- •6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
- •7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
- •8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
- •9.Олигофрения.Имбецильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •10.Олигофрения.Дебильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
- •12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
- •17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?
- •18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?
- •16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?
- •19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
- •21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
- •22. Пик ауруына сипаттама беріңіз?
- •23. Гентингтон Хорея ауруына сипаттама беріңіз?
- •24. Шизофрения. Шизофренияныңпараноидтыформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •25. Шизофрения. Шизофренияныңгебефрениялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •26. Шизофрения. Шизофренияныңкататониялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •27. Шизофренияныңағымынақарайкалайжіктеледі, сипаттмабереіңз.
- •28. Маниакальді-депрессивтіпсихозғасипаттамаберіңіз.
- •29. Типтік депрессивті ұстама сипаттама беріңіз.
- •30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.
- •31. Балалардағы аутизм.
- •33. Кекештену сипаттама беріңіз.
- •34. Энурез. Сипаттама беріңіз
- •35. Тиктер. Сипаттама беріңіз
- •36. Реактивті параноя. Сипаттама берініз
- •37. Паронояльды психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •38. Шизоидты психопатия. Сипаттама беріңіз
- •39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •40. Истериялық психопатия.
- •41. Психастениялық психопатия
- •42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
- •43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
- •44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
- •7.Нейролептиктер.Дәрілердің клиникалық сипаттамасы.
- •12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •16.Науқасқа табиғаи апат кезіндегі біріншілік көмек.
- •Салыстырмалы ерекшеліктері
- •23. Жауабы:
- •24. Жауабы
- •26. Жауабы
- •29 Жауабы:
- •31 Жауабы:
- •2.Шизофренияның емі
- •35. Жауабы
- •40. Жауабы
33. Кекештену сипаттама беріңіз.
Тұтығу (лат. balbutіes) – сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. Кекештіктің жедел (эволюциялық) және созылмалы (невротикалық) түрлері ажыратылады. Жедел түрінде – кекештік біртіндеп дамиды. Әдетте, 2 – 5 жас аралығындағы балаларда (көбіне ер балаларда) кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесі орнықтылығын төмендеуін туғызатын факторлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық, т.б.) салдары үлкен. Сондай-ақ, баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі, баланың туған-туыстарының тез сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуына әкеледі. Созылмалы түрі – қатты шошынудан, әр түрлі жарақаттардың әсерінен орт. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан, отбасындағы келіспеушілік жағдайлардың салдарынан пайда болады. Мұндай балаларда сөз сөйлегенде бірте-бірте тілдің дірілдеп, қалтырауы, сіресуі байқалады. Сөйтіп, баланың мінезінде өзгеріс (ашуланшақтық, әлсіздік) пайда бола бастайды. Кейде неврозға ұқсас кекештікті байқауға болады. Мұндай кезде баланың қозғалысы баяулап, денесінің сіресіп қатып қалуы жиі қайталанады. Мінезінде селқостық пайда болады. Бірақ сөйлеу алдында оларда қорқыныш болмайды. Мұндай балалардың жүйке жүйесін тексергенде, онда күрделі өзгерістердің бар екендігі анық байқалады. Баланың сөйлеу кезінде тұтығуына байланысты кекештіктің ерте басталатын жеңіл формасы – дыбыс немесе буынды бірнеше рет қайталауы (па – па – па – паровоз), ауыр формасы – сөйлегенде сөздің басында не аяғында тұтығуы (авт----обус) және аралас формасы ажыратылады. Кейде тілі кешігіп шыққан балалар да кекештенеді. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорқақтау, ұялшақ, көңілсіз болады. Өзінің бойындағы кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады. Сөйлегенде беті қызарып, терлеп кетеді, бір сөзді бірнеше рет қайталауы мүмкін (мыс., “керек болса”, “міне осындай”, т.б.). 11 – 13 жаста қиын сөздерден қашып, мүдіріс кезінде басқа бір сөзді қосып жіберу арқылы кемістігін байқатпауға тырысады. Бірақ бұлай істеудің де зиянды жағы бар. Қосымша сөз қосып сөйлеу әдетке айналып кетсе, бала өмір бойы таза сөйлей алмай қалуы мүмкін. 25 – 30 жасқа келгенде, әдетте, кекештікбасыла бастайды, ал жасы ұлғайған адамда өте сирек кездеседі. Баланың тілінде мүкістік білінісімен дәрігер-логопедке көріну керек. Кекештікті дәрі-дәрмекпен (миорелаксант, транквилизаторлар), физиотерапиямен және психотерапиямен емдейді.
