- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
Автомобильдердiң шектiк өлшемдерi және маневрлiгi. Салмақтың доңғалақтарға бөлiнуi, ауырлық центрiнiң орналасуы. Қозғалыстағы автомобильге әсер етушi күштер. Доңғалақтардың жолмен iлiнiсуi, iлiнiстi төмендететiн шарттар. Тежеу кезiнде әсер етушi күштер. Тежеу кезiнде күш салмақтың автомобиль осьтерiне динамикалық қайта бөлiнуi. Тоқтау жолы және оның құрастырушы элементтерi. Тежелу жолының ұзындығына әсер етушi факторлар. Құрғақ және тайғанақ жолдардағы, тiк өрлеу және ылди жолдардағы тежеу. Трансмиссиядан ажыратылмаған қозғалтқыш көмегiмен тежеу ерекшелiктерi. Тежеу тиiмдiлiгiн сипаттаушы көрсеткiштер. Автомобиль күш салмағының көлемiнiң және бөлiнуiнiң тежеу тиiмдiлiгiне әсерi. Кенеттен тежеудiң қауiптiлiгi. Бүйiрлiк сырғанаудың алдын алу. Тежегiштiң қызуының тежеу тұрақтылығына әсерi. Автомобильдiң тұрақтылығын (орнықтылығын) жоюшы себептер және автомобильдiң басқарымдылығын төмендетушi факторлар. Автомобильдерге артық жүк арту қауiптiлiгi. Автобус салонында тұрған жолаушылардың оның орнықтылығына әсерi.
Автобустарды, жеңiл автомобильдердi және жүк автомобильдерiн жүргізу ерекшелiктерi, тұрған орнынан жайлап, бiр қалыпты қозғалу мәнi және кенеттен, шұғыл тежеусiз тоқтату. Қажеттi қозғалыс жылдамдығын таңдау және жүргізуiшiнiң күндiз және түнгi мезгiлдегi, тiк өрлеу мен ылдилаулардағы, шұғыл бұрылысты жолдардағы, көше қиылыстарындағы, темiр жол өткелдерiндегi, көпiрлердегi, жол белгiлерiнiң әсер ету аймақтарындағы, жаяу жүргiншiлер өткелдерiндегi көлік құралдарының қарама-қарсы қозғалысы кезiндегi iс-әрекеттерi. Автобустарды, жеңiл автомобильдердi және жүк автомобильдерiн күрделi ауа-райы жағдайларында (боран, нөсер, жаңбыр, көк тайғақ, тұман) жүргізу әдiстерi. Автомобильдердi көлік ағыны құрамында жүргізу ерекшелiктерi, қауiпсiз ара қашықтық және интервалдар.
5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
Тапсырыс берушiлерге жоғары дәрежеде, мәдениеттi қызмет көрсету – жүргізушiнiң жұмыс сапасының маңызды көрсеткiшi. Еңбектi ғылыми түрде ұйымдастырудың еңбек өнiмдiлiгiн, қызмет көрсету мәдениетiн және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн арттырудағы маңызы.
Автомобильдердiң желiдегi жұмысы барысындағы техникалық пайдалану Ережелерiнiң негiзгi қағидалары. Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және оларды есепке алу бойынша нұсқаулардың негiзгi ережелерi. Жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдау Ережелерi. Автобус, жеңiл автомобиль және жүк автомобилi жүргізушiсiне арналған жеңiл автомобиль-таксилерге және жүк автомобильдерiне отырғызу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары. Отырғызу барысына бақылау жасау, балалы жолаушыларға, үлкен кiсiлерге және мүгедектерге көмек көрсету. Қозғалыстың жүру кестесiнің және бағыттық кестенiң дұрыс орындалуы – қызмет көрсету мәдениетiнiң басты көрсеткiшi. Жүргізушiлердi қозғалыстың бағыттық кестесiн орындағаны үшін материалдық жағынан марапаттау. Сапар барысындағы мәлiметтер. Автомобильдердiң қозғалысы кезiнде есiктердi ашудың қауiптiлiгi. Шұғыл бұрылыстардың қауiптiлiгi. Жолаушылардың немесе кондуктордың белгi беруi бойынша шұғыл тоқтау. Автомобильдердегi өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары. Жолаушылардың автомобильдерден түсуiне бақылау жасау, жолаушыларға көмек көрсету. Сапар барысында ауырып қалған жолаушыларға көмек көрсету. Шұғыл метеорологиялық өзгерiстер және басқа да күрделi жағдайларда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Жолаушыларды автобустардан төтенше жағдайларда тез сыртқа шығару.
