Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ком жауап.docx.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

4.Дәрігерде қандай қасиеттер болуы керек?

Дәрігердің басқарушы, билеуші болу үлгісі хирургия, акушерия мен гинекология, стоматология және травматология салаларында басым болады. Әрине, лидерлік рольді атқару, дәрігерге жоғары талап қояды: беделді болуы, білімі, біліктілігі және білгерлігі ешқандай күмән келтірмеуі, т.б. Бұл қарым-қатынас түрінің кемшілігі - науқастың белсенді еместігі және үнемі, емделгеннен кейін де дәрігерге тәуелді болуы.

  • Бұл дәрігерлік қарым-қатынастың белсенді немесе одақтас түрі, емдеу процесіне науқастың белсенді түрде қатынасуын мүмкін етіп, оның ем таңдауда дербестігін және жауапкершілігін дамытады. Бұл ынтымақтастық қатынас, ауруға қарсы күрес жүргізген науқастарда нәтижелі болады. Дәрігердің іс-әрекеті пікірлесуге, соңғы шешімді өзі қабылдауға даярлыққа бағытгалған. Басталқы кезде дәрігер, қатынас құруға оның басқару түрін қолданып, кейін ол серіктес қатынасқа көшуі мүмкін. Дәрігердің негізгі 7 қасиеті болуы тиіс

  • Сенімділік науқас сенімсіздікті сезетін болса күдікпен қарайтын болады

  • Кішіпейілділік науқасқа көрсетілген құрмет емнің тиімді болуына әсер етеді

  • Адамгершілік адами қасиеттердің дәрігер бйында болуы тиіс

  • Шыншыл науқас өзі жайлы ақпараттарды білуге құқылы

  • Ұқыптылық дәрәгер әр дайым таза өз жұмысына ұқыпты болуы тиіс

5.Дәрігерде қандай моральді принциптері болуы керек?

1.Науқас абройын құрметтеу,жауапкершілік.

2.Науқасқа зиян келтірмеу.

3.Жақсылық жасау,қайырымдылық,мейірімділік.

4.Әділдік,дәрігерлік құпияны сақтау, адам құқығын қүрметтеу принциптері болуы керек.

6.Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуді қалай жүргізесіз?

Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуде қазіргі уақыттағы ерекшеліктері, денсаулық мектебін ұйымдастыру болып табылады. Атап айтқанда, гепатитпен ауырған науқастарға денсаулық мектебін ұйымдастыру.

Денсаулық мектебі. Ұйымдастыру кезеңі. Пациентермен танысу.

Пациентердің тобын (6-8адам) столдың басына, немесе, жарты шеңбер құрып отырғызады және бір бірімен таныстырады. Ең бірінші сабақ жүргізетін әдіскер өзін таныстырады. Содан кейін, әр пациент төмендегі жоспармен өздерін таныстырады, аты( топта оны қалай атауға болады), жасы, ауырғанына қанша уақыт болғандығы, бұрын бауыр ауруы бойынша денсаулық мектебінде оқыды ма, жұмыс істей ме, немесе оқу оқи ма, диета ұстай ма, зиянды әдеттері бар ма, мөлшерленген тұлғалық жүктемелер жасай ма, жоқ па, қандай дәрілерді қолданады(таблетка, инъекция), емге қаннағаттана ма,қандай қиыншылықтар бар? Осындай сұрақтар қойылған анкетаны, ауру мектепке жазылуға келгенде толтыруын сұрауға болады. Олардағы ақпараттар топты құруға көмектеседі және ауруларға өзін алғашқы таныстыруын жеңілдетеді. Егер сабақта аурудың туысы қатысып отырса, ол аурудың проблемасын айтады. Өзін алғашқы таныстыру үшін әр ауруға 3 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Топтың жұмысы жемісті болуы үшін әдіскер алдын ала плакатқа, немесе дискіге жазылып дайындалған «топтағы жұмыс ережесімен» таныстырады және олардың жұмыс барысындағы маңызымен түсіндіреді.

  • Сабақтан қалмау

  • Кешікпеу

  • Жарысып немесе бөгде сөздерді сөйлемеу

  • Тілектестік қарым қатынас білдіру

  • Топтың жұмысына белсенді түрде араласу

  • Өз ойың ашық айту, «мен» деген сөзді пайдаланып пікірін дұрыс деп түсіндіру.

Бұл тізімге аурулардың ұсынған бірнеше ұсыныстарын қосуға болады. Содан кейін ұйымдастыру ақпаратын хабарлайды, сабақ кестесі және жоспары, керекті құрал жабдықтар және т.б.

7. Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуде дәрігердің мінез сипатының ерекшеліктері қандай болуы тиіс?

Науқас адаммен қарым-қатынасы нәтижелі болу үшін дәрігер ерекше жағдай жасауы кажет: бетпе-бет, жеке бөлмеде, тыныштықта кездесуі, толық назар аударып, басқа жұмыспен айналысуы, жайлы қарама - қарсы тиісті кашықтықта отыруы (1-3 метр), телефонмен сөйлеспеуі, сағатқа қарамауы. Сонымен қатар, дәрігердің позасы (денесінің қалпы), жесттері, мимикасы да маңызды болады.

Дәрігердің тәртібі, жүріс-тұрысы өте маңызды орын алады: әдептілігі, адамды тындай білуі, оның ойын тиісті арнаға бағыттауы, сеніміне кіруі, т.б. Сондықтан, дәрігер мамандығы одан артистік, педагогтік және тәрбиеші болу қасиеттерін талап етеді.

Ұйымдастыру жұмыстары дәрігерлердің қоршаған ортадағы науқастардың ауруларынан айықтыру мақсатында түрлі жұмыстар жасайды.Мәселен созылмалы ауруларға қарсы санбюлитеньдер ілінеді және оларды алдын-алу үшін өкімет тарапынан тегін дәрігерлік көмектер мен тегін дәрумендер мен дәрілер беріледі.

8.Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпаратпен қамтамасыз етуге кедергі келтіретін проблемалар?

Дәрігердің ақпаратты дұрыс жеткізе алмауы;

Науқастың дәрігерді тыңдамауы;

Науқастың емге деген сенімің болмауы;

Науқастың өз ойын ашық жеткізе алмауы;

Науқастың уақытылы дәрігермен кеңесуге келмеуі;

Науқастың өз денсаулығына дұрыс көңіл бөлмеуі;

Дәрігердің науқас сеніміне ие бола алмауы;

Аурудың қаншалықты қауіпті екенін жеткізе алмауы