Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психиатрия емтихан.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?

Депрессиялық синдром облигатты симптомдардың триадасымен көрінеді: көңіл-күйдің төмендеуі, ойлау ағымының баяулауы, сөздік-қимылдық тежелу. Депрессивті синдромдардың факультативті белгілері: қабылдауда – гипестезия, иллюзиялық, дереализациялық және деперсонализациялық құбылыстар; мнестикалық үрдісте – таныстық сезімінің бұзылысы, ойлауда – ипоходриялық, өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту сипатындағы аса бағалы және сандырақтық идеялар; эмоциональды салада - қорқыныш және үрей реакциясы; қимылдық-еріктік бұзылыстар тілек пен әуестіктердің басылуы, суицидальды тенденциялар; қайғылы бет-әлпет және қалып, баяу, бәсең дауыс.

15. Психиатриядағы ургентті жағдайлар(психомоторлық қозу,тамақтан бас тарту)– науқастың өміріне, денсаулығына, сонымен қатар қоршаған ортаға қауіп төндіретін, жедел медициналық көмекті қажет ететін кенеттен дамитын жедел психопатологиялық жағдай

Психомоторлы қозу– науқастың психикалық жағдайының бұзылуына байланысты әр түрлі дәрежедегі қимыл қозғалысының және сөйлеу қабілетінің бұзылысымен (көп сөйлегіштік,сөз құрамының өзгерісі, т.б.) жүретін патологиялық жағдай.

Тамақтан бас тарту - Науқас ашық түрде тамақтан бас тартады. Тамақты күштеп берсеңде түкіріп немесе құсып тастайды. Басын ары бері бұрып, аузын ашпайды, тістерін қатты айқастырып алады. Ұзақ уақыт тамақ ішпегеннен ауыздан ацетон иісі шығып тұрады, тері тургоры төмендейді, гипотония, гипоглекемия, үлкен дәреттің болмауы, жүдеу пайда болады. Стационарда күнделікті дене салмағын өлшеп отыру керек.

16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?

Маниакальды синдром өзінің классикалық вариантында психопатологиялық симптомдардың триадасынан тұрады: 1) көңіл-күйдің көтерілуі; 2) ойлау ағымының жылдамдауы; 3) сөздік-қимылдық қозу. Бұл - синдромның облигатты (негізгі және тұрақты кездесетін) белгілері. Жоғары аффект психикалық қызметтің барлық саласына әсер етіп, екіншілік, яғни тұрақты емес маниакальды синдром белгілерінің пайда болуына алып келеді. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда - өз мүмкіндіктері мен өзтұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоционалды реакцияларда – ашушаңдық, еріктік салада – тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика, пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді.

17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?

Апато - абуликалық синдром психикалық ауру түріне жатады, ол кезде адамда эмоция болмайды, яғни оған барлық нарсе қызық болмайды- туыстары, қоршаған орта, активтілігі айтарлықтай төмендейді, науқас әрекетсіз, салғырт, оны қоршаған ортада ештеңе қызықтырмайды.

18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?

Интенсивтілігі бойынша шамадан тыс эмоциялық реакция аффект деп аталады. Аффект дәрежесіне дейін кез-келген эмоция - теріс және оң, күшеюі мүмкін. Бұл қаһар, ашу, қорқыныш немесе экстаз, энтузиазмның шегіне жеткен көрінісі болуы мүмкін.

Көрініс ерекшеліктеріне қарай аффект физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді.

Физологиялық аффектте эмоциялық жауап күші бойынша тітіркендіргішке сәйкес келеді, одан асып, реакция шыңында сана тарылуымен бірге жүруі мүмкін, бірақ өз жүріс-тұрысын бақылай алады және осы кезеңде орын алған оқиғалар жөнінде естелік қалады.