Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психиатрия емтихан.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.

Ноотроптар – церебральды метаболикалық процесстерді ынталандыратын препараттар тобы, орталық антигипоксиялық әсер көрсетеді және осы тұрғыда когнитивті функцияларды күшейтеді. Клиникалық әсері: антигиастенді, кейбіреуі антидепрессивті, вегетобелсендіруші. Айтылған терапиялық көріністері бір ноотроптарда психобелсендіруші әсермен байланысады, ал басқаларында седативті. Бірінші орында, тамырлық, жарақаттық, нейроинфекционды, интаксикационды генез, кез-келген басқа астениялық этиологиялар церебральды-органикалық жетіспеушіліктен (церебральды синдром және энцефалопатия) туындайды. Милық атрофиялық процесстердің сатысында (Альцгеймер ауруы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі) және психикалық дамуларында ауытқулары бар балаларға осы препараттардың кейбірі белгілі бір көлемде немесе мөлшері ұлғайғайтып тағайындаймыз. Осы класстағы препараттар күйзелісте, дененің босаңсынуында, адинамияда және де теріс әсерлі биологиялық жағдайға төтеп беру мақсатында қолданылады. Ноотроптармен емдеу бірнеше аптада 1,5-3 айлық қайталамалы курстардан тұрады. Негізінде ноотроптарды қабылдау қанағаттанарлық. Ноотроптар психобелсендіруші көріністермен күйзелісті, тітіркенуді, ұйқы бұзылысын, әсіресе егде жастағы адамдарды қалыпқа келтіреді. Кейбір жағдайларда ноотроптарды бас ауырғанда, бас айналғанда, диспепсияда, аллергиялық реакцияда қолданылады. Ноотропты перпараттар эпилепсия ауруымен ауыратын науқастарға кері әсерін тигізеді. Ноотроптардың әсер ету механизмі. Ноотроптардың клиникалық әсері көп жағдайда норадренергиялы, холинергиялық және басқа да нейромедиаторлы структаралардың әсер етуінен туындайды. Препараттардың клиникалық мінездемесі. Ноотроптардың ішінде басты орында пирацетам тұрады. Құрамында гормональды түзілістерден тұратын ноотропты көріністерден тұрады. Бұл препарат психобелсендіруші әсері бар. Жедел мидың қан айналу бұзылысында, камотозды жағдайда, дәрілік және алкогольды улануларда, наркологиялық және алкогольды абстиенцияда және де басқа да психотропты жағдайларда, әсіресе нейролептиктерде қолданылады. Бір күндік дозасы – 2,4-8,0 г. Мидың қан айналу бұзылысында, комаларда, жедел интоксикацияларда пирацетам парентеральды қолданылады, күніне вена ішіне 20,0 г тамшылатып жібереміз. Аминалон (гаммолон) ұзақ қайталамалы курста, көбінесе церебральды-тамырлық жетіспеушілікпен ауыратын егде жастағы адамдарға қолданылады. Бір күндік дозасы – 1,5-3,5 г. Пиридитол (энцефабол). Клиникалық әсердінің ерекшелігі – психобелсендіруші әсері жоғары деңгейде. Бас ауруында, астенияда, апатиялық және адинамиялық күйзелісте, балалардың психикалық дамуы төмендегенде қолданылады. Бір күндік дозасы – 0,3-0,5 г.

13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.

Психостимуляторлы препараттарға – активация, стимуляциялық психикалық функциялар жатады. Психостимуляторлар сергектік деңгейін жоғарылатады, уақытша көңіл бөлу, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін арттырады. Кейбір антидепрессивті әсері бар. Дені сау адамдарда жалпы жағдайын және көңіл күйін эйфориялық тұрғыда көтереді. Қолданылу шарттары: әр түрлі табиғи астениялық бұзылыстарды, күндізгі ұйқышылдық, еріншектік, субстропты жағдайда, нарколепсияда қолданылады. Психостимуляторлы әсері былдырлауды, галлюцинацияны, қобалжуды, түнгі ұйқыны бұзады. Одан басқа бұл топтағы препарат АҚҚ-ны жоғарылатады, тәбетті қашырады. Барлық психостимуляторларды ұзақ уақыт қолданғанда психикалық және физикалық тұрақтылық қалыптасады. Зерттеу барысында, қабылдау уақыты 3-4 аптадан аспау қажет. Азанда және күндізгі уақытқа тағайындалады. Психостимуляторларды қолдануға кері әсерлері алкоголизм басқа токсикаманялық және наркоманиялық, эпилепсияда, гипертониялық аурулар, церебральды және жалпы атеросклерозда, ұйқысыздық, психофизикалық азу, психотикалық симптоматика, стенкардия, гипертериозға кері әсерлері бар. Көбінесе, клиникалық тәжірибеде сиднокраб қолданылады. Бір күндік дозасы – 10-50 мг. Меридил (риталин, центедрин) аз қолданылады. Бір күндік дозасы – 10-30 мг.

