- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •Автомобиль көлігіндегі ҚозҒалыс Қауiпсiздiгi ҚызметiнiҢ жұмысын Ұйымдастыру
- •5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлiктi пайдалану» мамандығы студенттерi үшiн оқу құралы
- •1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметi туралы жалпы мәлiметтер
- •1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң мақсаты және мiндеттерi
- •1.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң құрылымы және саны
- •1.3. Жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар түрлерi мен әдiстерi
- •3 Тақырып. Автомобиль жүргізушiсi еңбегiнiң психологиялық және физиологиялық негiздерi
- •I тақырып. Жүргізушiлердi оқыту және сынақтан өткiзудегi мақсаттар
- •2 Тақырып. Желiге шығарылатын автомобильдердiң техникалық жағдайына қойылатын талаптар
- •4 Тақырып. Әртүрлі жағдайларда автомобильдердi жүргізу ерекшелiктерi
- •5 Тақырып. Қызмет көрсетудiң жоғарғы мәдениетi және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгi
- •2 Автомобиль көлігінде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша негiзгi шаралар
- •2.2 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
- •2.3 Автокөлік мекемесiнде жол полициясы қызметкерлерiмен бiрлесiп атқарылатын шаралар
- •2.4 Жүргізушiлерге нұсқаулар беру
- •2.4.1 Алғашқы, таныстырма нұсқау беру
- •2.4.2 Маусымдық нұсқау беру
- •3 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытындағы тәрбиелiк және ұйымдастыру– көпшiлiк жұмыстары
- •3.1 Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының негiзгi мазмұны
- •3.1.1 Қозғалыс қауiпсiздiгi бойынша көпшiлiк шаралары
- •3.1.2 Жолда жүру ережелерiн және еңбек тәртiбiн бұзған жүргізушiлермен жүргiзiлетiн жұмыстар
- •3.2 Автокөлік мекемесiндегi тәрбие жұмыстары
- •4 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнің жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Жалпы мәлiметтер
- •4.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi кабинетiнiң өлшемдерi және жабдықталуы
- •4.3 Кабинеттiң жұмысын ұйымдастыру
- •Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдаудың ерекшеліктері
- •7.1 Жалпы мәлiметтер
- •7.3 Бақылау-өткiзу бекетiнде тексерiлетiн негiзгi параметрлер
- •7.4 Көлік құралдарының құрылыстық қауіпсіздігі
- •7.4.1 Жалпы мәліметтер
- •7.4.2 Көлік құралдарының белсенді қауіпсіздігі
- •7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
- •7.4.4 Көлік құралдарының апаттан кейінгі қауіпсіздігі
- •7.4.5 Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі
- •8 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi
- •8.1 Жүргізушiлердi психофизиологиялық iрiктеу
- •8.2 Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн және жол-көлік оқиғаларын азайту шараларының тиiмдiлiгiн бағалау
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Салынатын ақаулар мен жағдайлардың тiзбесi
- •1. Тежеу жүйелерi
- •2. Рульдiк басқару
- •3. Сыртқы жарықтандыру құралдары
- •4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
- •5. Дөңгелектер
- •7. Құрылымның басқа да элементтерi
- •Мазмұны
7.4.3 Көлік құралдарының енжарлық қауіпсіздігі
Енжарлы қауіпсіздік бұл көлік құралының, жол-көлік оқиғаларының ауырлық дәрежесін төмендетуді қамтамасыз етуші, пайдалану қасиеттерінің кешені. Енжарлы қауіпсіздік, автомобиль көлігінің жүргізушісі апаттың алдын ала алмаған жағдайларда іске кіріседі және жүргізуші мен жолаушыларға әсер етуші инерциялық жүктемелердің төмен болуын, олардың автомобиль ішіндегі қозғалысын шектеуді, соққылар кезіндегі жарақаттардан сақтауды, соқтығыс кезінде жүргізуші мен жолаушыларды автомобильден сыртқа лақтырып жіберуді болдырмауды қамтамасыз етеді.
Көлік құралдарының енжарлы қауіпсіздігін ішкі және сыртқы енжарлы қауіпсіздік деп екі топқа бөледі.
Ішкі енжарлы қауіпсіздік бұл көлік құралының, көлік құралы ішіндегі жүргізуші мен жолаушылар үшін, жол-көлік оқиғаларының ауырлық зардаптарын төмендету қасиеті.
Сыртқы енжарлы қауіпсіздік бұл көлік құралының, қозғалыстың басқа қатынасушылары үшін (жаяу жүргіншілер, басқа көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары), жол-көлік оқиғаларының ауырлық зардаптарын төмендету қасиеті.
