- •6.Парафренді синдромға сипаттама беріңіз.
- •7.Корсаков амнестикалық синдромға сипаттама беріңіз.
- •8.Психикалық науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы жайында түсініктеме беріңіз.
- •9.Олигофрения.Имбецильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •10.Олигофрения.Дебильділік дәрежесіне сипаттама беріңіз.
- •11.Психомоторлық қозу,анықтамасы және алғашқы көмек.
- •12. Тамақтан бас тарту анықтамасы және алғашқы көмек?
- •17.Апатико-абулиялық синдромға сипаттама беріңіз?
- •18. Физиологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •14. Депрессивті синдромға сипаттама беріңіз?
- •16. Маниакальді синдромға сипаттама беріңіз?
- •19. Патологиялық аффект сипаттама беріңіз?
- •20. Жабысқақ ойлар (обсессии) сипаттамам беріңіз?
- •21. Альцгеймер ауруына сипаттама беріңіз?
- •22. Пик ауруына сипаттама беріңіз?
- •23. Гентингтон Хорея ауруына сипаттама беріңіз?
- •24. Шизофрения. Шизофренияныңпараноидтыформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •25. Шизофрения. Шизофренияныңгебефрениялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •26. Шизофрения. Шизофренияныңкататониялықформасыжайындасипаттамаберіңіз.
- •27. Шизофренияныңағымынақарайкалайжіктеледі, сипаттмабереіңз.
- •28. Маниакальді-депрессивтіпсихозғасипаттамаберіңіз.
- •29. Типтік депрессивті ұстама сипаттама беріңіз.
- •30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.
- •31. Балалардағы аутизм.
- •33. Кекештену сипаттама беріңіз.
- •34. Энурез. Сипаттама беріңіз
- •35. Тиктер. Сипаттама беріңіз
- •36. Реактивті параноя. Сипаттама берініз
- •37. Паронояльды психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •38. Шизоидты психопатия. Сипаттама беріңіз
- •39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.
- •40. Истериялық психопатия.
- •41. Психастениялық психопатия
- •42. Олигофрения. Идиотия дәрежесі.
- •43. Деменция. Эпилептикалық деменция.
- •44. Деменция. Этиологиясы. Органикалық деменцияға сипатама беріңіз.
- •7.Нейролептиктер.Дәрілердің клиникалық сипаттамасы.
- •12. Ноотроптар. Әсер ету механизмі. Қолданылылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •13. Психостимуляторлар. Әсер ету механизмі. Өқолданылуы. Дәрілердің клиникалық сипаттамасы. Жағымсыз әсері.
- •16.Науқасқа табиғаи апат кезіндегі біріншілік көмек.
- •Салыстырмалы ерекшеліктері
- •23. Жауабы:
- •24. Жауабы
- •26. Жауабы
- •29 Жауабы:
- •31 Жауабы:
- •2.Шизофренияның емі
- •35. Жауабы
- •40. Жауабы
Салыстырмалы ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балаларда депрессия вегетативті және қозғалыстық бұзылулармен ерекшеленеді, өйткені аталған реакциялық формалар осы кезеңге тән. Бұдан да ерте жаста депрессиялар кәдімгі депрессияға ұқсамайды. Балалар әлсіз, тез шаршайды, тынышсыз, тәбеті бұзылған, дене массасы азаяды, ұйқысы бұзылады. Депрессиялық күйлер эмоционалды депрессия, анасымен байланыс үзілгенде орын алады. Мысалы, баланы емдік бөлімшеге орналастырғанда, ең алдымен, ол жылайды/үміт үзеді және қозғалыстық қоздыру күйінде болады, одан соң, әлсіздікке ұшырайды, тамақтан бас тартады, соматикалық шалдығуларға бейім болады. Осындай күйлер әдетте «аналитикалық депрессия» деп аталады. Аналитикалық депрессия анасынан ажыратылған, нашар өмір сүру жағдайында 6-12 айлық балаларда орын алады. Ол жағдай адинамия, анорексия, сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның