Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

2 Файлдық жүйелер

Файлдық жүйелер. Файл (англ. file —папка) — бұл сыртқы сақтау құрылғыларында сақталған, жіберілетін және өңделетін біртұтас кезкелген деректердің есімделген аймағы. Файлда бағдарламалар, сандық деректер, мәтіндер кодталған кескіндер және т.б. болуы мүмкін.

Файлдық жүйе — бұл белгілі бір жинақтауышта файлдарды сақтауды ұйымдастыруға арналған құрал.

Файлдар сыртқы тасымалдауыштарда — магниттік дискілерде немесе CD-ROM-да физикалық орналасады. Әр файл дискінің жадында бірнеше блоктарда орналасады. Әдетте блок ұзындығы — 512 байт. Файлдармен ОЖ-дағы файлдық жүйенің драйвері деп аталатын арнайы модуль жұмыс істейді. Әр файлдың каталогта – файлдар мазмұнында – тіркелген аты болады.

Каталог (кейде оны директорий немесе бума деп те атайды) пайдаланушыға ОЖ-нің командалық тілі арқылы қол жетерлік болады. Оны қарап шығуға, онда тіркелген файлдардың атын өзгертуге, олардың мазмұнын басқа жерге ауыстыруға және жоюға болады. Каталогтың өзінің меншікті аты болуы мүмкін және ол әдеттегі файлдармен бірге басқа каталогта сақталуы мүмкін: осылай иерархиялық файлдық құрылымдар ұйымдастырылады.

Файлдық жүйелер функцияларына ОЖ басқаруымен жасалатын әрекеттер жатады:

  • файлдарды құру және оларға ат беру;

  • каталогтарды (бумаларды) құру және оларға ат беру;

  • компьютер дискілері арасында және бір дискінің каталогтары (бумалары) арасында файлдарды көшіру және аттарын өзгерту;

  • файлдарды және каталогтарды (бумаларды) жою;

  • берілген файлға, каталогқа (бумаға) жету үшін файлдық құрылымда қозғалу;

  • файл атрибуттарын басқару.

3 Утилиттер. Драйверлер

Утилиттер - бұл операциялық жүйенің көмекші модульдеріне қатысты бағдаламалық өнім.

Көмекші бағдарламалар (утилиттер) әдетте пайдаланушының нақты есептерін шығаруға емес, есептеу жүйесіне қызмет етуге және оның жоғарғы тиімділігін арттыруға тағайындалған. Көмекші бағдарламалардың негізгі түрлеріне қысқаша тоқтап өтейік.

Драйвер - бұл операциялық жүйеге компьютердің белгілі бір құрылғысымен жұмыс істеуді мүмкін ететін қызметші бағдарламалар жиынтығы. Драйвердің міндеті: жүйелік және қосымша бағдаламалардан түсетін сұраныстарды өңдеу, оларды физикалық құрылғыға түсінікті тілге аудару, оның инициализациялық процессін басқару, деректермен алмасу, параметрлерді тұрғызу, бір қалып-күйден екішісіне ауыстыру. Драйвер операциялық жүйеге, берілген құрылғының ерекшеліктерімен санаспай, жалпы интерфейс арқылы нақты құрылғымен байланысуды мүмкін етеді. Басқаша айтқанда, драйвер жоғарғы деңгейдегі сұраныстарды, компьютердің аппараттық ресурстарына тікелей қатынасу арқылы, төменгі деңгейдегі машиналық тілдегі сұраныстарға трансляциялайды.

Операциялық жүйелерге қондырылған драйверлар да бар. Мысалы - пернетақта, таймер, ішкі модем, коммуникациялық порттар. Ал бірақ құрылғы функционалдық мүмкіндіктері басқаша құрылғымен алмастырылса, онда оған міндетті түрде драйвер орналастыру қажет.