- •6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
- •7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
- •8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
- •9.Олигофрения.Имбецильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •10.Олигофрения.Дебильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
- •12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
- •17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?
- •18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?
- •16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?
- •19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
- •21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
- •22. Пик ауруына сипаттама беріңіз?
- •23. Гентингтон Хорея ауруына сипаттама беріңіз?
- •24. Шизофрения. Шизофренияныңпараноидтыформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •25. Шизофрения. Шизофренияныңгебефрениялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •26. Шизофрения. Шизофренияныңкататониялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •27. Шизофренияныңағымынақарайкалайжіктеледі, сипаттмабереіңз.
- •28. Маниакальді-депрессивтіпсихозғасипаттамаберіңіз.
- •29. Типтік депрессивті ұстама сипаттама беріңіз.
- •30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.
- •31. Балалардағы аутизм.
- •33. Кекештену сипаттама беріңіз.
- •34. Энурез. Сипаттама беріңіз
- •35. Тиктер. Сипаттама беріңіз
- •36. Реактивті параноя. Сипаттама берініз
- •37. Паронояльды психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •38. Шизоидты психопатия. Сипаттама беріңіз
- •39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •40. Истериялық психопатия.
- •41. Психастениялық психопатия
- •42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
- •43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
- •44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
- •7.Нейролептиктер.Дәрілердің клиникалық сипаттамасы.
- •12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •16.Науқасқа табиғаи апат кезіндегі біріншілік көмек.
- •Салыстырмалы ерекшеліктері
- •23. Жауабы:
- •24. Жауабы
- •26. Жауабы
- •29 Жауабы:
- •31 Жауабы:
- •2.Шизофренияның емі
- •35. Жауабы
- •40. Жауабы
19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
Патологиялық аффект - психикалық үрдістердің қажуына алып келетін, тітіркендіргіш күші мен сапасына сәйкес келмейтін, буырқанған қимылдық және вазовегетативті көрністермен, сананың күрт тарылыуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматизацияланған әлеуметтік қауіпті сипаттағы жүріс-тұрыс мақсатсыздығымен көрінетін максимальды анық эмоциональды реакция. Патологиялық аффект бірнеше минуттан 1-2 сағатқа созылады, артынан аффективті жүріс-тұрыс кезеңінің толық амнезиялануымен терең ұйқыға ауысады. Осылайша, патологиялық аффект деп психикалық қызметтің жедел қысқа уақыттық бұзылуларының эмоциогенді дамуын айтамыз, осы уақытта адам өзінің істеріне жетекшілік ете алмайды, өз істерінің қателігін түсінбейді, артынан – осы жағдайда жасаған заңға қайшы әрекеттеріне жауап бере алмайды /кісі өлтіруге дейін/. Бас-ми жарақатымен, эпилепсиямен,алкоголизммен, наркоманиямен зардап шегетін адамдар аффективті реакцияларға бейім болып келеді.
20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
Жабысқақтық невроз дегеніміз- бұл науқастарда еркінен тыс жабысқақ ойлар, қорқыныштар, қимылдар пайда болуымен жүретін невроз формасы, олар науқас үшін жат, бірақ олардан арыла алмайды.
Психопатологиялық көріністердің қайсысының басым болуына байланысты жабысқақ невроздың 3 түрін ажыратады: обсессивті, фобиялық және жабысқақ - компульсивті.
Невроздың обсессивті түрінде науқастар жабысқақ естеліктерге (фамилияларды, жағымсыз ситуацияларды естеріне алады), елестерге (өз басынан өткен жағымсыз оқиғалар, кітаптардан немесе өзге көздерден алынған өзіне таныс оқиғалар) шағымданады. санақ терезенің этаждың және т.б.) көріністерге шағымданады. Ауру осы психикалық құбылыстардың бөтендігін түсінеді, бірақ олардан арылуға дәрменсіз. Олар қандай-да бір әрекетті толық орындауға кедергі жасайды, қажытады.Мысалы, науқаста қайтыс болған туысқанының тірілей жерленгені туралы жабысқақ ойлар пайда болады. Науқасты осы жағдай қалай өткендігі туралы ойлар жиі мазалайды. Ол тірілей жерленген туысқанының қалай тұншыққанын айқын көз алдына келтіреді. Ақырында осы ойлар аса айқындалып, үнемі сипат алып, науқас үшін өте ауыр күйзеліс болып табылады, өз әрекеттерінің орынсыздығын түсіне отыра, молаға қарай жүгіреді, бейітті қазуды талап етеді.
21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
Бұл ауру үшін де үдемелі амнезия және тотальды кем ақылдылық тән. Сонымен қатар белгілі бір айырмашылығы да бар. Альцгеймер ауруының инициальды кезеңінде жиі жасаурағыш-тітіркенген депрессия, бұл бұзылыстармен қатар үдемелі амнезияға жақын естің жылдам үдемелі нашарлауы бақыланады, көп ұзамай аурудың алғашқы белгiлері пайда болғаннан бастап кеңiстiктегi дезориентировка дамиды. Альцгеймер ауруының ерекшелiгi, науқастарда ұзақ уақыт өз күйлеріне формальды сын көзқарастың сақталуында (Пик ауруымен салыстырғанда). Ауру дамуына қарай ақыл кемдігі де үдй түседі. Мұндай науқастардың тәртiбi мүлдем орынсыз болады, олар өздерінің тұрмыстық дағдыларын жоғалтады, қимыл-қозғалыстарының мүлдем мәні жоқ.
Альцгеймер ауруымен науқастарда сөйлеу бұзылысы, афазия, эпилептиформды ұстамалар, спастикалық контрактуралар ерте пайда болады.
Аурудың екi түрiнде де психикалық бұзылыстар сандырақтық және галлюцинациялық симптаматикамен, және де бұзылған сана эпизодтарымен жүруі мүмкін. Бас миындағы атрофиялық үрдістердің даму дәрежесіне қарай үдемелі психикалық және неврологиялық бұзылыстарға трофикалық бұзылыстар қосылады. Ауру ұзақтығы бiрнеше айдан он жылға дейiн созылуы мүмкiн. Бұл аурудың болжамы қолайсыз болып табылады.
Бас миының атрофиялық үрдістеріне байланысты психикалық аурулар диагностикасы үлкен қиындықтар туғызбайды. Диагностика ОЖЖ органикалық зақымдануларын нұсқайтын мәліметтер болмаған жағдайда үдемелі амнестикалық бұзылыстардың және тотальды ақыл кемдігінің пайда болуына сүйенеді. Бiрақ кейбiр бақылаулар бас миының кейбiр iсiктерi атрофиялық ауру кезіндегі психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісіне ұқсас көрініс беретінін нұсқады (мыслаы, маңдай бөлiгінің iсiгі).