Жалпы алғанда көлік құралының енжарлы қауіпсіздігі кешеніне мыналар жатады:
Қасиеттер:
автомобильдің алдыңғы және артқы жақтарының лақтырып тастау қасиеттері;
есіктер құлыптарының сенімді жабылуы;
Құрылыстық ерекшеліктер:
алдыңғы әйнектік шытынап шашырамауы;
энергия жұтушы басқару тұтқасы;
адамдардың көлік құралы ішіндегі қозғалысын шектеу – қауіпсіздік белдіктері, бас жастықшалары, пневматикалық қауіпсіздік жастықшалары;
автомобиль ішінде өткір, үшкір бұрыштардың болмауы;
автомобильдің сыртқы жағында жаяу жүргіншілерді жарақаттардан сақтау құралдарының қарастырылуы.
Автомобиль көлігінің жүргізушісі мен автомобиль ішіндегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралдарының бірі қауіпсіздік белдіктері болып табылады. Шамамен 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автомобильдер соқтығысқан кезде, оның ішіндегі қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы, оның өзінің салмағынан 30-60 есе артық күшпен соғылады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, автомобильдің артқы орындығында отырған және қауіпсіздік белдігін тағынған жолаушылардың күрделі соққылар мен жарақат алуының ықтималдылығы 2,86 есе төмен болады. Сонымен қатар, автомобильдің артқы орындығында отырған және қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы тек қана өзін ғана емес, сонымен бірге алдыңғыорындықтағы жолаушыны немесе жүргізушіні де қатерге тігеді.
Ғылымның заманауи жаңалықтарын өндіріске енгізу қауіпсіздік белдіктерінің пайдалану қасиеттерін біршама жақсартады және жүргізушілер мен жолаушыларды сақтау мен қорғау дәрежесін арттырады. Соңғы жылдары жасалған жаңалықтар қатарында қауіпсіздік белдігін иықтық реттеуді, қауіпсіздік белдігін ұзартуды, қауіпсіздік белдіктерінің алдын-ала және апаттық тарту механизмдерін атауға болады.
Автомобильдің алдыңғы жағынан тура соғылған қатты соққылар нәтижесінде автомобиль ішіндегі адамдар (40-50)g шамасына дейінгі удеуге ие болады. Егер де автомобиль құрылысында сенімді қорғау қондырғылары болған ретте, олар айтарлықтай жарақаттарсыз өтіп кетуі мүмкін. Жүргізушілер мен жолаушыларды тура соққылар зардабынан қорғау үшін пневматикалық қауіпсіздік жастықшалары қолданылуы мүмкін. Олар автомобильдің кедергіге соқтығысу мезетінде бірден іске қосылады да (0,03-0,4 сек) адам денесінің басқару тұтқасына немесе автомобильдің алдыңғы жағына соғылуының алдын алады. Пневматикалық қауіпсіздік жастықшалары соққының кинетикалық энергиясының 90 пайызына дейінгі шамасын жұтады.
АҚШ мемлекетінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерінде белгілі болғанындай, пневматикалық қауіпсіздік жастықшалары жүргізушілер өлімі оқиғаларының санын қысқарта алады:
алдыңғы жағынан тура соққы кезінде 31 %;
барлық түрдегі тура соққы кезінде 19 %;
барлық түрдегі соққылар кезінде 11 %.
Пневматикалық қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған жеңіл автомобильдердің тура алдыңғы жағынан орын алған соққтығысулар кезіндегі жүргізушілер өлімі оқиғаларының санына автомобильдің салмағының әсерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижелері мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік беріп отыр:
жеңіл автомобильдерде (салмағы 1260 кг дейін) – 31 % қысқарған;
орта салмақты автомобильдерде (салмағы 1260 кг – 1420 кг) – 25 % қысқарған;
салмағы ауыр автомобильдерде (салмағы 1420 кг артық) – 39 % қысқарған.
Автомобиль жүргізушілері мен жолаушыларын жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алу мен қайтыс болудан сақтау мен қорғау сенімділігі адамдардың автомобиль ішінде еркін қозғалуына, әртүрлі құралдарды бірлесе қолдану жолымен, шектеу қою арқылы да арттырылуы мүмкін.
Мысалы, адамдардың өміріне қауіп төндіруші жарақат алуының ықтималдылығы пневматикалық қауіпсіздік жастықшаларын қолдану арқылы 40 % дейін қысқаруы мүмкін болса, орта дәрежелі жарақаттар алу ықтималдылығы 10 % дейін қысқаруы мүмкін. Егер де қауіпсіздік жастықшалары мен қауіпсіздік белдіктері бірге қолданылғанда, олардың ықтималдылықтары тиісінше 64 және 66 % дейін қысқарады.
