Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

3 Бейнеақпаратты шығару құрылғысы

Компьютер ішінде ақпарат цифрлық түрде, сақталады, ал пайдаланушы ақпараттарды мәтін, кескіндеме, дыбыс түрінде түсінуге әдеттелген. Шығару құрылғыларының кең тарағандары:

Видеоплата - видеомониторға кескіндерді құрастыратын негізгі құрылғы. Қазіргі видеоплаталар компьютердің өзі сияқты құрылған: оларда видеосигналдарды өңдейтін процессор (видеопроцессор), кескіндерді сақтайтын видеожад, видеопроцессордың жұмысы үшін қажет бағдарламадан тұратын тұрақты жады (BIOS ұқсас) бар. Қазіргі видеоплаталар телевизорға, мониторға және т.б. қосуға арналған құралдармен жабдықталуы мүмкін.

Видеомонитор – ақпаратты видеоплатадан алып оны мәтін немесе кескін түрінде бейнелейді. Қазіргі мезгілде мұндай құрылғылыардың келесі түрлері шығарылды:

  • электронды-сәулелік трубка негізіндегі мониторлар

  • сұйық кристаллды мониторлар

  • плазмалық мониторлар

Проектор - видеоақпаратты үлкен экранға шығаруға арналған.

Принтерлер – ақпаратты қағазға шығаруға арналған.

Принтерлер түрлері

  • матрицалық

  • бүріккіш

  • лазерлік

  • термиялық

Матрицалық және термиялық принтерлер қазіргі кезде бөлек құрылғы ретінде шығарылмайды. Олар енді кассалық және факстік аппараттардың құрамына енеді.

Графсалғыш - конструкторлық бюрода сызбаларды сызу үшін қолданылады.

Дыбыстық плата сандарды адамға түсінікті дыбыстар ретінде түрлендіреді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерлік графика деген не?

  2. Графикалық жүйелер түрлері.

  3. Видеоақпараттарды шығару құрылғысы.

  4. Қандай графикалық редакторларды білесіз?

  5. Растрлық дегеніміз не?

  6. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?

  7. Қандай түс модельдері бар?

Глассарий

Компьютерлік графика – компьютерде графикалық (суреттер, сызбалар, фотосуреттер, бейнекадрлар және т.б.) бейнелермен жұмыс жасалынатын информатиканың бөлімі.

Пиксель1 – растрлық графикадағы екі өлшемді цифрлық бейненің ең аз логикалық элементі (экрандағы нүкте).

Пиксель белгілі түсті, әдетте шаршы немесе дөңгелек пішінді бөлінбейтін объект. Растрлық компьютерлік бейне жолдар және бағаналарда орналасқан пиксельдерден тұрады.

Растр – экрандағы пиксельдердің тік төртбұрыш торы.

Экранның шешушілік қабілеті – M*N көбейтіндісі түрінде берілетін, растр торының өлшемі, мұндағы M – горизонталь бойындағы нүктелер саны, N – вертикаль бойындағы нүктелер саны (жолдар саны).

Бейнеақпарат – компьютердің жадында сақталынған бейне туралы экранға жаңғыртылатын ақпарат.

Бейнежады – экранға бейнені жаңғырту уақытында, бейнеақпаратты сақтайтын жедел жады.

Графикалық файл – графикалық бейне туралы ақпаратты сақтаған файл.

Қолданылған әдебиеттер:

[1], [3], [8], [10], [11]

Дәріс №13 интернет

Мақсаты: Компьютерлік желілер жүйесі Интернет, оның теориялық негіздері, хаттамалар, қызмет түрлері туралы меңгерту.

Негізгі ұғымдар: компьютерлік желілер, TCP, IP хаттамалары, терминальдық режим, электрондық пошта, тарату тізімдері, телеконференция қызметі, web-парақтар, броузер.

Жоспары:

1 Интернеттің шығуы мен тарихы

2 Интернеттің теориялық негіздері

3 Интернет қызметтері