Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Служба БД.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар

Автомобиль жүргізушiлерiн оқыту және сынақтан өткiзудегi жетекшi жүргізушiлердiң мiндеттерi. Кәсiпорындағы оқыту және сынақтан өткiзудiң мақсаты. Оқу және тәрбиелiк жұмыстардың түрлерi: жүргізушiлерге күнделiктi және маусымдық нұсқау беру, лекциялар, әңгiмелер, баяндамалар, бiлiктiлiктi арттыру сабақтары, қозғалыс ережелерiн оқып-үйрену. Автокөлік мекемесiнiң алдыңғы қатарлы дәстүрлерi және оларды жүргізушiлердi оқытуда және тәрбиелеуде пайдалану. Үгiт және насихат құралдары (қабырға газетi, жергiлiктi радио торабы, арнайы кинофильмдер) және оларды пайдалану. Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiндегi жұмыс.

Автомобиль көлігі мекемесiнiң жүргізушiлiк мамандығына ең алғаш рет тағайындалған жүргізушiлердi сынақтан өткiзу тәртiбi. Арнайы дайындық және сынақтан өткiзу бағдарламасы. Сынақтан өткiзу iсiн жоғарғы деңгейде өткiзудегi техникалық және пайдалану қызметтерiнiң орыны және мiндеттерi. Арнайы дайындықтан өткен жүргізушiлермен әңгiмелесу, сынақ мерзiмiнен өткiзу және сынақ қабылдау. Автомобильдi өз бетiмен жеке жүргізуiне рұқсат беру.

Жетекшi-жүргізушiнiң мiндеттерi және оған қойылатын талаптар. Жетекшiнiң адамгершiлiк бейнесi және жеке үлгiсi. Сынақтан өткiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. Жетекшiнiң автомобиль жүргізу шеберлiгiн, тасымалдау мәдениетi және қауiпсiздiгiн арттыру бағытындағы жұмысы. Жүргізушiлер жұмысына бақылау жасау, оларға тиiстi көмек көрсету. Оқытудың негiзгi педагогикалық принциптерi. Желiге шығар алдындағы, желiдегi жұмыс барысында және желiден мекемеге қайтқан уақытта өндiрiстiк нұсқаулар беру әдiсi. Жүргізушiлердiң жұмысын талдау негiзiнде сынақтан өту нәтижелерiн сараптау. Сынақтан өту кезiндегi қателiктердi талдау және оларды жою шаралары. Жетекшi-жүргізушiлер арасында тәжiрибе алмасу.

2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар

Жол-көлік оқиғаларының пайда болуына әкелiп соғатын негiзгi техникалық ақаулар. Қозғалыс қауiпсiздiгiне әсер етушi тежеу жүйесінiң, рульдiк басқарудың, доңғалақтардың, жарықтандыру және белгi беру аспаптарының, қосымша жабдықтардың ерекше, өзiндiк ақаулары. Автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын жоғарғы талаптар. Жөндеуден өткен доңғалақтарды жолаушылар тасымалдау автомобильдерiне орнату ережелерi. Автомобильдердi сыртқы және iшкi безендiрудiң мәнi. Белгi беру, байланыс және бақылау құралдары. Есiктердi басқару жүйесіне қойылатын талаптар. Радиокүшейткiш қондырғы. Автомобильдердiң өртке қарсы жабдықтары. Жүргізушiнiң автомобильдiң техникалық жағдайын және толық жабдықталуын тексеруi, қозғалыс қауiпсiздiгiне әсер етушi ақауларды түзету. Автомобильдерге желiде техникалық көмек көрсету.

3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi

Автомобильдi басқару жұмысының ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы және жүргізушiге қойылатын талаптар. Жүргізушiнiң ықыластылығының, байқағыштығының, зеректiгiнiң, көзбен шамалау қабiлетiнiң, тез әрi дәл реакциясының, қозғалыс жағдайын бағалау мүмкіндiгiнiң және жол-көлік оқиғасының алдын-алуға бағытталған шешiмдер қабылдау тездiгiнiң кәсiби маңызы. Жүргізушiнiң моральдық - жiгерлiлiк қасиеттерi және оның тәртiптiлiгiнiң шешушi маңызы. Жүргізушiнiң жұмыс iстеу қабiлетi және оның қозғалыс қауiпсiздiгiне тигiзетiн әсерi. Жұмыс iстеу және демалыс режимдерiнiң сақталу маңызы. Алкоголь – жол-көлік оқиғаларының көзi.