Автокөлік құралдарының бүйірлік соқтығысулары кезінде жүргізушілер мен жолаушылар автомобиль есігіне соғылу салдарынан әртүрлі жарақаттар алады. Мұндайжарақаттардың ауырлық дәрежесін төмендету үшін, есіктерге әртүрлі арнайы толтырғыштар мен заманауи композиттік материалдар қолданылады. Олар соққылық энергияларды жақсы жұтады. Кейбір автомобиль жасаушылар өз автомобильдерін автомобильдің бүйірлік элементтерінен соққы алудан қорғау жүйелерімен жабдықтайды, атап айтқанда бүйірлік қауіпсіздік жастықшалары (есіктерден соққы алмау үшін), пневматикалық пердешелер (есіктің жоғарғы жағынан соққы алмау үшін) орнатылады. Мұндай қорғау жүйелері біртіндеп міндетті элементтерге айналып келеді, олардың міндеті – адамның басы мен көкірек тұсын автомобильдің төбесіне, есігіне соқтығысудан қорғау. Бүйірлік қауіпсіздік жастықшалары автомобильдердің есіктеріне, орындықтарына орнатылуы мүмкін.
Автомобильдің ішкі жағын жабдықтау элементтерінің бірі ол орындықтар. Арнайы құрылыстағы орындықтарды пайдалану жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін біршама арттыруы мүмкін. Ол үшін орындықтардың автомобиль ішіне бекітілуі күшейтіледі, орындық арқалықтары арнайы құлыпшалармен бекітіледі, бастың қозғалысын шектейтін жастықшалар қолданылады. Сонымен қатар артқы орындықтың жастықшасы мен арқалығын сенімді бекітуге де көп көңіл бөлініп келеді.
Тасымалдау кезінде балалардың енжарлы қауіпсіздігіне де басты назар аудару керек. Салмағы 9 кг дейінгі балалар, артқы орындыққа бекітілетін, қауіпсіздік белдігі бар, кері орнатылған арнайы балалар орындығына отырғызылуы керек. Артқы орындық, пневматикалық қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған алдыңғы орындықтан да қауіпсіз болып табылады.
Салмағы 9 кг артық балалар, артқы орындыққа бекітілетін, қауіпсіздік белдігі бар, алға қарай орнатылған арнайы балалар орындығына отырғызылуы керек. Барлық уақытта да жасы 12-ге дейінгі балалар, тек қана автомобильдің артқы орындығына отырғызылуы керек және олар қауіпсіздік белдіктерін міндетті түрде тағуы қажет. Арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде белгілі болғанындай, артқы орындықта отырған балалардың, алдыңғы орындықта отырған балалармен салыстырғанда, автомобильдердің тура бағыттағы соқтығысулары кезіндегі қайтыс болу ықтималдылығы 36 % төмен.
Соңғы жылдары, көптеген автомобиль жасаушылар өз автомобильдерін балалар орындығын орнатуға арналған құралдармен жабдықталған орындықтардың жаңа стандарттарына көшіп отыр, олар балалардың қауіпсіздігін арттырады.
Жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізушінің қауіпсіздігіне үлкен әсер ететін элементтердің қатарына басқару тұтқасын да жатқызуға болады. Жақсы тұрғыдан жабдықталған және дұрыс орналастырылған басқару тұтқасы жүргізушілердің жарақат алу мүмкіндіктерін 30-40 % дейін төмендете алады. Автомобильдерде әртүрлі құрылыстағы қауіпсіз тұтқалардың біраз түрлері қолданылады., мысалы жұмсақ жапсырмамен жабдықталған, жұмсақ тұтқалы доңғалақ.
Жол-көлік оқиғалары кезінде қозғалыстың басқа мүшелерінің де қауіпсіздігі мәселесі естен шығарылмау керек. Автомобильдерді сынау нәтижелері көрсеткеніндей:
автомобильдердің құрылыстары, жол-көлік оқиғалары кезінде, жаяу жүргіншілердің жарақат алуы мен басқа автомобильдердің бүліну дәрежесін анықтайды. Мысалы, автомобильдің алдыңғы жағының құрылысын өзгерту арқылы қозғалтқыштың жоғарғы жағы мен автомобильдің алдыңғы жағының қақпағы (капот) арасында 50-80 мм бос саңылау қалдыру жол-көлік оқиғасы кезінде жаяу жүргіншінің жарақат алуының ауырлық деңгейін біршама төмендетеді;
автомобильдің алдыңғы жағындағы қақпақтың алюминиден жасалуы жаяу жүргіншілердің жол-көлік оқиғалары кезіндегі жарақатының дәрежесін төмендетеді.