жойылумен,психика мен моториканың төмендеуімен сипатталады. Ерте жас балаларда адинамикалық және үрейлі депрессия орын алады. Адинамикалық депрессия тез шаршау, баяу қимылдау, монотондық, қуанышты емес көңіл күймен ерекшеленеді. Үрейлі депрессия – жылауықтық, қыңырлық, негативтік, қозғалыстық тынышсыздықпен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі жастағы балаларда вегетативті және қозғалыстық шалдығулар басым, ал олардың сыртқы келбеті төмендетілген көңіл күйін білдіреді: түрі қайғылы, дауысы тыныш. Осы жаста балалардың көңіл күйі құбылып тұрады, олар денесінің түрлі жерлерінің ауырғандығы туралы шағымданады. Басым болатын шалдығуларға байланысты депрессиялар бірнеше түрге бөлінеді. Ерте жас балаларда бірінші кезекке келесі шалдығулар шығады: жүріс-тұрыс, тез шаршау, тұйықтылық, ойынға қызығушылықтың жойылуы, мектеп материалын оқу қиындығы. Кейбір балаларда тітіркену ашушаңдылық, өкпешілдік, агрессия, сабақтан себепсіз қалу орын алады. Зарығу туралы шағымданбайды. «Психосоматикалық эквиваленттер» - энурез, тәбеттің болмауы, арықтау, іш қату (запор) орын алуы мүмкін. Пубертантты жаста нақты байқалатын вегетативті шалдығуларға, бас ауруына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің болмауына, іш қатуға, тұрақты ипохондриялық шағымдануға байланысты депрессивті аффект орын алады. Ер балаларда тітіркену, қыз балаларда - жабырқаңқылық , көз жастылық, босаңдық басым болады. Пубертантты жастағы депрессияның клиникалық бейнесі ересектердің депрессивті күйлеріне ұқсас болады, алайда, идеаторлы (ассоциативті) бөгіліп қалу анық емес болады. Науқастар өз өзін айыптау және ипохондриялық шағымдану туралы ойларын белсенді айтады. Ересектердің депрессиялық синдромдарының ерекшеліктері олардың психикалық қызметіне байланысты болады және жастық эволюцияның биологиялық процестерімен түсіндіреді. Осы жастағы депрессия үшін шалдығулардың «төмендеуі мен майдалануы» тән, өткенді депрессивті өзіндік бағалау/қайта бағалау орын алмайды (өткен шақ әдетте сәтті, бақытты болып саналады), денсаулыққа, материалды қиыншықтарға деген қауіп басым болады. Бұл – жастық «құндылықтарды қайта бағалауды» анықтайды. Үлкен жастағы депрессиялар – қарапайым бөгіліп қалу (заторможенность) және үрейлі болып бөлінеді. Қарапайым депрессиялар жас келе сирек кездеседі де, үрейлі-ипохондриялық және үрейлі-сандырақтық депрессиялар саны көбейеді. Үрейлі депрессиялардың басым бөлігі 60-69 жаста орын алады. Депрессивті күйлердің барлығында ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмацы, дене массасының өзгеруі, іш қату, т.б. орын алады. Үлкен жастағы депрессияға шалдыққандар әдетте «өз өзінің өзгергендігін» сезінеді. Бірақ олар әдетте өздерінің соматикалық өзгергендігі туралы шағымданады. Психикалық анестезия сипаттары 50-ге дейін ауырғандарда басым болады, одан да кеш жаста ауырғандарға қарағанда. Нақты байқалатын бөгіліп қалу ересек жастағы депрессивті күйлерге тән емес, оларда депрессивті ступороздық күйлер әдетте кездеспейді. Үрейлі-ажитивті депрессиялар инволюциялық шақта да, одан кеш жаста да кездеседі. Үлкен жастағы науқастар депрессиясының клиникалық бейнесінде ипохондриялық сандырақтан (Котар синдромы) гөрі ипохондриялық шалдығулар жиі кездеседі, ипохондриялық мазмұндағы үрейлі қауіптер немесе түрлі соматикалық шағымдар орын алады.
