдің тарту күшінің векторы; , - центрден тепкіш күшінің бойлық және көлденең түзушілері; - автомобиль білігінің жылдамдығының бойлық және көлденең құраушылары; - автомобильдің алдыңғы және артқы біліктерінің жылдамдықтары; О1, О2 – автомобильдің бұрылуының лездік полюстері; - автомобильдің, сырғанауға дейінгі, тура бағыттағы қозғалыс жылдамдығы.
Егер
де көлденең қоздырушы күштің әсерінен
автомобильдің артқы білігі сол жаққа
қарай
жылдамдығымен
ығысатын болса (4-сурет), онда оның
жылдамдығы
де, өз кезегінде
векторларының
қосындысына тең болады және автомобиль,
бұрылыстың лездік полюсі болып табылатын
О2
нүктесінің айналасымен, сағат тілінің
жүрісі бойымен бұрыла бастайды. Бірақ
та, бұл ретте пайда болатын центрден
тепкіш күш
=
+
автомобильдің
«сырғанауына» көмектеседі, себебі
центрден тепкіш күштің
түзушісі бұрылыстың лездік полюсі О2
нүктесіне байланысты, сағат тілінің
жүрісі бойымен, яғни автомобильдің
айналу бағыты бойымен бағытталған,
айналдыру моментін тудырады. Бұлардың
барлығы автомобильдің, алдыңғы жетекші
білікті автомобильмен салыстырғанда,
бағыттық орнықтылығын нашарлатады.
Басқарымдылық. Автомобильдердің, жүргізушінің басқару тұтқасына механикалық және физикалық энергияларды аз жұмсау арқылы әсер етуі салдарынан, қозғалыс бағытын өзгерту мүмкіндігі, көлік құралының басқарымдылығы деп аталады. Көлік құралдарының басқарымдылығы келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
автомобильдің қисық сызықты қозғалысы кезінде басқару доңғалақтарының бүйірлік тайғанаусыз, сырғанауы;
басқарылатын доңғалақтардың бұрылу бұрыштарының қатынасы сақталуы керек;
басқару доңғалақтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
басқару доңғалақтарының еріксіз тербелістеріне жол берілмейді.
Автокөлік құралдарының басқарымдылығының ең басты құрамдас бөліктерінің бірі ол – автомобильдің басқару тұтқасының бұрылуына деген сезімталдығы. Сезімталдық автомобильдің қозғалыс бағытының, басқару тұтқасының белгілі бір бұрышқа бұрылу барысындағы, өзгерісін сипаттайды және оның шамасы басқару механизмінің беріліс санына, алқалардың кинематикасы мен қаттылығына, доңғалақтардың параметрлеріне байланысты болады.
Автомобильдің басқарылымдығына ең алдымен, жүріс бөлігі мен басқару органдарының техникалық жағдайы әсер етеді.
Автомобильдердің құрастыру схемасы бойынша алдыңғы жетектегі автомобильдер оңтайлы болып табылады, бірақ тайғанақ жолдарда артқы жетекті автомобильдер орнықты болып келеді.
Ақпараттылық. Автомобильдердің белсенді қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көлік құралдарының ақпараттылығы басты орындардың бірін алады. Көлік құралдарының ақпараттылығы, көлік құралдарының жол қозғалысының басқа мүшелерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге ықпал ететін, қасиеті болып табылады. Автомобильдерде сыртқы және ішкі ақпараттылықты ажыратады.
Сыртқы ақпараттылық – жүргізушіні сыртқы ақпараттармен (кеңістіктегі орны, жолдардың жағдайы, ағындағы көліктік жағдайлар), жол қозғалысының басқа мүшелерін көлік құралының қозғалыс бағытының, қозғалыс жылдамдығының өзгеруі туралы ақпараттармен қамтамасыз ету. Сыртқы ақпараттылық жарықтандыру жүйесімен, дыбыстық және жарықтық белгі беру құралдарымен (белсенді ақпараттылық), көріну шамасымен (автомобиль салонынан көріну жағдайлары), автомобиль қорабының формасымен, өлшемдерімен және боялған түсімен, сыртқы жарық қайтарғыш құралдармен (енжарлы ақпараттылық) қамтамасыз етіледі.
Ішкі ақпараттылық – автомобиль жүргізушісін, автомобильдің техникалық жағдайы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.
Автомобильдің өз бетінше жеке жарық беру жүйесінің басты элементі ретінде алдыңғы басты жарық беру шамдары қабылданған, олар алысты және жақынды жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Осы заманғы автомобильдер үшін жарық беру құралдарының ең аз топтамасына мыналар кіруі тиіс:
тежелу туралы белгі беру;
габариттік шамдар (алдыңғы және артқы);
бұрылу шамдары;
номерлік белгіні жарықтандыру шамдары;
автопоезд белгісі.
