Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Дәріс №10. Бағдарламалау тілдерімен танысу

Мақсаты: Бағдарламалау тілдері туралы мәлімет алу. Программа, жалпы қызметтік программалау, программалау тілдері туралы түсінік беру. Мәліметтер қоры, берілгендер базасы жүйесі, деректер файлын қолданып программалар құру жолдарын меңгерту.

Негізгі ұғымдар: программа, синтаксис, семантика, айнымалылар, өрнектер, меншіктеу операторлары, енгізу-шығару операторлары, тармақтау және итерация операторлары.

Жоспары:

1 Бағдарламалау тілдеріне шолу

2 Бағдаламалаудың негізгі құрылғылары

1 Бағдарламалау тілдеріне шолу

Программалау тілдерінің даму тарихы, кезеңдері

Дүние жүзіндегі алғашқы програмисті Ада Лавлейс болып табылған. Ол аналитикалық машинаны бағалай біліп өте жоғары баға берген. Программалау тілдер тарихында революция кезеңі болып арнайы символдар көмегімен машина командасын кодтау жүйелері табыла бастаған. Кодтау жүйесін Пенсилвания университетінің қызметшісі Джан Маучли ұсынған. Маучлидің ұсынған кодтау жүйесі өзінің қызметкері Грейс Мюррей Хопперді қызықтырады. Ол бүкіл өмірін компьютермен программалауға арнаған. Хоппер әлемнің алғашқы үлкен цифрлық (сандық) компьютерінің әлемдегі үшінші программисті болып табылады. Компьютерлік ғасырдың таңында машиналық код адам мен компьютердің жалғыз құралы болып табылады.

Компилятор және интерпретаторлар

1951 жылы Дүние жүзіндегі алғаш компиляторды құрастырған. Бұл терминді Хоппер өзі енгізген. Хоппер копилия торы біріктіру командаларының функциясын орындаған және транциляция кезінде подпрограмма компьютер жадының бөлінуінің жоғары дәрежедегі командаларының машина кодына түрленуі.

1954 жылы Хоппер өзінің тобымен программалау тілі және компилятордан жүйе құраған ол кейіннен МАТН-МАТLС атына ие болды.

1958 жылы FLOW-MATІC компилятор дүниеге келеді. Фотран ғылыми қосымшаларға арналған тен. FLOW-MATІC –сауда мәліметтер есебін өңдеудің алғашқы тілі болып табылған. Бұл салада жұмыс істеу Кобал тілінің құрылуына апарған 50ж. ортасы программалау саласында дамыған процесс кезі болып сипатталады. Машина командаларанда программалаудың ролі (қызметі) азая бастады. Жаңа типтері пайда бола бастады.

1954 жыды ABN программистер тобымен құрастырған ең алғаш Фотран тілі дүниеге келді. 60 жылдарында Дармутск колледжінің математика факультетінің қызметкері Томос Курц және Джон Кемени ағылшын тілінің жай сөздерінен тұратын ерекшелінген жаңа программалау Бейсик тілін шығарды. Бейсик тілі 1964 жылы дүниеге келді. «Жаңа тілі бастауыштарға арналған универсалды символдық код деп атаймыз. Бүгінгі таңда универсалды бейсик тілі дүние жүзінде ЭЕМ қолданушылардың арасында кең тарады. Бейсик тілін персаналды (дербес) компьютердің құрылған тілі ретінде қолдана бастады. Оны 1970 жылдарда кеңінен пайдалана бастады. Программалау тілдерін әр түрлі салада қолдануға болады. Олардың таңдауы тұтынушыға ыңғайлы болғанымен берілген есепке және компьютерге жарамдылығымен анықталады. Есептер компьютерге әр түрлі болып беріледі.

Алгоритмнің машиналық тілдегі бейнесі бағдарлама деп аталады. Ал бағдарлама жазуға арналған тілдерді бағдарламалау тілдері дейді. Тіл операторлары дегеніміз – компьютерге өрнектерді орындауды ұйғаратын алгоритм командасы.

Программалау жүйелерінің ядросын тіл құрайды.

Программалау тілі – компьютерлік программаны жазуға арналған формальді таңбалық жүйе. Программалау тілі, программаның сыртқы түріне және оның басқаруымен орындаушы (компьютер) орындайтын әрекеттерге тапсырыс беретін, лексикалық, синтаксистік және семантикалық ережелердің жиынтығын анықтайды.

Процедуралық программалау тілі программалаушыға есепті шығару үрдісінде әр қадамды анықтауға мүмкіндік береді.

Мұндай программалау тілдерінің ерекшеліктері, есептерді бөлшектерге бөлу және әр бөлім бірінен кейін бірі қадаммен шығару болып табылады.

Процедуралық тілді қолданып, программалаушы алгоритмдік қадамдар тізбегін орындау үшін, тілдік конструкцияларды анықтайды.

Ең белгілі программалау жүйелерін атап өтейік:

Бейсик (BASIC – Beginner’s All-purpose Symbolic Instruction Code – тұңғыш үйренушілер үшін, символдық нұсқаулардың әмбебап коды; basic – басты, негіздік) – жоғарғы деңгейлі программалау тілдері тектес.

Тіл программалауды оқытуға арналған және әртүрлі диалектілер түрінде кең таралған.

Паскаль (Pascal – ғалым Блез Паскальдің1) құрметіне аталған – жалпыға арналған жоғарғы деңгейлі программалау тілі. Мамандар арасында және программалауды оқып үйренуде өзінің қарапайымдылығымен дүние жүзінде кеңінен орын алды.

Turbo Pascal («турбо паскаль» деп айтылады) – Borland фирмасы шығарған Паскаль тілінің диалектісі, Windows үшін программалық қамтамасыз етудің интеграцияланған (біріктірілген, ықпалданған) ортасы және осы ортаның программалау тілі.

Object Pascal – 1986 жылы Apple Computer фирмасы құрастырған программалау тілі. Паскальдің ертеректе болған объектілі-бағытталған нұсқаларынан шыққан.

Дельфи (Delphi) – қазіргі кезде ең белгілі және кең тараған, объектілі-бағытталған программалау тілі.

Си (C) – 1970 жылдардың басында ойлап табылып дүниеге келген, стандартталған процедуралық программалау тілі. Жүйелік жасақтама программалары жасалғанда кеңінен қолданылады.