- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
Қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалау бойынша мемлекеттiк орган болып жол полициясы органдары есептелiнедi. Жол полициясы органдары қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барысында iшкi iстер органдарының басқа қызметтерiмен қатар автокөлік мекемесi әкiмшiлiктерiмен өзара бірлесе жұмыс iстейдi.
Автокөлік мекемесi қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi мен жол полициясы органдарының бiрлесiп атқаратын жұмыстарының негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
– көлік құралдарын тiркеу, есепке алу және техникалық құжаттары мен мемлекеттiк номерлiк белгiлерiн дайындау, заңдастыру;
– көлік құралдарын, автомобильдер мен тiркемелердi техникалық байқаудан өткiзуге дайындау және оны өткiзу;
– жол-көлік оқиғаларын есепке алу, олардың пайда болу себептерiн және жағдайларын талдау;
– жол қозғалысының жағдайларын өзгерту, жолдарды күтудi жақсарту;
– автомобиль жолдарын салу мен оларды қайта құру жобаларына қорытынды-келiсiм жасау;
– қауiптi жүк тасымалдау үшін көлік құралдарының қозғалыс бағыттарын келiсу;
– жол-көлік оқиғалары тіркелген орындарда жедел iс-әрекеттердi жүзеге асыру және жүргізушiлердi iздестiру;
– қозғалыс қауiпсiздiгi және жолда жүру ережелерi бойынша заңдылықтар талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу;
– жол-көлік оқиғаларының және жолда жүру ережелерiн бұзу есебiн салыстыру, келiсу;
– қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша, қоғамдық ұйымдарды қатыстыра отырып, өзара бiрлескен iс-шаралар ұйымдастыру.
2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
Автокөлік мекемесiнде қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша инженер алғашқы және маусымдық нұсқаулар берудi ұйымдастырады. Жұмысқа жаңадан қабылданған жүргізушiге алты күн мерзiмдiк сынақ уақыты белгiленедi. Автокөлік мекемесiне қабылданған жүргізушiлер жұмысқа кiрiсер алдында мiндеттi түрде, алғашқы нұсқау беруден өтедi. Оларды көліктік жұмысты ұйымдастыру және мекеме құрылымы бойынша пайдалану қызметi инженерлерi, ал техникалық бөлiм қызметкерлерi – автомобильдер мен тiркемелер құрылысы және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша өткiзедi, қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша инженер қозғалыс қауiпсiздiгi талаптары бойынша нұсқаулар бередi, ал техника қауiпсiздiгi және өндiрiстiк тазалықты сақтау бойынша – техника қауiпсiздiгi жөнiндегi инженер.
Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша нұсқау беру барысында жолда жүру ережелерiне және алдағы жұмыс бағыттары жағдайында автомобильдi жүргізу тәртiбiне басты назар аударылады. Әсiресе, қауiптi орындардан өту, қауiптi аймақтардағы қауiпсiз қозғалыс жылдамдықтары, шұғыл және күрт бұрылыстар, қиылыстар, көрiну мүмкіндiгi шектелген жол бөлiктерi сияқты мәселелерге көп көңiл бөлiнедi. Сонымен қатар, осы бағыттарда тiркелген жол-көлік оқиғалары мен жолда жүру ережелерiн бұзу себептерi, олардың алдын алу, болдырмау мүмкіндіктерi қарастырылады.
Өткiзiлген нұсқау берудiң мазмұны арнайы журналға жазылады, ол журналға нұсқау алған жүргізушi нұсқау беруден өткендiгiн растап өз қолын қояды. Бұдан кейiн жұмысқа орналасушы жүргізушi көлік құралын жүргізу сынағынан өту үшін жетекшi - жүргізушi қарамағына жiберiледi (стажировка).
Көлік құралын жүргізу сынағы өткiзiлген соң жетекшi-жүргізушi барлық кемшiлiктердi, ескертулердi сынақтан өту қағазына жазып, мекеменiң бас инженерiне тапсырады. Бас инженер, өз кезегiнде, жұмысқа тұрушы жүргізушiнi қабылдау немесе қабылдамау жөнiнде тиісті шешiм қабылдайды.
