Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

2 Қарапайым түстік моделдер: rgb, hsb, cmyk

RGB түстік моделі. RGB түстік моделі аддитивті болып табылады, яғни кез келген түс әр түрлі деңгейде үш негізгі түстің – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) қосындысынан тұрады. Ол – электрондық түрде көрсетуге арналған (мониторда, телевизорда) компьютерлік график құру мен оны ӛңдеуде негізгі қызмет атқарады. Негізгі түстің бір компонентін, екіншісінің үстінде қолдануда сәулеленудің сомалық жарықтығы ұлғаяды. Үш компоненттің араласуы, жарықтығын ұлғайтқан кезде ақ түске жақындайтын ахроматикалық сұр түсті береді. Ӛңнің 256 градациялық деңгейінде қара түске RGB–дің нӛлдік мәні, ал ақ түске (1,1,1) координатымен ең жоғарғы мәні сәйкес келеді.

HSB түстік моделі. HSB түстік моделі адамның түс қабылдау ерекшеліктерін жан-жақты есепке ала отырып жасалған. Ол Манселдің түс шеңбері негізінде тұрғызылған. Түс үш компонентпен: өңмен, анықтылық-пен, жарықтықпен сипатталады. Түстің мәнін шеңбердің центрінен шыққан вектор түрінде таңдайды. Центрдегі нүкте ақ түске, ал шеңбердің периметріндегі нүктелер – таза спектрлі түстерге сәйкес келеді. Вектор бағыты градуспен беріліп, түстің реңін сипаттайды. Вектордың ұзындығы түстің қанықтылығын сипаттайды. Ахроматикалық деп аталатын өсте жарықтығы беріледі, бұл жағдайда нөлдік нүкте қара түске сәйкес келеді.

HSB моделінің түс қамтуы нақты түстердің бізге белгілі барлық мәндерін қабылдайды. HSB моделін компьютерде бейне құруда суретшінің жұмыс әдістерін имитациялау мен құралы ретінде қолдану қабылданған. Қаламсап, сауыт, кисттерді имитациялайтын арнайы программалар бар. Олар арқылы әр түрлі тұстармен және бояулармен жұмыс имитациясы қамтамасыз етіледі. Бейне құрғаннан кейін жарияланым түріне қарай оны өзге түстік модельге түрлендіру ұсынылады.

СМYK түстік моделі. CMYK түстік моделі субстрактивті болып табылады және оны жарияланымды баспаға дайындауда қолданады. СМҮK-дің түстік компоненттеріне ақ түстен бөлініп алынған негізгі түстер қызмет етеді.

көгілдір (cyan) = ақ – қызыл = жасыл + көк

күлгін (magenta) =ақ – жасыл = қызыл + көк

сары(yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл

Мұндай әдіс түпнұсқадағы баспадан шағылған сәуленің физикалық

табиғатына сай келеді. Көгілдір, күлгін және сары түстерді толықтырушы деп

аталады, себебі олар негізгі түстерді ақ түске дейін толықтырады. Бұдан СМҮKтүстік моделінің басты проблемасы – толыктырушы түстерді іс жүзінде бірінің үстінде бірін қолдану таза қара түсті алуға мүмкіндік бермейтіндігі келіп шығады. Сондықтан да түстік модельге таза қара түс компоненті қосылған.

СМҮК түстік моделінің аббревиатурасындағы төртінші әріп (Cyan, Magenta, Yellow, black) осылайша пайда болған. Түрлі-түсті компоненттерлік бейнені полиграфиялық құралда басу үшін СМҮК түстік моделінің компоненттерімен сәйкес келетін құрамдас бөліктерге бөлу қажет. Бұл процесті түс бөлу деп атайды. Нәтижесінде түпнұсқада компоненттің түсінен тұратын төрт жеке бейне алынады.