Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
психиатрия емтихан.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

30. Маникальлы ұстама сипаттама беріңіз.

Маниакальды күй дамуының алдында күш ағыны, жоғары сөзшеңдік, әрекеттілік, белсенділік артуымен сипатталатын гипоманиакальды аффект көрініс береді. Мұндай күйдегі науқастар ерекше ішкі шабытты сезінеді, олар көңілді, жиі күледі, күшті тәбеттерімен ерекшеленеді, аз ұйықтайды, тәулігіне 5 – 6 сағат ұйықтаса да өзін сергек, қуатты сезінеді. Науқастарда маниакальды күй белгілер триадасымен сипатталады: көтеріңкі көңіл – күй, ойлау үрдісінің жылдамдаған ағымымен, қимыл – қозғалыстық белсенділіктің артуы. Науқастар әр нәрсеге кірісіп кетеді, түрлі жоспарлар құрады. Айқын байқалатын маниакальды күйлерде аса алаңдағыштық әсерінен олардың әрекеттерінің мақсаттылығы жоғалады, қимылдық қозу күшейе түседі. Бұл жағдайда науқастар өздерін жоғары бағалайды. Өздерінің керемет қабілеттілігі, дарындылығын жариялайды. Кейбір жағдайларда ұлылық сандырақтық идеялары дамуы мүмкін (шығармашылдық, реформаторлық). Дегенмен маниакальды күйдегі науқастардың сандырақтық идеялары олардың аффективті күйлермен тығыз байланысты. Психикалық күйі: әнгімеге белсенді қатысады, сөздері монолог сипатында, өз инициативасы бойынша сөйлейді, дәрігердің сөзін бөле береді. Сөзі жылдамдаған, қатты дауыспен сөйлейді, мәнерлі, жиі жүріс-тұрысы жасанды түрде балаларға тән сипатта. Көңіл – күйі көтеріңкі, тітіркенгіштікке тез ауысады, «анасы мен әкесінің» алдында кінәлімін дейді. Жоғары алаңдағыштық байқалады: ассоциация бойынша бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауытқып отырады. Өзін күйіне сыни көзқараспен қарайды, оны «күлкілі» жағдай деп атап, оған жедел түрде көмек көрсетуді сұранады, ем және зерттеу үрдісіне белсенді кірісіп кетті. Бөлімшеде науқастармен тез танысып, араласып кетті, өлеңдерін ләззат ала оқиды, кейде өлеңдерінің сипаты құлаққа оғаш, кейде тітіркенгіш, ызалы күйге түседі. Ем нәтижесінде сабырлана түсіп, өзінің әрекеттерін реттей алатын жағдайға жетті. Атипті маниакальды күйлердің ішінен көңілді манияларды (бірінші кезекте көңілді, көтерінкі көңіл – күй), өнімсіз манияларды (науқастар әртүрлі істерге кіріседі, бірақ олардың біреуін де аяғына дейін жеткізбейді), шатасқан манияларды (идеялар секірмелілігімен идеаторлы қозу айқын байқалады), ызалы манияларды (жоғары тітіркенгіштікпен, ызамен жүреді) ажыратады. Кейде басқа да атипті маниакальды күйлер кездеседі. Жоғары психикалық және моторлы белсенділік жағдйында науқастарда көтеріңкі көңіл – күй бақыланбайды. Олардың күйінде тітіркенгіштік, қозғыштық және ызалылық басым болады.

31. Балалардағы аутизм.

Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер. Аутизм себептері: Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады. Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты: Баланың жеке мінезінеКөру мен есту кемістігінеЗияттың жетілмеуінеСөйлеу аппаратының бұзылғандығынаНевротикалық өзгерістергеҰзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм) Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді. Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:т жалғыздықты жақсы көруешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеумимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауыбағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керекэмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпаубіркелкі қимылдарды қайталай береді. Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады.

32. Балалардағы жүріс-тұрыстың гиперкинетикалық бұзылысына сипаттама беріңіз. Гиперкинетикалық (қозу) Тежелу тәрізді психоз жағдайларына тән.

Кататоникалық қозу-мағынасыз мақсатсыз қозу. 3 ке бөлінеді: -патетикалық-сөйлеу және қозғалыстың біртіндеп дамуымен жүретін қозу. Бұл кезде сөз оғаш, жоғары жұпты эхолалия, себепсіз күлу байқалады.

-Импульсивті-жедел басталады, эхолария, эхопраксия, персеверация тән.

-Үнсіз-мағынасыз, бағдарсыз қозу агрессия және ызамен қатар жүреді.

• Истериялық қозу-әрқашан психогенді себептермен шақырылады және театралды, демонстративті болады.

• Гебефрениялық синдром-катотонияға ұқсас. Науқастар келемеждейді, гримасалар жасайды, бада тәрізді сөйлейді, аунайды , билейді.

Маниакальді қозу-көңіл-күй көтеріңкі болады, аса белсенді, қозғалғыш шаршамайды, көп және дауыстап сөйлейді. Барлық жерде шу шығарып, барлық істің ортасында журеді. Ойына келген істерін жылдам жүзеге асырады. Егер осындай науқастарды фотоға түсіріп алса, белгілі бір іс тындырып жатқан адам бейнесін көруге болады.

Ажиатация-мазасыздықпен сағыныш билейді. Жаны ауырып, көмек күтеді. Өзіне өзі зақым келтіріп, суицидке баруы мүмкін.

Галлюцинаторлы-сандырақтық қозу-мазмұны қорқынышты галлюцинацилар, соңына түсу, әсер ету, қызғаныш және тағы басқа идеялар болуы мүмкін.