Сонымен қатар көлік құралына, қосымша ретінде, тұманға қарсы тік бұрышты шамдар, артқы жүрісті жарықтандырушы шамдар да орнатылуы мүмкін.
Сыртқы жарықтандыру құралдарының негізгі параметрлері (түсі, өлшемдері, жарық күші, жұмыс режимі), олардың саны мен орналасуы, көріну бұрыштары арнайы стандарттармен реттеледі. Ол стандарттарда берілуші ақпараттардың қабылдану сенімділігіне қойылатын талаптар келтірілген. Сонымен қатар олар қарсы бағыттағы жүргізушілердің көздерін шағылыстырмауы керек.
Жол қозғалысын ұйымдастыру саласында автомобильдің түсінің қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері зерттелген. Шағылысу коэффициенті жоғары түстер (ашық түстер), сонымен қатар көп түсті нысандар, қысқа мерзімді бақылау кезінде жүргізушілерге қоздырушы сипаттағы әсер береді де, ол автомобильдер көлік ағындары арасынан анық байқалады. Мұндай түстердегі нысандарға ұзақ уақыт бойы қараған кезде олар жүргізушілерді шаршатып жібереді. Сондықтан да қызыл мен сары түстерді өлшемдері кіші автомобильдерді бояуға қолданған дұрыс нәтиже береді. Жүк автомобильдері мен автобустарды бояу үшін «суық» түстерді (жасыл, көк, ауа көк) қолданған дұрыс. Бұл өз кезегінде көру жүктемесін азайтады, қарсы бағыттағы жүргізушілерді шаршатпайды.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүргізуші орнынан көріну шамасының маңызы зор. Көріну шамасы терезелердің ауданымен, жүргізуші орнының орналасуымен, салонның тұғырларының орналасуымен, әйнек тазалағыштардың формасымен және орналасуымен, алдыңғы айнаны желдету мен жылыту қондырғыларымен, артқы жақты көру айналарының саны мен орналасуымен анықталады.
Жүргізушінің жұмыс орны. Автомобиль жүргізушісінің жұмыс орнының оңтайлы да тиімді орналасуының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, еңбек өнімділігін арттыруда және жүргізушінің денсаулығын сақтауда алатын орны жоғары.
Орналасу жағдайы – жүргізушінің жұмыс орнының ыңғайлылық деңгейін (микроклимат, газдану, эргономикалық қасиеттер, шу мен тербелістер, жүріс жайлылығы) және эстетикалық қасиеттерін анықтайтын ортаның сипаттамасы.
Микорклимат – автомобиль салонындағы ауаның температурасымен, ылғалдылығымен және жылдамдығымен анықталады. Температураның ең қолайлы шамалары 17- 24º С, ал оңтайлы температура – 20 – 22º С. Температураның адам ағзасына тигізетін әсері ауаның ылғалдылығы мен жылдамдығына байланысты болады. Ауаның ылғалдылығының рұқсат етілген шамасы 30 – 70 % шамасында болады.
Микроклиматтың жүргізушінің жағдайына тигізетін әсері 7-кестеде келтірілген.
7-кесте. Микроклиматтың жүргізушінің жағдайына тигізетін әсері
Микроклиматтық көрсеткіштер |
Жүргізушінің жағдайы |
Ауа температурасының 25º С дейін көтерілуі |
Әсер ету жылдамдығы төмендейді, физикалық шаршау жеделдетіледі |
Ауа температурасының 30º С дейін көтерілуі |
Ойлау қабілеті нашарлайды, әсер етуі төмендейді |
Ауа температурасының 25º С төмен болуы |
Адам ағзасы суиды, бұлшық еттердің жұмыс істеу қабілеті төмендейді, қозғалыс жылдамдығы бәсеңдейді |
Төменгі температурадағы жоғары ылғалдылық |
Жылу алмасу артады, адам ағзасы тез суып кетеді |
Жоғарғы температурадағы жоғары ылғалдылық |
Адам ағзасының қызып кетуі орын алады |
Автомобиль салонындағы ауаның жылдамдығының оңтайлы шамасы шамамен 1 м/сек болғаны дұрыс. Жүк автомобилінің салонының желдетілу шамасы жабық терезелер кезінде ауа алмасуын 20 есе шамасында қамтамасыз етуі керек. Автомобиль ішіне таза ауаның кіру жылдамдығы қыста 0,5-0,8 м3/мин, ал жазда 1,0-2,4 м3/мин болуы керек.
Жол қозғалысының қауіпсіздігінің деңгейіне әсер етуші факторлардың бірі ол – автомобиль ішіндегі ауаның тазалығы (8-кесте).
Автомобильдердің жұмысы барысында орын алатын жоғары дәрежедегі шу жүргізушілердің есіту органдарына, бас миының қаптамасына кері әсер етеді.
