Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Сызбалар, есептер, ситуациялар

Деректер қорындағы мәліметтерді белгілі бір критерий бойынша бірнеше кестелерге бөліп, оларды бір-бірімен байланыстырған дұрыс. Access ДҚБЖ-де кестелерді байланыстыру үшін «Деректер сүлбісі» қолданылады.

Кесте жолдар мен бағандардан құралып, деректер қорында өрістердің айрықша атауы болады. Деректер қорының құрамында бір-біріне сәйкес келетін өрістердің көмегімен орнатылатын байланыстары бар көп кестелер болады. MS Access-те кесте арасындағы байланыстың төрт түрін қолдануға болады:

Бірден бірге (бірінші кестедегі әрбір өріс екінші кестедегі тек бір ғана өріске сәйкес келеді).

Бірден көпке (бірінші кестедегі әрбір өріс екінші кестенің бірнеше өрістерге сәйкес келеді).

Көптен бірге («один – ко – многим» жазбасына сәйкес)

Көптен көпке (бірінші кестедегі бір өріс екінші кестенің тек бір өріспен ғана байланыста болмайды немесе екінші кестедегі бір өріс бірінші кестенің тек бір өріспен ғана байланыста болмайды).

MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоры – қазіргі уақытта едәуір кең таралған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қорында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қорымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.

Тапсырма 1. «Деканат» деректер қорын жасау.

1. Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау үшін:

  • «Жаңа деректер қоры» пунктін басыңыз;

  • «Жаңа деректер қоры файлы» терезесінде Файл атауы өрісіне деректер қорының атауы ретінде Деканат атын беріңіз.

  • Создать батырмасын басыңыз.

2.Деректер қорының кестесін жасау. Деректер қорының кестесінің алдымен құрылымын (жобасын) жасайды. Оны жасау үшін:

  • Ашылған терезеде «Деректер қоры» терезесінде Создание –Конструктор таблиц таңдаңыз.

  • Ашылған Конструктор терезесінде жасалынатын кестенің өрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңыз. Кестенің өрістерін анықтау үшін:

  • «Өрістің аты» бағанындағы жолға бірінші өрістің атын Оқытушы_коды деп енгізіңіз;

  • «Деректер типі» бағанындағы жолда тізім батырмасына басып, деректердің Сандық (Числовые) типін таңдаңыз, ал «Өрістің өлшемін» Общие – Целое деп анықтаңыз.

  • Оқытушы_коды өрісін кілттік өріс етіңіз. Ол үшін саймандар панеліндегі кілттің суретіне басыңыз немесе жанама менюді шақырыңыз.

  • «Код» өрісіндегі деректерге шектеу енгізіңіз. Бұл деректер қайталанбауы қажет, өйткені оқытушылардың кодтары қайталанбауы тиіс, әрі оларды өзгерту мүмкіндігі қамтамсыз етілуі тиіс.

  • Общие бөліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын шертіңіз. Тізімнен «ДА» пунктін таңдаңыз (бірдей болмау үшін)

  • «Оқытушылар» деректер қоры кестесіндегі қалған барлық өрістерді анықтау үшін 1- кестеге сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.

1-кесте

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Фамилиясы

Мәтіндік

20

Аты

Мәтіндік

15

Әкесінің_аты

Мәтіндік

25

Туған_күні

Күн/уақыт

Өрістің форматы: Қысқа

Қызметі

Мәтіндік

9

Пән_коды

Сандық

Бүтін

Пән

Мәтіндік

11

Телефон

Мәтіндік

9

Жалақы

Ақшалық

Өрістің форматы: Негізгі

  • Жасалған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңыз. Ол үшін «Жабу» белгісін басыңыз. Ашылған терезеде кестенің атын сұрайды, сіз Оқытушылар деп теріп, ОК батырмасын басыңыз.

Тапсырма 2. Деректер қорын өңдеу (редакторлау).

Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз. Егер сіз деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, тізімнен Конструкторды таңдаңыз.

«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі керек.

Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін үшін:

  • «Қызметі» өрісін шертіп, Общие бөлімінің терезесінің төменгі жағындағы Условие на значение дегенге өтіңіз.

  • Өрнекті құрастырушы арқылы мәндерге шарт қою үшін мынадай  батырманы шертіңіз.

  • Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып, одан соң Or батырмасын шертіңіз (бұл батырма НЕМЕСЕ деген қызметті атқарады), одан соң Доцент сөзін жазып тағы да осы батырманы шертіңіз, Ассистент сөзін жазып <ОК> батырмасын шертіңіз. Осылайша «Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент, Ассистент мәндері ғана енгізіледі.

  • «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда экранға шығатын қате туралы хабарламаның мәтінін анықтау. Қате туралы хабарлама (Сообщение об ошибке) жолына «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.

  • «Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент сөзін анықтаңыз.

  • Конструктор режимінен шығыңыз.

Тапсырма 3. Кесте режимінде жұмыс.

1. Кесте режимінде деректерді енгізу мен редакторлау жүреді. Жобаланған кестеңіздің Кесте (Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін кесте атауында екі рет шертіңіз

2. Кестеңізді төмендегі 2-ші кесте сияқты етіп толтырыңыз. «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда (мысалы, Лаборант сөзін) не болатынын байқаңыз. Экранда «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады. Дұрыс сөзді енгізіңіз.

2-кесте

Код

Фамилия

Аты

Әкесінің

аты

Туған жылы

Қызметі

Пән

коды

Пән

Жала-

қысы

1

Жарасов

Саят

Байболович

23.10.1954

Професcор

Статистика

89000

2

Айтов

Орал

Айтович

25.07.1940

Доцент

Экономика

72000

3

Омаров

Назар

Маратович

05.12.1967

Доцент

Математика

77600

4

Сергеева

Ольга

Ивановна

12.02.1972

Ассистент

Математика

54500

5

Иванов

Павел

Петрович

16.02.1951

Доцент

Экономика

78900

6

Салимова

Раушан

Ахановна

30.05.1966

Доцент

информатика

77900

7

Омаров

Оспан

Маратович

30.071948

Доцент

Физика

78900