14.Психатерапия тәсілі

Психотерапияның тәсілдерін үш негізгі топқа бөлеміз.Сугестивтік жүріс тұрыстық, және саналы,психоаналетикалық бұдан басқа жеке топтық отбасылық психотерпия бар.Сугестивтік тәсіл негізінен сенімді (өз өзіне сену,жалпы сенім), пайдаланылады.Ең танымалы гипноздық ұйқы болып табылады.Бұл әдісті қолдану арнайы білімі бар, арнайы білімі бар психотерапиядан білікті дәрігер.Гипнозбен әсер етілген сөз өте жақсы әсер етеді,юірақ бұған барлық гауқастар бара бермиді.Бұл тәсіл әсіресе истерикалық неврозбен және алкогольизмге шалдыққандарға жақсы әсер етеді.Науқастың келісімінсіз бұл тәсілді қолдануға болмайды.Науқасқа бұл тәсілді қолдану кәсіби мол тәжірибиесі бар психотерапевттің ғана қолынан келеді.Сугестивті тәсіл истерикалық аурулармен ауыратын науқастарға өте жақсы әсер береді.Аутогендік жаттығу сугестивтік тәсіл болып табылады, бірақ бұл жерде өзін өзі сендіру тәсілі (арнайы құрастырылған тапсырмалар).Алғашқыда науқас өзін ауыр сезінеді,денесінің кейбір бөліктері біресе жылы,біресе салқын күйге түседі.Бұдан кейін ауыз екі формулаларды қайталайды.Флацеботерапия әдісі флацебопрепаратты қолданады (иісі,дәмі бойынша басқа дәрілерден айырмашылығы жоқ). Бірақ бұл ерекше затты қасиеттерден тұрады.Сонымен бірге сугестивті механизм егер осы әсерді жеткізгенде және шартты рефлекстік жағдайға түскенде қолданылады. “Жүріс тұрыстық” мінез құлықтық шартты рефлексті тәсілдер,шартты рефлекс әдістемелеріне сүйенеді.Мысалы иісі дәмі бар алкогольді араластырып, құсу рефлексін әдейі жасаттырады.Сонымен бірге ауруға ойша оған қорқыныш тудырған жағдайларда алдын ала елестетуін сұрайды.Бірақ дәл осы сезім бірте бірте өзінің мәнін жоғалта бастайды.Саналы тәсілдер аурудың ойлау жүйесін,сана сезімін қайта құрып сендіру арқылы оған қорқыныш сыйлаған сезімдердің ешқандай мәні жоқ екенін түсіндіреді.Психотерапевттің кәсібилігі,білімі ауруды сендіруде үлкен роль атқарады.Ал басқаша түрде психотерапевтпен науқас дос ретінде бір біріне барлық жағдайды сипаттап,оны шешудің жолдарын бірге қарастырады.Бірақ ең маңыздысы науқастың тұлғалық ерекшеліктерін, өмірлік мақсат жоспарларын дәл анықтап оған дұрыс бағыт бағдар көрсете білу қажет.Топтық психотерпия дегеніміз бірнеше науқаспен бір мезетте жұмыс істеу болып табылады.Бұл жердегі ерекшелік ортақ мәселелерді,ортақ жағдайларды ортаға тастап,пікір айтып бірге талқылау болып табылады.Тағыда бұған мысал ретінде рольдік қызметтерді орындау жатады.Ауыз екі тәсілге жатпайтын топтық психотерапия өзінің ойын және басқаның сезімін,қалауын,ойын сөзсіз (ымдап) түсіндіру.Отбасылық психотерапия топтық болып табылады бірақ бұл жердегі топ деп отығанымыз отбасы.Невроздың және ішкі отбасылық жан жалдардың себебін білуде осы тәсілдің пайдасы зор болып табылады, басқа да психотерпиялық тәсілдерге музыка терапия,хормен ән айту,бибютерапия (әр түрлі көркемдік әдебиеттерді оқу арқылы қиын жағдайдың шешімін табу), арттерапия (өнер туындылары арқылы емделу,мыласы сурет салу т.б).