34. Энурез. Сипаттама беріңіз
Энурез (грекше enureo зәрлену ) яғни түнгі зәрдің еріксіз шығуы немесе түнде зәрді ұстай алмау деген мағына береді. Энурездің балалар арасындағы жиілігі 2,3 %-дан 28,1%-ға дейін онымен көбінесе ұл балалар зақымданады. Энурезбен ауырудың жиілігі 3 жасқа дейінгі балаларда 40% -ды,6 жасқа дейінгі балаларда -10%-ды, ал 12 жасқа дейінгі балаларда 3%-ды және 18 жасқа дейінгілерде 1%-ды құрайды. Энурез 3-12 жас аралығындағы балалардың 10%-да кездеседі және пубертат басына дейін өтеді
Бастапқыда энурездің кез келген түрі біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Біріншілік энурез зәр шығаруды бақылау қабілетінің бұзылуы салдарынан туындайды, ал екіншілік болса жүре пайда болған болып табылады. Ол стабильді түрде зәр шығаруды бақылай алу кезінде көрінеді.
Энурездің мүмкін болатын себептері:
Мидың және жұлынның ақаулары(органикалық энурез)
Ауыр туа біткен немесе жүре пайда болған психикалық ақаулар(психопатикалық энурез)
Зәр жыныс жүйесінің дисплазиясы(диспластикалық энурез)
Жіті және ауыр психотравма(невротикалық энурез)
Энурез клиникалық көрінісі Энурезбен ауыратын балалардың көбінде ұйқысы өте терең,ұйқыға кету уақытының ұзақтығымен және ауыр оянумен көрінеді.Жиі энурез ұйқының басқада ерекшеліктерімен бірге жүреді оларға ұйқы кезінде қозғалысты мазасыздану,ұйықтап жатып сөйлеу,ұйқы кезінде тұрып жүріп кету т.б
Энурез диагностикасы Энурезбен ауыратын балалардың барлығы зерттеуді қажет етеді. Өйткені зерттеу энурездің себебін ғана анықтап қоймай сонымен қатар басқа да зәр шығару жүйесінің ақауларын анықтауға көмектеседі. Энурезбен ауыратын науқастарға урофлоуметрикалық зерттеу жүргізу керек (қуықты функциональді бағалау). Рентгенконтрастты зерттеу әдістері цистография (қуықты арнайы контрастты затпен толтыру арқылы зерттеу) Микционды цистография (дәл цистографияға ұқсас бірақ науқастың зәр шығаруы кезінде зерттейді) Бүйректің және қуықтың УДЗ-і, цистоскопия көрсеткіш бойынша қолданылады. Кейде омыртқаның рентгенографиясы қажет
Энурезбен ауыратын балаларды уролог, педиатр, невропатолог, ЛОР дәрігерлер бірігіп зерттеу жүргізеді. Инструментальді зерттеулер тек зәр шығару жүйесінің органикалық ауруларында қажет, Алексеев-Шрамм симптомы (артқы уретрада ұрықты төмпектің пайда болуы), және цистограммада “тіл” симптомының пайда болуы қуықтың сфинктерінің жабылу қабілетінің бұзылуын көрсетеді. Аурудың нақты белгісі болып түнде төсекке зәр шығару болып табылады. Осыған байланысты ең қиындықты диагностика емес экспертиза алады
Балалардағы энурезді емдеу
Энурезбен ауыратын 6-10 жастағы балаларды урологиялық зерттеуден өткізу керек.Адекватты терапия алынған зерттеу қорытындыларына бойланысты жүргізіледі.
+ Кіші жастағы балаларға келесілер тағайындалады:
Ұйықтағанға дейін 2 сағат бұрын су ішуді тоқтату
Түнде баланы кіші дәретке отырғызу (мәжбірлеу арқылы зәр шығару)
Психиканы қоздырушы және тітіркендіруші әсерлерді тоқтату (теледидар, қозғалмалы ойыншықтар)
Памперстарды қолдануды тоқтату (памперстар тітіркендіруші әсерді алады және рефлекстың дамуын баяулатады)
Фитотерапия (седативті емдік шөптерді қолдану:мята,валериана,пустырник)
Жалпыға ортақ физикалық әсерлер (таңертеңгісін контрастты душ және т.б)