20. Электроқұрыспалы терапия (ЭСТ). ЭСТ методының мәні орталық ми құрылымдарына тұрақты немесе ауыспалы электрлік токпен қысқа уақыт әсер етуі нәтижесінен эпилептикоформалық ұстама дамиды.Эпилептикоформалық ұстама даму үшін әр бір науқасқа электртогының күшімен оның экспозициясының минималды дозасы таңдалады.ЭСТ әр түрлі модификациясы қолданылады.Меролоксанттарды қолдануымен электроконфульсанттардың электродтарының биполярлы және униполярлы орнатылады.Осы нұсқасы ең таңдамалы (ұстамасыз естің жойылуымен), бірақ аз әсерлі.Төрт он екі сеансқа дейін жүргізіледі, көбінесе күн ара қолданылады.Көрсетпе: ЭСт ның қолдану көрсеткіштері ауыр және тұрақты эндогенді депрессия ұстамалы анароидты катотония,гипертониялық шизофрения, қатерлі нейролептикалық синдром, психофармакотерапияға психикалық бұзылыстардың резистенттілігі.ЭСТ асқынуларына тыныс алудың тоқтауы,жүрек жұмысының бұзылысы.Қимыл апаратының зақымдалуы (сүйек сынықтары,омыртқа жарығы,буындарының шығуы,сіңірлердің үзілуі), ес бұзылыстары болуы мүмкін.ЭСТ ның негізгі қарсы көрсеткіштері: эпилепсия, бас миының органикалық бұзылысы, сүйек буын жүйесінің ауыр патологиясы.
21. Инсулинді-коматозды терапия.Көрсетпелері мен қарсы көрсетпелері Гипоглекемиялық кома немесе субкоматозды жағдайға алып келу үшін инсулиндікоматозды терапияны күн сайын аз мөлшерде енгізіп отырады.
Көп жағдайда ол инсулиндің мөлшерін 60-120 бірлікті құрайды. Анықталған мөлшерді күн сайын науқасқа енгізіп отырады. Коматоздық жағдай басталғаннан кейін глюкозаны көктамыр ішіне жіберіп, тәтті ішімдік, танғы ас, углеводқа бай тамақ пен беріліп отырады.Инсулинокоматозды терапияны 12 ден 30 сеансқа дейін беріліп отырады. Көрсеткіш; параноидты шизофрения ( жыл бойы ұстама тәрізді шизофрения) егер клиникалык көрінісінде үлкен орынды параноидты галлюцинация бұзылысы болса немесе психотропты дәрілерге толеранттылығы жоғары болса, паранояльды сандырақ кезінде инсуліндік терапия аз эффектілі.Бұл терапияның асқынуына жататындар созылмалы кома , қайталамалы кома, эпилептикалық талу,семіздік. Қарсы көрсеткіштер; артык салмак кант диабеті
22. Олигофрениямен науқастардың емі медициналык және педагогикалық іс-шараларды кеңiнен қолдану арқылы кешенді және индивидуальды жүргізілуі қажет.
Витаминотерапия (В тобының витаминдері), гаммалон (аминалон), глутамин қышқылы, церебролизин, гипертензионды синдром кезінде – дегидратациялық терапия қолданылады. Ми қызметiн ынталандыратын және церебральды метаболизмдi белсендендіретін дәрiлік заттар кеңiнен қолданылады.
Психотикалық декомпенсация орын алғанда индивидуальды дозаларда нейролептиктер тағайындалады: седуксен, аминазин, френолон, трифтазин, галоперидол, этаперазин, финлепсин (дисфориялар кезінде, агрессиялық реакцияларда, тырысулық ұстамаларда). Олигофрения терапиясындағы негiзгi бағыттың бiрi емдік-педагогикалық шаралар комплексін жүргiзу болып табылады. Олигофрендерді арнайы бағдарлама және әдіс бойынша мақсатты тәрбиелеу және оқыту неғұрлым ерте басталса, соғұрлым олардың әрi қарай еңбекке орналасуы және адаптациясы сәтті шығады. Бұл науқастардың жүріс-тұрысын коррекциялау, оларда өзін күту дағдыларын түзу, адаптациялық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып табылады, бұл қызмет түрі интеллектуальды ақаулардың тұрақтылығы мен қайтымсыздығына байланысты шектеулі болғанымен қандай-да бір дәрежеде тиімділік көрсетеді.