Психотерапия науқасқа емдік мақсатта психикалық әсер ету әдісі.Психотерапия әсіресе шекаралық психопатологиялық жағдайда қолданылады. Мұндай әсер тура немесе жанама болуы мүмкін. Науқастың жүріс тұрысы сыртқы бейнесі, науқасты мазалайтын сұрақтарға қатысты эрудициясы жанама психикалық әсер етеді. Тура психотерапия сөзбен әсер ету жолымен іске асады.Тура психотерапия әдістерінің ішінде рациональды психотерапия, функциональды жаттығу, сергектік,гипноздық ұйқы жағдайында сендіру,аутогенді жаттығу,аналитикалық психотерапияны атауға болады.Рациональды психотерапия- науқастың өз дерті жөнінде қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту.Науқастың интеллектне,ақыл ойына тікелей әсер етеді.Бұл әдіс ипохондриялық жағдайлар,күдіктену,жүйкелік соматовегетативті бұзылыс кезінде өте тиімді.Функциональды жаттығу мақсаты-дертті жүріс тұрыс стериотипин жаттығу арқылы бұзу.Истериялық бұзылыстардан алшақтай бастайды.Сергектік жағдайындағы сендіру-бұл әдіс балаларда эффективті, ересектерде истериялық,фобиялық белгі болғанда қолданылады.Сендіру әдіс дәрігер кабинетінде,палатада жүргізіледі.Науқас бұл кезде жатады немесе көзін жартылай жұмып отырады.Гипноздық ұйқы жағдайындағы сендіру-адамның жоғары сенгіштігін өз қалауы бойынша гипноз жағдайына енгізуде қолдану.Терапияны өткізу үшін арнайы жабдықталған бөлме қажет.Сендіру сеансы үш сатыдан тұрады.1 науқасты гипноздық ұйқыға енгізу, 2 гипноздық ұйқы, 3 гипноздық ұйқы жағдайынан шығару.

15.Қатерлі нейролептикалық синдромның белгілері және сіздің тактикаңыз.

Қатерлі нейролептикалық синдром-Сирек кездесетін өмірге қауіпті нейролептикалық терапиядағы асқыну. Ол бұлшық ет қатаюымен,гипертермия,вегетативті бұзылыстармен, психикалық статустың өзерістерімен көрінеді.ҚНС кезінде лейкоцитоз және сарысуда креатинофосфокиназа жоғарылайды. Бұл жағдайда рабдомиолизге және жедел бүйрек жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін.ҚНС тың қауіп факторлары: инфекция, балалық және кәрілік жастар, физикалық шаршау, дегидратация, нейролептик дозасының жылдам өзгеруі. ҚНС жиілігі: 0.5-1.0% ды құрайды.Бұл синдром патогенезі-анықталмаған, бірақ дофаминді рецепторлар тежелуімен және дофаминирегиялық жүйе белсенділігінің төмендеуімен юолуы мүмкін.ҚНС ты инсультпен,фебрильді кататониямен,және қатерлі гипертермиямен диф диагностика жүргізу керек.ҚНС-инфузиялық терапия жүргізілетін, жедел госпитализацияланатын шұғыл жағдай болып табылады.Науқасқа тағайындалған кез келген нейролептикті алып тастау қажет.Біршама жағдайда оң әсер көрсететін дофаминді рецепторлардың агонистерін,амонтадин немесе миорефлексанттарды берген жөн, бірақ олардың жүйелік эффектілігі зерттелмеген.ҚНС кезінде адекватты гидротация және симтоматикалық терапия маңызды.ҚНС тен соң кем дегенде 2 аптаға дейін нейролептиктерді қолданбаған жөн.Кейін төмен потенциалды нейролептиктерді немесе экстрапирамидті жанама әсері аз жаңа топ препараттарын тағайындауға болады.Науқастың жағдайын бағалай отырып, кфк немесе лейкоцит денгейіне қарап тағайындалған препараттын дозасымен жайлап арттырады.