8-кесте. Ауаның құрамының өзгеруінің жүргізушінің жағдайына тигізетін әсері
Ауаның құрамының өзгеруі |
Жүргізушінің жағдайы |
1 |
2 |
Көміртегі тотығының концентрация-сының артуы |
Жүргізушінің ықыласы төмендейді, ұйқысы келеді, көру шамасы төмендейді |
Көміртегі тотығының концентрация-сының 0,02 % артуы |
Жеңіл улану |
Көміртегінің қос тотығының концентрациясының 1 - 2 % артуы
|
Жұмыс тиімділігі төмендейді |
|
|
8-кестенің жалғасы
|
|
1 |
2 |
Көміртегінің қос тотығының концентрациясының 3,0 % артуы |
Тыныс алу ауырлайды |
Азот тотықтарының (NO, NO2) концентрациясының 0,01 % артуы |
0,5 – 1,0 сағат көлемінде дем алу ауру тудырады |
Дизельдік қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының құрамында болатын - акролейн концентрациясының артуы |
Тамақтың, мұрынның және көздің қабынуы |
Ауаның 1 м3 көлеміндегі шаң-тозаң бөлшектерінің санының 150 млн асып кетуі |
Тыныс алу жолдарының қабынуы |
Автомобильдердің жұмысы барысында орын алатын жоғары дәрежедегі шу жүргізушілердің ынтасы мен ықыласын төмендетеді, әсер ету уақытын ұзартады, басқа көлік құралдарынан берілетін белгілерді қабылдау қиындайды. 75 дБ дейінгі шулар қалыпты жұмыс жағдайлары болып есептеледі, шу деңгейі 80-85 дБ болса, онда ол адам ағзасына теріс әсер етеді. Ал шу деңгейі 130 дБ шамасынан артып кеткенде, ауырлық сезіле бастайды. Жалпы алғанда шудың әсері тек қана шу деңгейімен ғана емес, сонымен бірге шудың қарқындылығы мен жиілігімен де анықталады.
Жұмыс істеп тұрған көлік құралының қозғалтқышы мен агрегаттары, сонымен қатар жолдардың тегіс еместігі әртүрлі сипаттағы тербелістер мен дірілдердің көзі болып табылады. Әртүрлі тербелістер мен дірілдер жиілігімен, жылдамдығымен, амплитудасымен және үдеуімен сипатталады. Дірілдердің жиілігі жоғары болған сайын, тербелістердің рұқсат етілген амплитудасы кіші болады. Адам ағзасының жекелеген бөліктерінің тербелістерінің өзіндік жиіліктері жамбас тұсында 4-5 Гц, көкірек тұсында 4-8 Гц, бас аумағында 30 Гц-ке дейін болады.Адамның бүкіл денесінің тербелісінің өзіндік жиілігі шамамен 5 Гц құрайды. Қозғалыс кезінде автомобиль, жиілігінің шамасы адам ағзасының немесе оның жекелеген бөліктерінің тербелістерінің жиілігіне еселік болатын жиіліктермен тербелістерге ұшырайтын болса, онда резонанстық тербелістер орын алуы мүмкін. Ал олар, жүргізушінің шаршау дәрежесін күрт арттырады.
Эргономикалық қасиеттер – көлік құралының орындығы мен басқару органдарының өлшемдерінің және формасының антропометриялық параметрлерге сәйкестігін сипаттаушы көрсеткіштер.
Автомобильді басқару жоғары деңгейде үйлестірілген қозғалыстар мен қимылдарды, қозғалыс реакцияларының тездігі мен дәлдігін қажет етеді. Қозғалу шамасы шектелген жағдайларда ұзақ уақыт бойы отыру, жұмыс қалпының бір қалыптылығы үйлестіруді нашарлатады.
Жүргізушінің орындығының құрылысы ыңғайлы түрде жайғасып отыруды, физикалық шығындарды азайтуды, ұзақ уақыт бойына кез-келген жағдайларға, қимылдар мен әрекеттерге тұрақты түрде дайын болуды қамтамасыз етуі керек. Ол үшін орындық элементтерінің тиісті өлшемдері мен формалары таңдалады, оларға көлденең және тік бағыттардағы реттеу, орындық арқалығының қалпын өзгерту мүмкіндіктері беріледі.
Автомобильдерді басқару органдарының құрылысын жобалау мен жасау барысында олардың атқаратын қызметі, маңыздылығы, пайдалану жиілігі және пайдалану кезектілігі ескеріледі. Сонымен қатар басқару органдары келесі талаптарды қамтамасыз етуі тиіс:
қозғалыс санын азайту немесе қозғалысты үнемдеу;
қозғалыстардың қарапайымдылығы мен аяқталғандығы;
жүргізушінің қолдары мен аяқтары жететін орындарға орналастыру;
жүктемелердің, жүргізушінің қолдары мен аяқтарына біркелкі таратылуы.
