Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психиатрия емтихан.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

39. Қозғыш психопатия. Сипаттама беріңіз.

Қозғыштық психопатия.  Псих-ң бұл формасы науқас мудделеріне сәйкес келмейтін және наукастың ойынша оның құқығы тапталған жағдайларда тітіркену ,наризалық және ашу коріністерімен күшті аффект күйімен ерекшеленеді. Науқас үшін эмоциональды маңызы жоқ жағдайларда оның аффективті реакциялары толығымен адекватты болу мумкін

Бұл топтағы адам тез бұрқ ете қалуымен, әсершілдігі жағынан қозушылықпен, ұзалы тітіркендіруге мейілінше дайын тұруымен сипатталады; сондықтан мұндай адамды бұрқ ете қалатын немесе эксплозивті, психопат адам деп атайды. Болар-болмас нәрсеге ондай адамда күшті ызалы әсер туады, осыған орай ол маңайдаңыларға айқайлап, оларды балағаттап, қарғыс жаудырып қоймай, тікелей өшпенді әрекетке ауысады; сиясауытты лақтырып жібереді, орындықты сілтеп қалады, тұншықтыруға әрекеттенеді, пышақ ала жүгіреді және басқада әрекеттер жасайды. Қозғыш топтағы психопатиялық адам ұстамсыз жанжалға үйірлігіне, маңайдағылармен үнемі қақтығыса беретініне байланысты соттық – психиатриялық практикада емдеу практикасына қарағанда едәуір жиі кездеседі.

40. Истериялық психопатия.

Истериялық психопатия сыртқы эффектке бағытталған, ерекше жүріс-тұрыспен және истериялық реакциялармен көрінеді. Истериялық жүріс-тұрыс формасы театральдылықпен, жасандылықпен, өзіне тән емес қабілеттер мен қасиеттерді иемденіп өз әрекетін пайдалы жағынан көрсетумен немесе өзі басты, жиі ерлік іс жасаушы рөлде болатын әртүрлі болмаған оқиғаларды ойдан шығарумен сипаталады. Жиі ситуацияға және науқастың ұстанымына байланысты жүріс-тұрыстың истериялық формасы жеңіл өзгеріске ұшырайды. Егер белгілі бір ситуацияда ыңғайлы және ұтымды болып табылса, науқастар өздеріне аяушылық сезімін шақыру үшін өздерін аса қарапайым көрсетеді. Оларға әрқашан өздеріне көңіл аудартуға талпыныс тән, ерекше бет-әлпетімен, жесттерімен, киім киісімен өздеріне қажет рөлге сәйкестенеді. Бұл адамдар көпшіл, өзгелермен жеңіл танысады. Олардың қызығушылықтары мен үйірліктері тұрақсыз болып келеді. Оның барлығы олардың эгоцентриялық ұстанымдарына қаншалықты дәрежеде сәйкес келетіндігіне байланысты. Истериялық тұлғалар ұзаққа созылатын қатаң жағдайларға көне алмайды, олардың қызығушылығы беткей сипатта, ал өзге адамдарға үйірлік және лояльдылық сезімі өздерінің қызығушылықтарына қарсы қайшылық туғанға дейін жалғасады. Истериялық психопатиямен науқастардағы тұлға аралық қатынастарды түзудегі мұндай принциптер мен мотивтер жиі жанұяда және жұмыс орнында қақтығыстар туындауына және оларда декомпенсация дамуына және адаптацияның бұзылуына алып келеді. Олар шектен тыс аффективті реакцияларға бейім болады. Декомпенсация кезінде әртүрлі истериялық көріністер бақыланады: истериялық афазия, афония, естен танулар, әртүрлі ұстамалар, блефароспазм және т.б.

41. Психастениялық психопатия

Психастениялық тұлға ядросы үрейшілдік және өз-өзіне сенімсіздік болып табылады. Мұндай науқастарға бала кезінен ұялшақтық, әсершілдік, не істесе де дұрыстығына күмәндану тән. Мектепте тақтаға шығып сабақ айтқанда оқығанын ұмытып қаламын ба деп қорқады, ал қонақта, қателік жіберемін бе деп артық сөйлеуге қорқады. Есейгенде олар барлығына үнемі күмәнданады, өзіне, іс-әрекетінің дұрыстығына сенбейді, адамдармен қатынаста жасқаншақ, сенімсіз. Оларға тәуекелшілдік, спонтанды әрекет тән емес. Бір қадам жасар алдында, олар көп қиналып, ойланып бағалайды, оның дұрыстығына күдіктенеді.