Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Сызбалар, есептер, ситуациялар

Мәліметтер қоры – ақпаратты ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған құрылым.

Мәліметтер қоры ұғымымен деректер қорын басқару жүйесі тығыз байланысты.

МҚБЖ деп жаңа қордың құрылымн жасауға, оны мәліметпен толтыру, түзету және визуализциялауға мүмкіндік беретін программалық кешенді айтады.

Егер де деректер қорында ешбір мәлімет болмаса бұл – бос деректер қоры деп атайды. Қорда мәлімет болмағанымен, онда қордың құрылымы бойынша ақпарат бар деп айтады.

Кез келген деректер қорының негізгі объектісі – кесте болып саналады.

Әрбір кестенің өзінің бағандары мен жолдары болады, деректер қорында оларды өрістер(поля) мен жазбалар(записи) деп атайды.

Мәліметтер қорындағы өрістердің қасиеттері

  1. Өріс аты (имя поля) – автоматты операцияларды жүргізген кезде өрістерді хабарлау.

  2. Өріс типі (тип поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің типін анықтайды.

  3. Өріс өлшемі (размер поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің ені бойынша шектелуін көрсетеді. (символдар бойынша)

  4. Өріс форматы (формат поля) – ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау тәсілін анықтайды.

  5. Енгізу маскасы (маска ввода) – ұяшықтарға деректердің енгізілу түрін анықтайды.

  6. Жазылуы (подпись) – берілген өрістің кестедегі хабарлануын анықтайды.

  7. (значение по умолчанию) – көрсетілетін мән ұяшықтарға автоматты түрде енгізіледі.

  8. (условие на значение) – енгізілетін мәліметті тексеру мақсатында қойылатын шектеу.

  9. Қате туралы хабар (сообщение об ошибке) – ұяшыққа қате мәліметті енгізген кезде автоматты түрде шығатын сұхбаттық хабар.

  10. Міндетті өріс (обязательное поле) – деректер қорын толтырғанда бұл өрістердің міндетті толтыруын анықтайды.

Мәліметтер типі

Мәтіндік (текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған тип (255 символға дейін).

Мемо өрісі (поле Мемо) – үлкен көлемді мәліметті сақтауға арналған арнайы тип (65535 символға дейін).

Сандық (числовой) – нақты сандық мәліметті сақтауға арналған тип.

Дата/время – календарлық күндер мен ағымды уақытты сақтауға арналған тип.

Ақшалық (денежный) – ақшалық мәнді сақтайтын тип.

Счетчик – автоматты түрде өсірілетін натуралды сандарды сақтайтын арнайы тип. (мәндері қайталанбайды).

Логикалық – логикалық мәліметті сақтайтын тип. Екі мәнді қабылдайды: Иә - Жоқ

OLE объектісінің өрісі (поле объекта OLE)- мультимедиялық ақпаратты сақтауға арналған арнайы тип. (Excel кестесі, Word құжаты, т.б.)

Гиперссылка – Интернеттің Web-объектілерінің адрестерін сақтауға арналған тип.

Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілері

Кесте – біріншіден, кестеде мәліметтер сақталады, екіншіден, қордың құрылымын сақтайды (өрістер, олардың типтері мен қасиеттері).

Сұраныс(Запросы) – бұл объект кестедегі ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы түрде алып шығуға мүмкіндік береді. Сұраныстың көмегімен ақпаратты сұрыптайды, сүзгілейді және қажетті алгоритм бойынша жаңа кестелерді құруға болады.

Форма – мәліметті енгізу құралы, бұның көмегімен пайдаланушыға тек толтыруға қажетті өрістерді көрсетіп, артығын жасырып тастауға болады. Форманы қалауымызша безендіруге болады.

Отчет - өзінің қасиеті бойынша формаларға ұқсас, бірақ ең басты айырмашылығы отчет мәліметтерді баспаға (қағазға) шығаруға дайындайды. Сондықтан да оның бет нөмірін, колонтитулды, отчеттың жасалған күнін көрсететін арнайы мүмкіндіктері бар.

Макрос және модуль – қайталанатын операцияларды автоматтандыру мақсатында қолданады.

Макростар ДҚБЖ-ң ішкі командалар тізбегінен тұратын және деректер қорымен жұмысты автоматтандыратын негізгі құралы болып табылады.

Модульдер Visual Basic for Applications программалу тілінің көмегімен жасалынады. Құрастырушы бұның көмегімен деректер қорына бейстандарт мүмкіндіктерді енгізе алады.